І. Ежелгі Патшалық. Б.э. дейінгі 18-19 ғғ. андронов мәдениеті жатады, ол Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының түбіндегі Андронов
селосының жанындағы молалардың алғашқы қазбаларының орны бойынша
осылай аталған.
ІІ. Жаңа Патшалық. Андронов мәдениеті ерте көшпенділер
дәуірімен: Киммерийліктермен, Савроматтармен және Сақтармен ауыстырылады, олар б.э. дейінгі Х-ҮІІІ ғ. – б.э. дейінгі ІІІ-І ғасыр уақытын
алған.
ІІІ. Ерте Көшпенділер мемлекеті. Б.э. дейінгі І мыңж. аяғынан – б.э.
ІҮ-Ү ғасырларындағы Қазақстан мен Еуразия тарихындағы жаңа кезең -
бұл Сарматтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Құшан және Ғұндар дәуірі.
ІҮ. Түркілер империясы. Б.э. І мыңж. ортасынан номадтық
классицизм дәуіріне жетеді, оны генерациялау шартының қызметін
империялық билік орнатуға ұмтылу атқарды. ҮІ ғасырдан бастап ХІІІ
ғасырдың басына дейінгі бұл дәуірді Түркі дәуірі деп белгілейміз.
Ү. Алтын Орда империясы. ХІІІ ғасырдың басы – Ұлық Ұлыс дәуірінің ХҮ ғасырының бірінші жартысы. Бұл кезде номадтардың
басшылығымен шығыс-еуропа халықтарының геосаяси блоктың бірыңғай
конструкциясына бірігуі болады.
ҮІ. Қазақ Хандығы дәуірі. ХҮ ғасырдың екінші жартысы - ХҮІІІ
ғасырдың басы тұтас алғанда Көшпелі өркениеттің бетбұрыс (дағдарыс)
дәуірі, және оның негізінде дербес иеліктің, соның ішінде Қазақ хандығының құрылуы.
ҮІІ. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы Көшпелі мемлекеттердің құлдырауы. Күштердің қысымымен номадтар отырықшы
мемлекеттің құрамына кірді. Көптеген түркі мемлекеттері Ресей
мемлекетінің құрамына кіреді.
ҮІІІ. 1917 жылдан бастап 1990 жылға дейін барлығы дерлік түркі мемле-
кеттері Кеңестік мемлекеттің құрамында болды, оның өзгерісінде бұрынғы
көшпелі мемлекеттерді жаңарту және индустриялық мемлекетке көшіру,
яғни кеңестік билік ұстанымдарында индустриялық қоғамның құрылысы
болды. Олардың көпшілігі тәуелсіздік алуда