Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Сөздік, оның түрлері, лингвистикалық сөздіктердің ерекшеліктерін концептуалды кестеге салып көрсетіңіз



бет40/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
Байланысты:
?àç³ðã³ ?àçà? ò³ë³í³? ëåêñèêîëîãèÿñû ìåí äèàëåêòîëîãèÿñû Åìòèõàí

59. Сөздік, оның түрлері, лингвистикалық сөздіктердің ерекшеліктерін концептуалды кестеге салып көрсетіңіз.
Тілдегі сөздер мен фразеологиялық тіркестерді жинап-теріп, оларды жүйеге келтіру жұмыстарын тексеретін тіл білімінің саласын лексикография дейді. Яғни бұл сөздік жасаудың методикасы мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз.
Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми түрғыдан қорытындылаудың негізінде, лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-катынаста болатын егіз ғылым. Сездіктердің сапасы осы ғылымдардың қаншалықты және қандай дәрежеде зерттелуіне байланысты. Зерттеу жұмыстары неғұрлым жорары әрі жемісті болса, шығарылран сөздіктер де сорұрлым сапалы болмақ. Бүгінгі таңда сөздіктің практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапасына да ерекше назар аударылады.
Сөзік – белгілі бір тілдің сөздік құрамындағы жалпы я белгілі бір саладағы жеке сөздердің алфавиттік тәсілмен тізіліп, жүйеге түскен түрі.
Сөздік кітап болып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп тарауы да мүмкін. Мұндай сөздіктердің жинақты аты – лексикография деп алынады.
Сөздік деген термин – басында бір ғана мағыналы атау болғанымен, қазір түрлі мәнді, кең мағыналы сөз. Бұл жалпы мағынада сөздік қор деген ұғымды да түгел қамтиды. Мұны көне түркі тілдерінде лұғат деп те атаған. Сөйтіп сөздікке төмендегідей анықтама беруге болады:

  1. Жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы;

  2. Тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралмасы;

Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында ерте заманда жасалды. Грекияда б.з.б 5 ғасырда, Үндістанда б.з 12 ғасырында “Хемачандра”, Ресейде 13 ғасырдан бастап сөздіктер құрастырылды.
Түркі халықтарының алғашқы сөздігі 11 ғасырда жазылған Махмұт Қашқаридың “Диуани Лұғат ит-турк” еңбегі саналады.
Сөздіктің түрлері:
Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде оларды лингвистикалық, филологиялық және анықтама сипатындағы энциклопедиялық сөздіктер деп бөледі. Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталса, Лингвистикалық сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. Мұндай сөздіктер әдеби тілдің әбден қалыптасып, халықтың тіл мәдениеті кемелденген тұста, сөз байлығын нормалық тұрғыдан сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда жасалады.
Лингвистикалық сөздіктердің түрлері тіл-тілде өте-мөте көп. Олар әралуан мақсат-мүддеге лайықталып жасалады. Лингвистикалық сөздіктер бір тілдік, екі тілдік және көп тілдік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік бір тілдің өз сөзімен түсіндіріледі Ал, екі немесе көп тілдік сөздіктер өзге тілдердің сэздерімен түсіндіріледі. Бір тілдік лингвистикалық сөздіктер академиялық нормативті сөздік және анықтағыш сөздік болып іштей екі салаға жіктеледі.
Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді, не көп тілді аударма сөздіктер т.б Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа тілдің балама сөздерімен беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара қарым-қатынас жасауды дамытса, түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-грамматикалық сипатын, экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды ақпараттық дереккөздерін сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады.
Сөздіктің түрлері:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет