57. Фразеологизмдердің пайда болу негіздері мен уәжін мысалдармен дәйектеңіз. Құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі. Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сез аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев) деп атаған.
Еркін тіркестердің түрақталуы негізіде пайда болуы
Халыктың әлеуметтік өмірі мен түрмыс-тіршілігіндегі белгілі бір ссбептерге катысты пайда болуы.
Діни ұғымға, ескі түсінікке байланысты пайда болуы.
Төрт түлікке катысты пайда болуы.
Уакыт, кашыктык мөлшеріне катысты пайда болуы.
Кірме фразеологизмдер.
Қазак халкы көшіп-конып көшпенділік дәуірді ұзақ уакыт басынан өткізгендігі белгілі. Олар жаз жайлауда, кыс кыстауда, күз күзекте бірден-бірге көшіп-конып жүргенде, уакыт мерзімін, ұзындык пен колемді калай өлшеп білген деген заңды сұрау туады. Сол заманда біздің халкымыздын уакытты сағатпен, көлем мен салмакты таразымен, ұзындык пен кеністікті метрмен өлшеуге элі онша дагдыланбаған, үйренбеген кезі еді. Сол заманның тұрмыс-тіршілігіне лайык өз өлшемдері болгандыгын тілдегі өлшемдік ұгымды білдіретін кыруар создер мен тұракты сөз тіркестері аркылы танып білуге болады.
Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі эдет-гұрыптарга байланысты жасалган. Мысалы, ант су ішті, аруак (кұдай дэм) атсын, бата кылды (окыды), бір тарының кауызына сыйгызды, дін мұсылман ағайын, діні катты, жазмыштан озмыш жок, жан таласты, жетісін берді, кыркын бсрді, пітір берді, атастырыи койды, бесік кұда т.б.
Кейбір тұракты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи окигалар негіз болган. Мысалы, кайда барса да Қоркыттың көрі; Есімханның ескі жолы, Қасымханның каска жолы; шынжыр балак, шұбар төс; жар салды, сауын айтты, жеті атасынан кара көк т.б.
Фразеологизмдердің біркатары өзге тілден енген кірме фразеологизмдер. Олар бірнеше жолмен ауыскан. Біріншіден. еш өзгеріссіз, даяр калыпында алынгандар: алла тагала- күдіретті күшті алла, эмәнтү биллаһи-аллага иман келтіру т.б.
Қазак тілінің фонетикалык заңдылыктарына бейімделіп, даяр калыпында қабылданган кірме фразеологнзмдер. Мысалы, парсы тілінен енген фразеологизмдер дос-дұшпан (дуст- дошман), мама сиыр (сүтті сиыр) т.б.
Біраз фразеологизмдер баска тілден калька жолымен аудару аркылы жасалган фразеологизмдер. Мысалы, Авгейдің аткорасы, Варфолемей түні т.б.
Көрнскті тұлғалардың канатты сөздерінен пайда болған фразеологизмдер: асау жүрек, ғашыктык тілі т.б. Бұның бәрі қазақ тілінің фразеологиялык корын молайту жолдары болып табылады.
Мысалы, Ана сөзі ұғым бойынша – шеше. (Ананың ақ сүтін ақтау). Бұл адамдардың бəрі білетін ең негізгі басты сипаты. Бірақ бұл ұғыммен қатар Ана туралы басқа да түсініктер бар. Мəселен, Анаға қатысты тілімізде бағалауыштық, коннотативтік бірліктер, мақал-мəтелдер, фразеологиялық тіркестер, нақыл сөздер мен афоризмдер қалыптасқан. («Ананың көзі – балада, баланың көзі – далада»; «Анаңды Меккеге үш рет жаяу апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың» «Анасын көріп, қызын ал»; Ақ жаулық»; «Ел анасы»;) Демек, Ана ұғымын тереңдететін, нақтылай түсетін, жан-жақты сипаттайтын басқа қосымша мəнді, қажетті мəдени мағлұматтар арқылы менталдық деректер жинақталған.