Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет54/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Бiртуар сазгер 
Шəмшi ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ рухына
Шəмшi ағаның əндерi бiр төбе, əзiлдерi бiр төбе. Ал, 
ақындығы ше? Ауыз-екi əзiл-қалжыңдары ше? Қайталанбас 
құбылыс.
... Ол кезде «қызыл империяның» əмiрi жүрiп, қылышы-
нан қан тамып тұрған заман.
«Жоғары оқу орнын бiтiрмегендер СССР композиторлар 
одағының мүшесi болмайды» деген қатып қалған қағида бар. 
Қағиданың аты – қағида, бұза алмайсың.


241
Құрманғазы атындағы консерваторияға түстi. Шүу де-
геннен атағы шарықтады. Iшi тарлардың көре алмағаны рас. 
Қызғаныш не iстетпейдi? «Ылду-сылду, ыңғайы жоқ сту-
дент» секiлдi сыныққа сылтау iздеп, институттың соңғы кур-
сынан шығарылды. Дипломсыз композитор. Алты алашқа 
танылған Ақан серiде диплом бар ма едi? Бiржан салда ше? 
Кешегi Жаяу Мұса...
– Мен таң қалам, – дейдi екен Шəмшi. – Консерваторияға 
Құрманғазының аты берiлген. Сонда Құрманғазы атам қай 
консерваторияны бiтiрдi екен?
...Қара кəстөм туралы қалжыңы ше? Шəмшiге ел-жұрты 
ерекше құрмет көрсетiп, су жаңа кəстөм-шалбар кигiзедi. 
Алматыға келгесiн сол жаңа киiммен достарына соғады да, 
түнделетiп үйiне келе жатса көшенiң бұзықтары ұстап алып:
– Шешiн! – дейдi.
– Əй, жiгiттер, мен Қалдаяқовпын ғой.
– Бiзге Қалдаяқов емес, қара кəстөм керек! – дейдi əлгiлер.
Сонда жарықтық Шəкең:
Айналайын халқым, өзi киiндiредi, өзi шешiндiредi. 
Халқым аман болсын!
...Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев екеуi Алматыдағы 
Ленин ескерткiшiнiң түбiнде кездесiптi. 
«Ойласам талай-талай қыр басыппын, 
Досым деп доңызбен де сырласыппын!» – 
деп жыр оқыған Мұқағали:
– Ленин неге оң қолын шығысқа қарай көтерiп тұр? – деп 
сұрапты. Сонда Шəмшi не деген?
– «Банк пен базар мына жақта. И бас жазатын жер де осы 
жақта!» деп тұр, – деген.
Бiр заманда өтiрiк «Шəмшiлер» көбейiп, атын пайдалан-
ғандар аз болмаған. Сыраханада Əбiлахат Еспаев екеуi бөр-
тiп тұрса, бiр бейтаныс жiгiт кеп:
– Мен Шəмшi Қалдаяқовпын! – деп өзiн таныстырады. 
Екi дос не дерiн бiлмей бiр-бiрiне қарайды. Əбекең:
– Мен Əбiлахат Еспаевпын! – дейдi. Ал, Шəмшi өзiн:


242
– Академик Ахмет Жұбановпын! – деп таныстырады. Əл-
гi жiгiт кеткесiн Əбекең:
– Өлген кiсiнiң атын айтып, өтiрiк танысқаның ұят емес 
пе? – дейдi. Сонда Шəмшi:
– Ұялса анау жiгiт ұялсын, – дейдi. – Ол жiгiт тiрiнi өлтiр-
дi, ал мен өлiнi тiрiлттiм.
Ұлтымыздың рухы, бiртуар тұлға Дiнмұхамед Қонаев 
арнайы шақырып Шəмшiмен əңгiмелескен. Азды-көптi сұх-
баттан соң:
– Шəмшi шырағым, не жағдай керек? – деп Димаш аға 
ықылас бiлдiрген.
Басқалар болса жыртығына жамау сұрап, алақан жайып 
алдында тұрар ма едi, тұрмас па едi? Шəкең өйтпеген. Бек-
заттық танытып:
– Аға, рақмет! Шүкiр, бəрi бар! – деген.
Тұрмысының жұпыны да жұқа екенiн бiлетiн Нұрғиса 
Тiлендиев:
– Димаш аға, Шəмшiнiң үйi жоқ! – дептi. Сонда Шəмшi:
– Неге үйiм жоқ? Үйiм бар! Өткен жолы екеумiз бiздiң 
үйде болған жоқпыз ба? – деп бала секiлдi ағынан жарылған.
Жаны ашыған Нұрғиса жарқылдап сөзiн бөледi. Шəмшi-
нiң үйi үйден гөрi үңгiрге ұқсайтынын, қуықтай ғана екi бөл-
месiнiң өзi ескi əрi тар екенiн айта келiп:
– Димаш аға, – дейдi, – Оның үстiне Шəмшiнiң үйi алыс, 
соно-о-оу микрорайонда.
«Солай ма?» дегендей Димаш аға Шəмшiге қарайды. Ол 
болса қыбыжықтап:
– Алыс екенi алыс, – дейдi. – Бiрақ Шымкентке қарағанда 
жақындау.
Жас əншi Нұрғали Нүсiпжановтың даусын «Бұлақтың 
басына шөлдеп келген лақтың даусындай!» деп əдемi əзiл-
мен тəнтiлiк танытқан.
...Кiр жуып, кiндiк кескен жерi Отырарға барғанда Шəмшi 
аяқ астынан ауырып, ауылындағы ауруханаға түседi. Хал-
ахуал сұраған жерлестерi:
– Жүрегiңiз ауырады екен-ау? – дейдi. Шəкең оған мойы-
сын ба?


243
– Жүрек ауруымен жүрегi барлар ғана ауырады! – дейдi.
Ғалымдардың болжамы бойынша, бүкiл жан-жануардың 
iшiнде ит қана инфаркт болмайды екен...
– Егер менiң көрген күнiмдi көрсе ит те инфаркт бола-
ды! – дейдi Шəкең қуақыланып.
Қазақта «Аурудың жақсысы жоқ» деген сөз бар.
– Аурудың да жақсысы бар, – дейдi екен Шəмшi аға, – Ең 
жақсы ауру – қышыма, қасыған сайын жаның кiредi.
Шəмшi Шымкентке қоныс аударып, көшiп келгенде ақын 
iнiсi Төлеген Айбергенов бiр шумақ өлең шығарыпты. 
Үстiнен оңтүстiктiң таңдай атып,
Шымкентке келiп қалды Қалдаяқов.
Қалдаяқов келдi де ару қызды
Өзiнiң əуенiмен алды оятып!
Сол Төлеген Айбергенов тұңғыш жинағы жарық көргенде 
қуанғаны сонша, жүгiрiп Шəмшiден сүйiншi сұрайды. Кiта-
бы жұп-жұқа екен, қырғыштың қырындай ғана. Бағасы 5-ақ 
тиын. Ал, аты айқайлап тұр: «Арман сапары». Сүйiншiсiне 
не бере қойсын? Қалтасы тесiк Шəмшi табан астында тауып, 
бiр шумақ мына өлеңiн «байғазыға» балап, қолтаңбасын қал-
дырған.
Көбейiп тұр бүгiнде
Ақындардың қатары.
Бес-ақ тиын тұратын
Не деген арман сапары?
«Құшақ жайған қандай адам» деген өз əуенiне өлең жазған 
Шəмшi шынында да ағыл-тегiл ақын болған. Туындысын 
күшенiп «туатын» кейбiр ақын құрдастарына:
– Мен композитор боп сендердi құдай сақтап қалған
ғой! – деп күледi екен.
Мұхтар Шахановтың жалындаған жас кезi. Бойдақ. «Ле-
ниншiл жастың (қазiргi «Жас Алаш» газетi) Оңтүстiктегi тiл-
шiсi. Үйiне iздеп барса Мұхтар iнiсi Қызылқұмға (қазiргi 


244
Отырар ауданы) кетiп қалыпты. Шəмшi аға есiгiне екi шумақ 
өлең жазып қалдырады.
Мұхтар, осы шынымен бұзылдың ба, 
Немесе неге кеттiң Қызылқұмға? 
8-март мейрамы қарсаңында 
Бiр емес, қыздың тастап жүзiн мұнда.
Кетпегiн Қызылқұмның сайында ағып, 
Қалмағын Шəуiлдiрде қайындалып. 
Бiреудi ертiп келсең, өзiң бiлгiн 
Бұл жақта бiз отырмыз дайындалып.
Отағасы болған шағында да ақтарып айта салған ақжар-
ма өлеңдерi көп-тiн. Соның бiреуi былай:
Жiгiт күнде қыз едi мақалымыз, 
Шығып кеттi бұл күнде сақалымыз. 
Қырқасынан қырықтың асқаннан соң 
Қыз қалып, қатын болды қатарымыз.
Құдай басқа салған соң амал бар ма, 
Жақсы қыздар кеттi ғой жамандарға. 
Ата-бабам үш-төрттен қатын алған, 
Қайтып келер дəл сондай заман бар ма?
Ал, қонақта отырып, үстел басындағы аруларға арнап шы-
ғарған өлеңiн бiлесiң бе? Бiр шумағы былай:
Жағасы едiң сен менiң жемпiрiмнiң, 
Қыз келсе жiгiт – пұшақ елтiрiнiң. 
Қыздар-ау, қастарыңа жақын қондық 
Сұрар деп хал-жағдайын кемпiрiмнiң.
Жас кезiнен жанында көп жүрген жазушы досы Оразбек 
Бодықов та Шəмшiнiң ақындығына айғақ.
Алпысыншы жылдардың аяқ шенiнде Алтынемелден асып 
бiр шопанның үйiне түссе, той болып жатыр екен. Шəмшiнiң 


245
келгенiне қуанған ауыл-аймақ түнi бойы əн-жырға бөленедi. 
Таң ата көз шырымын алған Шəмшiнi келiншектер «Шай 
iшiңiз» деп оятады. Қасындағы жiгiттер:
– Өлең айтып оятпасаңдар, тұрмаймыз! – дейдi еркелеп. 
Келген келiншектер де суырыпсалма ақын екен, аяқ астынан 
айтыс басталады. Шегiнетiн Шəмшi ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет