Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев


ІХ. 1991 жылдан бастап Тәуелсіздік



Pdf көрінісі
бет25/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Байланысты:
Б. . Н ман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев

ІХ. 1991 жылдан бастап Тәуелсіздік пен Егемендік алу жолдарында. 
І. Ежелгі Патшалық. Қазақстан территориясындағы ежелгі өркениет 
зерттеушілерде «Андронов мәдениеті» деп аталды. 
Срубтық және 
андронов мәдениетінің тұрғындары ғылымда арья деген жалпы өзіндік атпен 
белгілі. Бұл мәдениет шамамен б.э. дейінгі ХҮІІІ-ІХ ғ. уақытты алды. 
Онымен байланысты туыстық мәдениеттер Днепр мен Волга арасындағы
территорияда (жерлеу тәсілі бойынша срубтық  мәдениет деп аталды) және 
тіпті Батыс Монғолияда (Афанасьев мәдениеті) байқалады. Андронов 


мәдениетінің таралу аймағы Қазақстан аймағын ғана қамтып қоймай, 
сонымен бірге оңтүстікте Оңтүстік Тәжікстанға, Ауғанстанға, Солтүстік 
Пәкістанға, солтүстікте Оралға тиесілі аудандарға және Оңтүстік Сібірдің 
ауқымды кеңістігіне жетеді. Соған қара-мастан, андроновшылардың 
түпкілікті территориясы Қазақстан болып қалады. Атап айтқанда осында
осы мәдениеттің құнды ескерткіштері табылды. 
Ол кезде тым «қуатты» ілгерілеушілік қалыптасты: көшпелі-малшылар 
эрасының басы ретінде, мал шаруашылығының; егін аруашылығының
(иррига-циялық) және металлургияның қалыптасуы. Оған «еңбекті бірінші ірі 
қоғамдық бөлу», мал шаруашылығын егін шаруашылығынан бөліп алу, яғни
номадтық-тың қалыптасуы жатады. Еңбек қаруы мен қару-жарақтың 
сапасын жақсартқан, қоланы игеру, жеңіл әскери екі аяқты күйме арбаның 
жасалуына әкелген, ат әбзелінің пайда болуы мәдени кешендерді 
ауыстырудың алғышарты болды. Әскери екі аяқты күйме арбаны және жаңа 
қола қаруды жасаушылар орасан қор әскери басымдықты иеленді. Ежелгі 
металлургия орталығы Қазақстан болды. 
Андронов мәдениетінің дамуында үш кезең атап көрсетіледі: ерте кезең 
– нұра (18-16 ғғ.), дамыған – атасу (15-13 ғғ.), кеш – беғазы-дандыбай (12-9 
ғғ.). Бұл елді мекендерді ежелгі қалалар деп санауға болады. Ерте андронов
мәдениеті дәуірінде елді мекен сипатының мынадай белгілері болған: 
фортифи-кацияның дамыған жүйесі (бекіністер - қорғау ғимараттарымен - 
ағаш шарбақ-тары мен орлары бар қабырғалармен; мұнаралармен және 
күрделі құрылыс-тармен қоршалған); елді мекен құрылысының қатаң 
жоспарының бар болуы; территорияны бірнеше аймаққа бөлу - тұрғылықты, 
өндірістік, қоғамдық. Қала-лардың жанында шіркеу кешендерін тұрғызған. 
Тас мүсін өнерінің таралуы осы уақытқа жатады. Елді мекендерде оларға 
таңбалар басылған балшық дөңгелек-тер табылған, бұл олардың жазуға 
айналуының басы. Бірқатар жерлеген жер-лерде шоқпарлар – билік 
таңбалары және әскери екі аяқты күйме арбалардың қалдықтары, олардың 
иелерінің қоғамдағы жоғары орнын көрсететін заттар табылған. Бұл 
кезеңде уақыт өткен сайын үлкен құлаш жайған, алмасу туын-дайды, сол 
кездің өзінде Ұлы Жібек жолының өскіндері қалыптаса бастаған. 
Рухани сферада да елеулі өзгерістер болды - діншілдік қатаң
құрылымды иеленді. Зороастрашылдық - бірінші әлемдік дін ретінде Бір 
Құдайға Көкке табынуды, о дүниелік өмірге сенуді әкелді, оларда ата-
бабаларға - әруаққа табыну болды, құдайы астың ерекше әдет-ғұрпы, 
құрбандық шалу жорасы пайда болды, құрбандыққа шалатын басты жануар - 
жылқы болып табылды. Тыйым салу әдет-ғұрпы пайда болды. 
Дамыған андронов мәдениеті дәуірінде елді мекендер қабырғалармен 
және орлармен бекітілмеді. Үй құрылысы топографиясы өзгерді. Ол өзеннің
бойын-да екі жолмен орналасқан, жеке тұрған үйлерді білдіреді. Сәулет 
өнері кешенін салған кезде геоклиматтық фактор құрылыс материалын 
қолдану шарттарын анықтады: қабырғалар ағаштан немесе плита-тастан 
конструкцияланды. Кейінгі дәуірде массивті тас блоктардан салынған, көп 
бөлмелі үйлерді қатаң жоспар бойынша салды, олардың ауданы 500 кв.м 


дейін жетті. Кейде екі үй дәліздер-мен қосылып, біртұтас тұрғылықты кешен
құрылды. Қыста малды асырау үшін төмен шаруашылық құрылыстары
тұрғызылды. 
Андроновшылардың әлеуметтік-саяси ұйымы: патша – ел басы; әскери
аристократия - үйдің, рудың, тайпаның басы; абыздар – табыну әдет-ғұрып-
тарын реттеушілер, салт-дәстүрлер мен білімді сақтаушылар; қолөнершілер;
және еркін қауымдастар - бақташылар мен жер жыртушылар. «Патша» 
титулы мемлекет басшысы, патшалық билік иесі дегенді білдіреді.
«Патша» титулы Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) хандарына тиесілі болған. 
Олардан мәскеулік ұлы князьдарға ауысты. «Патша» және «хан» титулдары 
тең мағыналы болып табылған, және көбінесе орта ғасырлық
жылнамашылар сол және бір патшалық билік иесін патша деп те, хан деп те
атаған. Қазақ хандарына қатысты «патша», «патшалық» терминдері тіпті 
ХҮІІ ғасырдың аяғына дейін орта азия және орыс тарихи құжаттарында 
кездеседі. Сонан соң, қазақ мемлекетінің әлсіреуіне және орыс мемлекетінің 
протекторатына кіруіне байланысты, қазақ билеушілерінің мәртебесі тек
хандар деп ғана аталды. 
Сөйтіп, андронов мәдениетінің тайпалары мәдени біркелкілікті
көрсетеді. Қазақстанның жер қойнауларының полиметалға байлығы осы 
территорияда металлургияның әлемдік ошағының пайда болуының басты 
себебі болып табылды. Мұнда ол туралы әлеуметтік даму деңгейі, халықтың 
артық азық-түлікпен қамтамасыз етілгендігі, құрылымның бар болуы 
куәландыратын, дәуірдің барлық әлеуеті мемлекет проекциясының 
құрылуына бағытталды. Бұл дәуірде адамның санасы, оның жердегі ұлы 
миссиясы нақты анықталады. Сөйтіп, андронов тайпалары алғашқы мәдени
қабатты құрады, оның негізінде кейінгі көшпенділердің мәдениеттері 
құрылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет