Ол кезде ол қыз бала едi,
Əдемi едi-ау, əдемi.
Пионер кезден ғашықпын,
Басында бантик бар едi.
Арманды қуып аңсады ол,
Содан соң болды комсомол.
256
Комсомол қызға ғашық боп,
Аулыңа салдым қанша жол.
Ол қыздың ойы сан-сақта,
Махаббат емес – мансапта.
Коммунист болып алғасын,
Арамыз кеттi алшақтап.
Қиялап өтiп тұсынан,
Сонда да жүрек ұсынам.
Алып та қашқым кеп едi,
Қорықтым қыздың сұсынан.
Қызмет қуып жүргенде,
Жастық шақ өттi бiр демде.
Қызмет деген, қыздар-ай,
Опа да болған кiмдерге?
Ол кезде жап-жас өндiрмiз,
Кəусардай тұнық мөлдiрмiз.
Қазiр-ақ оны алар ем,
Тоқал боп тисе сол бiр қыз!
Суда бiр сусар жатпай ма,
Сусарды мерген атпай ма?
Коммунист-қыздың тағдыры
Қабырғама батпай ма?!
Ғылымның жаңғағын шағып, дəнiн жеп дəндеген бiр де-
путат-ғалым əйел мəселесiн əлiмсақтан қозғады:
– Орыстардың «Семья» деген сөзi «Мен – жетеумiн»
деген мағынаны бiлдiредi. Яғни, өзi, əйелi, əке-шешесi –
төртеу... Өмiрге үшiншi баласы келгенде ғана «Семь – Я!
Мен – жетеумiн!» деп қуанған. Қазiргi қыздарымыз күйеуге
тиген күнi «Семья болдым» деп есептейдi. Бұл дұрыс емес.
Əскери адамдар полковник шенiн алған сияқты əйелдерге
үшiншi баланы туған күнi «Семья» деген атақты марапаттап
257
беру керек. Ол үшiн осы бастан қыздардың құлағына құя
берсек демографиямыз сөзсiз дамиды.
Сiздер «қыз» деген сөздiң қайдан шыққанын бiлесiздер
ме? Ғалымдардың дəлелдеуi бойынша «Сүй, күй, өртен, жан,
сосын сексеуiлдiң шоғындай қыз-қыз қайнап қыз» деген
сөзден шыққан. Мен əнебiр жылы халық санағы кезiнде
қыздарды санау туралы мынадай жаңалық аштым: «Көлдiң
жағасында күнге қыздырынып жатқан көп қыздың қанша
екенiн есептеу үшiн, олардың балтырларын санайсың да,
одан шыққан санды екiге бөлсең, қанша қыз екенiн бiрден
бiле қоясың». Қыздар – тың тақырып, зерттелмеген ғылым.
Бiздiң Бүйенбай деген профессор ағамыз да қыздар туралы
докторлық диссертация қорғаған. Оның жаңалығы «Бұрын
қыз-келiншектердiң шашы – ұзын, ақылы – қысқа болушы
едi, қазiр құдайға шүкiр, екеуi де теңелдi».
Қу түлкiнiң құйрығындай бұлғаңдаған қыздар-ау! Бет-
терiңдi берi бұрып, құлақтарыңа құйып алыңдар. Қыз-қыр-
қынға айтатын мынадай тұжырымым бар:
1. Бiрiншi рет үйленсең – махаббат, екiншiсi – есеп, үшiн-
шiсi – əдет.
2. Əйел – еркектiң екiншi жартысы. Ал, тоқал – бiрiншi
жартысы.
3. Əйелдер əдемi жiгiтке əуес. Ал, жiгiттер жаңасына жа-
ны құмар.
4. Махаббаттың оты теңге тастаған сайын лаулап жанады.
5. Арулар – алынбаған қамал. Бiр қамал – үстi-үстiне ша-
буыл жасау арқылы алынады. Екiншi қамалды алу үшiн –
түбi шөгiп, отыра бастаған оңтайлы кезiн күтесiң. Үшiншiсiн
келiссөзбен-ақ алуға болады.
Əнеугүнi бiр қарындасқа «Ерте жарықта енеңдi тап, айна-
лайын. Қашанғы қамал боласың, өз еркiңмен берiл!» десем,
қиқаяды. Неменеге қиқаяды? Бiлмеймiн...
«Ағай, мен сiздiң айтқан адамыңызға өлсем де тимей-
мiн!» дейдi.
– Неге тимейсiң?
– Кəрi!..
– Айналайын-ау, о кiсi кəрi болса, қазанға сап пiсiрiп же-
мейсiң ғой. Айналайын-ау, ол кiсi кəрi болғанымен, «новый
258
қазақ». Айналайын-ау, айдаладағы танымайтын бiреуге ти-
генше, өзiмiздiң танитын кiсiге барсайшы.
– Ағай, жiгiт таңдап жүрмiн! – дейдi.
– Дұрыс... Таңдасаң таңда. Алдын-ала жiгiт таңдаудың
ешқандай сөкеттiгi жоқ. Мен де саған таңдасайын.
Əрине, жiгiттердiң ұзын бойлысы ұстамсыз болады, қыс-
қасы – қызба, тапалы – тентек, қортығы – қорқақ, семiзi –
сезiмсiз, арығы – арам, кеуделiсi – кесiр, қысық көзi – қу,
ашық көзi – ақымақ, мұрындысы – мисыз, желкелiсi – жал-
қау, алқымдысы – аңқау, өңдiсi – өсекшiл, ерiндiсi – есеп-
шiл, бiлектiсi – бұзық, иықтысы – икемсiз, аққұбасы – ал-
дағыш, сарысы – сұмпайы, қарасы – қызықшыл, сұры – се-
зiкшiл келедi. Ал, таңда! Əшейiн айтам, қарындас. Бұл –
жiгiттердiң бойдақ кезiндегi бет-бейнесi ғана. Үйленгесiн
бас екеу болады, бас екеу болғасын мал екеу болады, мал екеу
болғасын бала екеу болады, бала екеу болғасын проблема де-
ген бəле екеу болады. Сол кезде жiгiттерiңдi жiптей иiрiп,
жiңiшкертiп, өздерiңе сай өзгертiп, ыңғайлап аласыңдар.
Сонда жiгiттердiң ұзын бойлысы – ұстамсыз емес ұстам-
ды болады, қысқасы – қызулы, тапалы – тамаша, тентегi –
тектi, орташасы – ойлы, қортығы – қомақты, семiзi – сырбаз,
арығы – алғыр, кеуделiсi – кербез, қысық көзi – қылықты,
ашық көзi – ақылды, мұрындысы – мықты, желкелiсi – жұ-
мыскер, алқымдысы – алымды, өңдiсi – өр, ерiндiсi – ер,
бiлектiсi – бипаз, иықтысы – ибалы, аққұбасы – аршыл, сары-
сы – сыршыл, қарасы – қауқарлы, сұры – сұмдық болады.
Бұның бəрi үйленгенсiн ғана шындық болады.
Таңда, қарындас! Еркектер де – тауар. Арзаны бар, қым-
баты бар. Өзiмiздiкi бар, импортныйы бар.
Айтпақшы, жiгiттердiң тағы бiр екiншi сорты бар. «Ой-
пырмай, үйленсем бе екен, үйленбесем бе екен? Үйленсем –
өзiм құримын, үйленбесем – тұқымым құриды!» деп сары
уайымға салынып жүрген сұрбойдақтар да жеткiлiктi.
Айтпақшы, жiгiттердiң тағы бiр үшiншi сорты бар.
– Қарындас, танысып қояйық. Атыңыз кiм?
– Кетшi-ей!
– Қарындас, қай жерден келдiңiз?
259
– Кетшi-ей!
– Қарындас, жасыңыз нешеде?
– Кетшi-ей! Мен саған кет дедiм ғой. «Кет!» дегенде, ит те
кетедi. Нағып кетпейсiң?
– Қарындас, «Кет!» дегенде кететiн ит болады, кетпей
ырылдап тұрып алатын ит болады. Ал, кетпеймiн, қайтесiң?
Көрдiңдер ме, көлденең жолыққан қыздың жасын сұрап,
қиылып, кетпей қоятын қимас жiгiттерiмiз де бар.
Жалпы, қыздың жасын сұрамайды. Қыздың жасы – он сегiз.
Ал, еркектiң жасын ше? Сұрайды. Алайда «Ағай, жасыңыз
нешеде? Əйелiңiз бар ма?» деп сұрайсың ба? Ыңғайсыз ғой.
Бiрақ, қай еркектiң қалай ұйықтайтынын бiлсеңiз бар ғой,
о сопақ бас сорлылардың қанша жаста екенiн аңғару қиын
емес.
Мысалы, еркек екi жасқа дейiн ойнаған асығымен ұйық-
тайды.
Жиырма мен отыздың арасындағы еркектер өлiп-өшiп,
сүйiп алған ғашығымен ұйықтайды.
Отыз бен қырықтың арасындағы еркектер айналасын ай-
пап, жанындағыны жайпап, жұмыстағы қыз-келiншектердi
айналдырып, үйренген кəсiбiмен ұйықтайды.
Еркектер елуге дейiн дiңгектеп, алпысқа аяқ басқасын
қыз-келiншектердiң кез келгенiмен... Яғни, қызыл, көк, са-
ры, жасылмен ұйықтай бередi.
Ал, алпыстан асып, жетпiстiң желкесiн көрген еркектер
грелкасын құшақтап, дəрi iшетiн қасығымен ұйықтайды.
Сексеннен секiрiп, тоқсанға тоңқаймай жеткен еркектер
көрпесiн қымтап, құдай берген нəсiбiмен ұйықтайды.
Мiнеки, қарындас! Саған осы сан ұйқының қайсысы ке-
рек? Қалауың бiлсiн. Таңда...
Достарыңызбен бөлісу: |