Пəлсафа заңы былай: «Бар нəрсе жоғалмайды, жоқтан бар
пайда болмайды». Ендеше, Алтынбек жоқтан пайда болған
жоқ, ол баяғыдан бар шенеунiк.
Ақпарат министрлiгiнiң
атын ауыстырып мiне берсiн, мейлi! Бəрiбiр бəсең жүрiп те
бəйге алатын шабандоз.
Кешегi Кеңес өкiметiнiң кезiнде «Дважды
герой Совет-
ского Союза» болғандар аз ба?
Ғарышқа екi рет ұшқандар
қаншама!.. Ондай дерек шетелде шаш етектен. Мысалы,
Сүлеймен Демирель алты рет Премьер-министр болған. Же-
тiншi ретте Түркияның Президентi болды. Ал,
Алтынбек
тағы да, тағы да Ақпарат министрi болса, несi бар?! Шым-
кентше айтқанда – жүдə, жақсы!
Махаббат заңы былай: Ғашығын бiр рет сүйген жiгiт тағы
да сүйгiсi кеп тұрады.
Физика заңы былай: Iргетасы
мықты қабырғаның бiр
кiрпiшi дұрыс қаланбаса, түптiң түбiнде бүкiл қабырға құ-
лайды. Егер Алтынбектi бiр кiрпiш десек, саясаттың қабыр-
ғасына жапсарбасты боп қаланған орнықты кiрпiш.
Қытай
қорғанындай!
Математиканың заңы былай: Шеңбер бойымен жүрген-
дер ешқашан тұйыққа тiрелмейдi. Алтынбек – шеңберi үлкен
шенеунiк.
Шеңбердi айналсын-айналмасын,
көзқарасы тұ-
рақты.
Аңшылардың заңы былай: Бiр рет атқан оғы мүлт кетсе,
екiншi рет тағы атады.
Министр де аңшылардан аумайды,
ендi ненi көздесе де мықтап көздейдi.
Механизм заңы былай: Үлкен шестерня бiр айналғанда,
кiшi шестерня шыр айналады. БАҚ қызметкерлерi үшiн Ал-
тынбек, əрине, үлкен шестерня. Шыр айналдырады! Бiрақ,
оның да үлке-е-ен шестернясы бар...
2003 жыл