XIX ғасырдың II-ші жартысы мен XX ғасырдың басында
Қазақ тіліне тікелей қатысты сөздіктер (аударма сөздіктер) жасала бастаған.
В.В. Радлов
«Опыт словаря тюркских наречий», (1888-1911) атты төрт томдық сөздігі
Л.З. Будагов
«Сравнительный словарь турецко-татарких наречий» (1869, 1871) деп аталатын екі томдық сөздігі
XIX ғасырдың II-ші жартысында Н.И. Ильминский
Қазақ тілінің сөз байлығын аударма түрде сөздік етіп шығару тәжірибесі XIX ғасырдың II-ші жартысында «Материалы к изучению киргизского наречия» (1861) еңбегіндегі сөздіктен басталады.
Кеңес жылдары
1946 екі том «Орысша-қазақша сөздік», ал 1954 жылы бір томдық үлкен «Орысша-қазақша сөздік» (50000 сөз, редакциясын басқарған Н.Т. Сауранбаев), Х. Махмудов пен Ғ. Мұсабаевтың шағын “Қазақша-орысша сөздігі” (1954) [3, 224-225], “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959 — 74), “Орфографиялық сөздік” (1963), “Абай тілі сөздігі” (1968), “Диалектологиялық сөздік” (1969), “Этимологиялық сөздік” (1996), терминол. сөздіктер (“Тау-кен ісі терминдерінің қысқаша орысша- қазақша сөздігі”, 1959; “Орысша-қазақша терминология сөздігі. Экономика, философия”, 1962), т.б. болып жалғаса берді.Қазақ лексикографиясы соңғы жарты ғасыр ішінде тек сан жағынан ғана көбейіп өсіп қойған жоқ, сөздіктің түр-түрі де молайды. 40-50 жылдары шыққан сөздіктер мен соңғы жылдары жарык, көрген сөздіктер тек көлем жагынан ғана емес, сапасы жағынан да анағұрлым ілгеріледі.