Пайда болу уәжі:
Фразеологизмдердің уәжділік тұрғысынан зерттелуі. Тіл білімінде фразеологияның теориялық, практикалық мәселелері (В.В.Виноградов, Н.М.Шанский, І.Кеңесбаев, А.Ә.Байтелиев), фразеологизмдердің жеке тақырыптық топтары (В.Н.Телия, Р.Н.Попов, С.К.Сатенова, Ш.Б.Сейітова), фразеологизмдерді мағыналық, тақырыптық топтастыру принциптері (З.Г.Ураксин, Ә.Қайдар, Р.Жайсақова), диалектілік сипаты (Қ.Қалыбаева), фразеологизмдердегі варианттылық құбылысы (Г.Смағұлова), түркі тілдері материалдары бойынша салғастыра зерттеу (С.Муратов, А.Нұрмаханов), фразеологизмдердердің стилдік ерекшеліктерін ашу, тілдік және поэтикалық табиғатын таныту (Р.Сыздық, Р.Сәрсенбаев, Ө.Айтбаев, Е.Жанпейісов, Н.Уәлиұлы) т.б. аспектілерде қарастырылып, теориялық тұрғыдан жан-жақты сөз болды.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің уәжділік сипаты Н.Уәлиұлының, С.Сәтенованың, Б.К.Уызбаеваның, Қ.Ғабитханұлының, Г.Сағидолланың, Ш.Б.Сейітованың т.б. зертеулерінде қарастырылған. Мәселен, фразеологизмдердің уәжділік мәселесін арнайы зерттеген Ж.Д. Байтелиева Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі атты зерттеуінде уәжділіктің жасы мен жынысына қатысты уәжділік, тегі мен табиғи ерекшеліктеріне қатысты уәжділік, жылқы шаруашылығына қатысты уәжділік, дене мүшелері мен атауларына қатысты уәжділік, ат абзелдеріне қатысты уәжділік тәрізді түрлерін көрсетеді.
Формасына байланысты уәжделген фразеологизмдер. Табиғаттағы заттар мен жасанды заттар да бір-бірінен формасы арқылы ажыратылады. Адам танымының осы бір ерекшелігі қолөнеріне байланысты қалыптасқан фразеологизмде айқын байқалады. Олардың басым көпшілігі адамды сипаттауға қолданылады. Мысалы: айбалтаның сабындай - жұп-жұмыр, әдемі білекті. Бақыр бас - үлкен басты. Тура мағынасында басы шелектей деген ұғымды білдіреді. Шелек ертеде бақырдан (мыстан) жасалған.
Салт-дәстүрге байланысты уәжделген фразеологизмдер. Күнделікті тұрмыста, салт-дәстүрде берік орын алған бірсыпыра зат, бұйымдар атқаратын қызметіне, белгілі бір наным-сенімге т.б. байланысты болып, фразеологизмдердің этномәдени уәжділігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |