Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет55/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Келiншек:
– Болсаң да кетпен шапқан күнiменен
Даусымның оянарсың үнiменен.
Жiгiттер, бұл жатысың қандай жатыс,
Шыққандай қой күзетiп түнiменен?
Шəмшi:
– Белiнен басып жүрмiз жалғаныңды,
Көтерiп көрер ме едi салмағыңды.
Күнəсiз өткiзсем де осы түндi 
Киейiн, шыға тұршы, дамбалымды.
Келiншек:
– Болғанда – сiз қалада, бiз – далада,
Дарияның сiз – ортасы, бiз – жағада.
Солдатша тез киiнiп болсаңдаршы,
Жараспас сыртта тұру қыз балаға.
Шəмшi:
– Кiре бер, ендi кидiм дамбалымды,
Тiстерсiң мен кеткен соң бармағыңды.
Артыңда бала-шағаң, байың да тұр,
Қалдырып кетер едiм бар малымды.
Таңертеңгi шай iшiлiп болғасын, сиыр сəскеде малшы 
ауылдың өңшең өнерпаз келiншектерi Шəмшi бастаған қа-
дiрлi қонақтарды өлеңдетiп шығарып салады.
– Сендерден ала алмадым, таласым бар, 
Кеудемде жазылмайтын жарасыңдар. 


246
Бiр тəулiк көңiл ашып, өлең айттық, 
Қай жаққа бiздi тастап барасыңдар?
Ақ жүрек ауылдың ажарлы думанын қимаған Шəмшi қыз-
келiншектiң бəрiмен қол бұлғап қоштасады. Сол сəтте кеу-
десiнен өлең құстай ұшып, қанат қағады.
– Жiгiттiк өзiмiзге тəн шығарсың,
Ал сендер соған сəйкес сəн шығарсың.
Алда – жол, артта – қиял,
Омырауға
Зер толған, жазылмаған əн шығарсың.
Аты-жөнi есiмде жоқ, қайсыбiр жылы Оңтүстiктiң Созақ 
ауданына барғанда бiр əжемiз:
– Мен саған Шəмшi туралы əңгiме айтайын, – дедi. – Студент-
пiн. Пединститутта оқимын. «Əншi болсам!» деп армандап 
жүрген кезiмде Шəмшi аға Шымкентке көшiп келгенiн естiдiм. 
Iздеп жүрiп таныстым. Екi бөлмелi үйде тұрады екен. Бала-
шағасы – Алматыда. Ойымда түк жоқ. «Аға, жаңа əнiңiздi еш-
кiмге бермеңiзшi, бiрiншi рет өзiм орындаймын!» деп қыр 
соңынан қалмаймын. Қаланың саябақтарын аралап, жиi-жиi 
қыдырамыз. Сырласамыз. Сөйтсем, жұрт менi Шəмшi Қалдая-
қовпен жүредi екен деп өсек шығарыпты. Қатты ашуландым. 
Жарыла жаздап Шəмшi ағаға жетiп барып ем:
– Не болды, айналайын? Емтиханнан «2» алдың ба? – деп 
сұрады.
– Бүкiл қала менi сiзбен жүредi деп айтып жүр екен, аға? – 
дедiм булығып. Сонда Шəкең:
– Ну и что же? – дедi орысшалап. – Ақыры айтылып қал-
ған екен, жалғастыра берейiк.
Не дерiмдi бiлмей, күлiп жiбердiм.
Əйгiлi əзiлкеш Оспанхан Əубəкiровтiң үйiндегi Нұрсұлу 
жеңгемiз айтады:
– Өзiм жетiм қызбын. Детдомда өстiм. Қостанайда он 
жыл орыс мектебiн бiтiрiп, Алматыдағы консерваторияға 
түссем... Масқара-ай, Асанəлi Əшiмов, Шəмшi Қалдаяқов, 
Райымбек Сейтметов, Сайын Мұратбеков, Нүкетай Мышба-


247
ева, Оспанхан Əубəкiров секiлдi студенттер. Қазақша сайрап 
тұр. Мен ше? Бiр ауыз сөйлей алмаймын. Түсiнемiн, бiрақ 
тiл жоқ.
Алланың бұйрығы шығар, Оспанханмен көңiлiмiз жара-
сып, тұрмысқа шығатын болдым. Оспанхан бiр күнi Шəмшi-
ден:
– Осы қызды алсам қайтедi? – деп сұрады. Сонда Шəмшi 
ойланбастан:
– Алсаң – ал, орыс iздеп əуре болмайсың! – дедi.
Бiр үйде қонақ болған Шəмшi ағамыз қарсы жақтағы əдемi 
келiншекке көзi түсiптi де «Осы отырыстан кейiн кездесейiк» 
деп салфеткiге жазып жiберiп ыстық ықылас бiлдiрсе керек. 
Ал, əдемi келiншек салфеткiнiң екiншi жағына «Бүгiн қолым 
тимейдi» деп жауап қайтарыпты.
Соры қайнаған сол салфеткiнi тауып алған жеңгемiз Шəм-
шiнiң үстiнен «қылмыстық iс» қозғап:
– Мынауың не? – деп жауаптың астына алмай ма? Сонда 
Шəкең дəкедей жұқа салфеткiнi жеңгейдiң қолынан жұлып 
алып, үңiлiптi де:
– Неменеге ашуланасың? Сен долданатындай ештеңе 
жоқ, отказ берiптi ғой! – дептi.
Жазушы Оразбек Бодықов:
– Бiр кiсiнiң Жасарал, Көкарал, Ақмарал, Генерал деген 
балалары бар екен. Аттары қызық, ə? – дейдi.
– Ой, ол түк емес!, – дептi Шəмшi. – Бiр шалдың Мылтық-
бай, Найзабай, Наганбай, Патронбай, Шомпылбай деген бала-
ларын өз көзiммен көрдiм.
Рас па, өтiрiк пе? Аузын ашып аң-таң қалған Оразбекке:
– Немене, сенбейсiң бе? – дептi Шəмшi. – Бiздiң қазақтар 
ат қойғыш. – Менiң «Сыған серенедасы» əнiмдi үзiлдiрiп 
айтатын Зəуреш Есбергенованың аты – Закон. Кейiн Зəу-
реш боп кеткен. Октябрь деген спортшы, Февраль деген 
секретарь, Совет, Коммунар деген журналист, Глазбай деген 
режиссер бар. Тiптi Данышпан деген əйелдi де көрдiм.
Шiркiн, Шəмшi! Осы бiр астары қою асқақ əзiлмен не 
айтқысы келдi екен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет