78
бөлшектерін айырып алуға тырысады. Бірінші жүйеде алынған жар-
ма түріндегі эндоспермді келесі жүйелерге қабыршықтарынан таза-
лап ұнтақтауға, яғни ұн алуға жібереді.
Дəнді тарту тəсілдеріне байланысты əр
ұнның шығымы,
оның сұрыптары, оларды мөлшері арнаулы ережелер бойынша
анықталады. Бұл ережелерде ұнның жалпы шығымы, əр сұрыптың
шығымы, қосалқы заттардың мөлшері, кебектің түсімі көрсетіледі.
Олардың мөлшері бидай мен қара
бидайдың негізі тұрақты
көрсеткіштеріне байланысты. Ол негізі көрсеткіштердің: ылғалдығы
– 14,5%, күлділігі – 1,97%, шөп-шалаң қоспалары – 1%, оның ішінде
тас-балшық қоспалары – 0,1%, дəнді қоспалары – 1%, көлемдік
өлшемі –бидай үшін 750г/л, қара бидай үшін 700 г/л тең (28, 29,
30-кестелер).
Ұн – ең бағалы дəнді ұнтақтау арқылы алынған зат. Оны нан
пісіруге, макарон, кондитерлік, т.б. заттар жасауға пайдаланады.
Ұнның жəне одан жасалған заттардың тағамдық құны оның химиялық
құрамы мен наубайханалық жəне макарондық
қасиеттері арқылы
бағаланады. Бұлардың өзі дəннің технологиялық қасиеттерімен
жəне ұн зауыттарында қолданылатын ұн тарту тəсілдерімен тығыз
байланысты. 1.28-кестеде əртүрлі ұнның орташа химиялық құрамы,
физикалық, биохимиялық жəне наубайханалық қасиеттері берілген.
Бұл көрсеткіштер бидай жəне қара бидай ұндарының тағамдық құны
жоғары екенін көрсетеді. Олардың құрамында керекті химиялық
қоспалар, витаминдер мен минералдық заттар болады.
Сұрыпы əртүрлі бидай жəне
қара бидай ұндарын салысты-
рып қарасақ, жай ұнның химиялық құрамы дəннің химиялық
құрамына жақын екені көрінеді. Дəнге қарағанда аздап болса да,
қабыршықтарын бөліп шығарудың арқасында жай ұнның күлділігі
тек қана
79
1.28-кесте. Қара бидай жəне бидай мен қара бидай қоспаларынан
наубайханалық ұн алу тəсілдері, негізгі шығымдары, (% есебімен)
Ұн алу
тəсілдері
бойынша
шығатын
Достарыңызбен бөлісу: