Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет27/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Көше шетіндегі ығы-жығы халықты көрген Саймасай 
деген журналист жігіт арғы беттен қарғып өтіп, соларға 
қосылды. Мойынын созып, ортаға қарай ентелеп жатқан 
адамдардан:
– Не болды? – деп сұрады.
– Машина қағып кетіпті. Дорожная правиланы білмей-
ді ғой, ақымақ! — деп мысқылдады біреу.
Əйтеуір орайын тауып, ортаға жетуді ойлаған Сайма-
сай:
– Қане, былай тұрыңдар! Маған жол беріңдер! – деді да-
уыстап.
– Сіз кім боласыз?
– Мен бе? Мына марқұмның бауырымын.
– Жақсы танисыз ба? – деді əлгі кісі мұртынан күліп.
– Танығаның не? Жерлеспіз. Екеуміз бір ауылданбыз! – 
деп өтірікті соғып жіберді.
Екіге жарылған ел-жұрттың арасынан ебін тауып ор-
таға барса... Масқара-ай! Есек өліп жатыр екен.
 
 
 
 
(Əзіл-шыны аралас əңгіме) 
Ойқастаған өмірдің бəрі де ойын,
Қойшысына сенеді кəрі қойың.
Абыройсыз шыбышың арқа тұтар,
Ай мүйізді текенің абыройын.
Қара суың көл болды сайға барып,
Аквариумда жүзіп жүр майда балық.
Есектерің ертерек қашыр болды,
Абыройын айғырдың пайдаланып.
Алаяқтың сөзіне нанасың көп,
Айта алмайсың алайда «Бəлесің!» деп.
Танымайтын дөкейге ие болып,
Мақтанады сыртынан нағашым деп.


93
№50
Ж±МА С¦ЛЕМ
Сонау 1988 жылдың көктемінде ауылға барсам, есік ал-
дындағы ескі үйді өзбектер тері тон тігетін цехқа айнал-
дырыпты. Жалға емес, пайдалануға тегін берілген қоржын 
тамның өтемін ойлады ма, əлде əкемнің көңілінен шыққысы 
келді ме, əйтеуір екі өзбек елбелектеп маған тері тон сый-
лады. Киіп көрсем, тарлау екен.
– Бұдан сəл-пəл кеңдеу болса ғой, – деп қара тонды өзде-
ріне қайырып ем:
– Бұйырғаны осы шығар, балам. Қолдарын қайтарма! – 
деді əкем. 
– Бопты, көке. Сізге шақтап тон тігіп қоямыз, – деп өз-
бектер тонды алып қалды.
Сол жылы күзде оралсам, өзбектер Тəшкентіне кетіп 
қалыпты. 
... Тар тонға да зар боп қалдым.
 
 
 
 
 
 
(Болған оқиға) 
2008 жылдың ерте көктемінде Парижде ақындар айты-
сы өтетін боп, жолға дайындалдық. Ертең ұшамыз деген 
күні Өмірзақ Сəрсенов ағам:
– Мен ол жаққа Мəскеу арқылы барамын. Бір шұғыл 
шаруам шығып қалды. Арттарыңнан жетемін, – деді де, 
маған қарап сөзін əрі қарай сабақтады. – Əй, Көпен, мен 
саған жол қаражат берейінші.
Қойынына қолын салмай жатып:
– Кəшөлөгімде бірдеңе қалды ма екен өзі? – деп ақшасы 
аз екендігінен хабардар етті. Былғары əмиянының түбін 
қағып, 900 АҚШ долларын ұсынды. Іштей азсындым да:
– Өмеке, көкемнің «көк қағазын» Парижде алу мен үшін 
салтанат! Францияға барғанда берерсіз, – деп сыпайылап, 
сырғақтадым. Өмекең сəл жымиды да, бір əңгіменің шетін 
шығарды. 
– Бала күнімде бір кісі «Велосипед сатып ал» деп тұтас 
100 сом ақша ұстатты. Пілдің құлағындай үлкен ақшаны 


94
бірінші рет көруім. Қуанғанымнан құлдыраңдап ауылдағы 
магазинге жүгіріп барып ем, велосипедке əлгі ақша жетпей 
қалды. Сол сəтте Лəтипа деген апай:
– Əй, неғып тұрсың? – деді. Велосипед алуға ақшамның 
жетпей қалғанын айтып ем:
Маған бер, жоғалтып аласың, – деді Лəтипа апай. – 
Мен үстіне ақша қосып, саған велосипедті өзім əперем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет