13
кон
церт сол ауылдың ұмытылмас мерекесіне айналатын.
Әнқұмар ынта-ықыласы айрықша еді.
Кейде спектакль
барысында ән орындағанда дуылдасқан жұртшылық оны
сахнадан жібермей қоятын. Талай рет ойынды ортасынан
бөліп жіберіп, Әміреге бес-алты ән айтқызуға тура келгені
бар... Қай өнер адамының да қадір-қасиетін ең алдымен
оның өз туған халқына еткен қызметімен өлшеген жөн. Ал,
Әміре осы он жылға толмас кезеңнің өзінде сан мыңдаған
адамдардың жүрегіне өнер
сұлулығымен ізгі дәнін себе
білді, солардың ақ алғысына бөленді. Әміре Қашаубаевтың
санаткерлік қызметіне, халыққа мәдени қызмет көрсетудің
алғашқы қарлығаштарының бірі екеніне жарқын мысал-
дардың бірі – театрымыздың 1927 жылғы жазғы гастролі.
Сол жолы Әміренің суырып салмалық шеберлігі, ең
бастысы –
азаматтық белсенділігі, суреткерлік парызды
терең сезінуі айрықша көрінген болатын.
Осы «Социалистік Қазақстанның» 1974 жылғы 12 март
күнгі саны бүкіл халқымызға айрықша қуанышты хабар ала
келді. Елу жылға жуық уақыттан кейін бәріміз сарғая күткен
Әміре даусы табылды. Осынау құнды қазынаны оның туған
халқына қайта оралтқан Жарқын Шәкәрімовтің игі ісіне
ризалығымды қайталай айтқым келеді. Әміре үні жазылған
валикті
реставрациядан өткізіп, күйтабақ етіп шығарған.
Жарқын онан кейін зор талант иесі әншіміз туралы «Әміре»,
«Ән жұлдызы» деген екі кітап жариялады. Бұларда да дәйекті
деректер, маңызды материалдар мол.
Әміре Қашаубаевтың артына қалдырған мұрасын игеру
мұнымен шектеліп қалмауға тиіс. Әншілік өнерін жан-жақты
зерттеу, тың мәліметтер табу оның ән орындау мәнерін,
қайталанбас шеберлігін үйренумен ұласса, нұр үстіне нұр.
Өнерге салыстырушылық, теңестірушілік жүрмейді.
Солай
дей тұра,
аза халы шін өле атасы – Абай,
Достарыңызбен бөлісу: