351
Кəмпит массасын дайындау
Помада массасын дайындау. Помада (қантсықпа) деп сұйық
жəне қатты заттардан тұратын, əсем, созылғыш қоспаны айтады.
Оның құрамында ұсақ ауа көбіршіктері болады. Олар помадаға ақ
түс беріп, көркемді көбіршіктеніп тұруына себепкер болады.
Қатты заттар тобына
сахарозаның кристалдары жатады, ал сұйық
заттар тобына қанттардың қаныққан ертіндісі – сахароза, глюкоза,
фруктоза, уыт қанты мальтоза жəне декстриндер ертіндісі жатады.
Егер оған шырын қосылса, ол өте қою сұйық зат түрінде қалады.
Міне, сондықтан адамның аузында тез еріп кетеді.
Помада жасауға ең негізгі шикізат ретінде құмшекерді қолданады,
ал оны кристалданудан сақтау үшін крахмал сірнесін қосады. Осы
шығарылған помаданы екі түрге бөлуге болады:
жай немесе қант
помадасы жəне сүт пен қанттан істелген сүт помадасы. Осы пома-
далар кəмпит жасауға керекті жартылай фабрикаттар (дүмбілі) деп
аталады. Оған дəмдік, қош иісті жəне бояу заттар қосылады. Дəмдік
жəне хош иісті заттар ретінде жеміс-жидек қорлары, қайнатпалар,
қуырылған жаңғақ, какао ұнтағы,
қышқылдар, шарап, эссенция, т.б.
заттар қосылады. Сүт помадасына сары май, езілген жаңғақ, какао
ұнтағы, шарап, эссенция да қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: