жеткен әдеби ескерткіштер қазақтар ата-бабаларының және басқа да түркі
халықтарының өмірін, тұрмысын, дәстүрлерін, мәдениетін, дүниетанымын,
дінін, ауыз әдебиетін бейнелейді. Ерте заманнан (б.д. дейін 2 мың жыл) б.д.
ХV ғасырына дейін Ұлы Даланың ауқымды кеңістіктерін мекендеген
халықтардан қалған әдеби ескерткіштер жалпы түркі сипаттамалы, оларды
қазіргі заманғы белгілі бір түркі халқына жатқызу мүмкін емес. Түркі, араб,
соғдий, латын, қытай, фарси және басқа да тілдерде жазылған олар түркі
және оның мұрагерлерінің бірі – қазақ әдебиетінің
ескерткіштері болып
табылады. Жалпы барлық түркі рухани мәдениетін тұтас рухани мәдениет
ағымы ретінде қарастыру керек.
Қазақ менталитетінде ежелгі батырлардың және қазіргі заманғы
қазақтардың психологиясын түсінуге мүмкіндік беретін төмендегі түсініктер
орын алған және бүгінгі күнге дейін сақталған. Бұл түсініктердің біріншісі –
«ар». «Ар» - намыс, абырой, Адамның жоғарғы категориясы. Екінші түсінік –
«ру». «Ру» - отбасы, тұқым, тайпа. Адамның ең маңызды міндеті – «ар -
руды» есте сақтап, төмендетіп алмау. Үшінші түсінік – «ар – ру – ақ», бұл ар,
ру және әулие. Ұрпақ жер бетінде әруаққа дақ түсірмеуі керек. Келесі түсінік
– «ел».
Ел – бұл отан, өз болмысының мақсатын түсіну.
Елін сезінбесе адам
мәңгілік мәңгүрт (мәңгі құрт) болып қалады.
Ел қорғаушысы – Ер. Ер
намысын оның руы, елі жоғарылатады: «Ер намысы – Ел намысы». Бұл
ақпарат ауызекі шығармашылығында, сонымен
қатар әдебиетте әдеби
формларда бекітіледі.
Қазақтың рухани мәдениетін, оның ішінде түркі тілді тарихтың рухани
мәдениетін оны үлкен екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең –
Тәңіршілдік дәуірі, ол төрт шектен құралады.
1. Андрон мәдениеті дәуіріндегі «Авеста» киелі кітабы және
«Гильгамеш туралы аңыз» дастаны.
2.
Сақтардың батырлар жырлары: «Алып Ер Тонға» (Афрасиаб) және
«Шу»;
3.
Ғұндардың эпостық дастандары: «Оғыз-қаған», «Атилла», «Көк бөрі»
және «Ергенекон»;
4.
Түркі қағанаты дәуірінің эпостық шығармалары: «Күлтегін»,
«Тоныкөк» және «Білге қаған»:
Екінші кезең – Ислам дәуірі, ол үш шектен құралады.
1. Ислам немесе Қайта өркендеу дәуірі, оған төмендегілер еңбектері
жатады: Әл-Фараби, Махмұт Қашғари, Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн,
Ахмет Йугинеки,
Ходжа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани,
Қорқыт, «Куманикус кодексі» және басқалар;
2. Алтын Орда дәуірі, оған жататындар: «Махаббат нама» Хорезми,
«Хусрау Шырын» Куттуб, «Түркі Гүлістаны» Сайф Сараи, «Жүсіп
және Зылиха» Дүрбек және т.б.;
3. Қазақтың жазбаша әдебиеті: Әбілғазы Бахадурхан «Түркі шежіресі»,
Қадырғали Жалаири «Шежірелер жинағы», Бабыр «Бабыр нама»,
Хайдар Дулати «Рашид тарихы»;
Сондай-ақ Қазақ Хандығының дәуірін екі шектен құралатын үшінші
кезеңмен белгілеуге болады.
1. ХІV-ХVІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы немесе «Жер ұйық» дәуірі,
оған Асан Қайғы, Қазтуған жырау, Шалкиіз жырау жатады;
2. «Зарзаман» дәуірі, оның өкілдері Ахтамберді-жырау,
Бұхар-жырау,
Шал-ақын және Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің шешендік өнері.
Отарлық кезеңді төртінші деп белгілейік, ол өз дамуында бірнеше
шектен өткен.
1. Абайдың философиялық өсиет әңгімелері;
2. Ыбырай Алтынсариннің білім саласындағы ғылыми бастамалары;
3. Шоқан Уәлихановтың ғылыми жұмыстары;
4. Қазақтың зиялы қауымының саяси өміріндегі «елеулі» оқиғалар;
5. «Алаш» дәуірі.
Достарыңызбен бөлісу: