Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев



Pdf көрінісі
бет36/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Байланысты:
Б. . Н ман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев

Тәңіршілік. Көптеген орта ғасырлық және қазіргі заманғы авторлар түркі 
тілді халықтарда тәңіршілік – өзіндік монотеистикалық дін болғандығын 
белгілейді. Бұл діни жүйе Евразияның көшпелі қоғамында біздің дәуірге 
дейін пайда болып, қазақтардың санасында, олардың сырттай исламға үйір 
болғандықтарына қарамастан, бүгінгі күні де орын алуда.
Түркілер көрініп тұрған аспанды «Көк» және Аспанды – «Тәңір» 
құдайды ажыратқан. Тәңір жоғарғы құдіретті барлығын көргіш құдай, әлемді 
жаратушы және жасаушы, әлемді басқаратын белгілі бір дерексіз күш болып 
табылған. «Түркілер «бір Тәңір» деп айтады – деп жазады Әл-Макдиси, бұл 
«Құдай бір» дегенді білдіреді. «Егер олардың бірі әділетсіздікке тап болса 
немесе өзіне жағымсыз бір оқиға болса, ол басын аспанға көтеріп, «Тәңір 
бір» деп айтады, - деп пайымдайды Ибн Фадлан. Қағандар тек Тәңір құдіреті 
бойынша билік етеді деп санаған түркілер, олар туралы руникалық 
жазбаларда былай делінген: «Тенгри тег, Тенгри йаратмыш» (Тәңірден туған, 


Тәңірге ұқсас). Бұдан басқа, түркілер қасиетті Түркі Жері мен суын 
қастерлеген – «Турк ыдук йерсубу». Түркі қағанаттары өз жазбаларында әр 
қашан Тәңірден өздеріне игі ниетпен қарауын өтінетін. Тәңір, Жер – Су қиын 
заманда түркі халқын құтқарған деп сенген олар.
Маңызы бойынша келесі орында әйел құдайы Умай болған – үй 
ошағының және балалардың қамқоршысы. Бұдан басқа Умай түркілердің 
жоғары құдайларының үш тағанына еніп, олардың барлық істеріне қамқор 
болған. Мысалы, Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіштен көрініп 
тұрғандай, түркілердің сәтті жорықтарының бірін сипаттауда былай делінген: 
«Тенгри, Умай, ыдук Иер – Суб васы берді еріни» (Тәңір, Умай, қасиетті Жер 
– Су, осылар жеңіс әкелді). 
Ерте ортағасырлық Түркі тілді тайпалардың нанымдарында киелі 
тауларға (ыдык баш) табынудың маңызы ерекше болған, ол Оңтүстік Сібірде 
өткен ғасырдың өзінде орын алған. Ежелгі түркілер «Священную 
Отюкенскую чернь» (Хантай таулары) ерекше қастерлеген, олардың рухы 
Қаған руының қорғаушысы болып есептелген. Сол жерде «ата-бабалар 
үңгірі» болған, түркі аңыздары бойынша осы үңгірде қаншық қасқыр 
түркілердің ата-бабаларын туған. Жылына бір рет осы жерде құрбан 
шалынған.
Түркілердің нанымдары бойынша жерді және суды, ормандарды және 
тауларды көптеген рухтар мекендеген, оларды белгілі бір уақыт аралығында 
құрбан шалып тыныштандырып тұру керек деп сенген. Түркілердің сенімдері 
бойынша өлгендердің жандары кететін жер асты патшалығына өлім құдайы 
және жерасты патшалығының иесі Ерлік билік еткен.
Көптеген араб авторлары суық пен жаңбырды сиқырлық амалдармен 
шақыра алатын түркі сиқыршылары туралы жазған. Түркілердің сиқырға, 
бақсы дуаларына сенімдері туралы парсы тарихшылары мен географтары да 
жазады.
Қайтыс болғандарды түркілер ежелгі тәңіршілдік салт жорал бойынша 
жерлеген. Деректемелерде жерлеу сипатталуы сақталған: өлік киіз үйдегі 
көтеріңкі жерге орналастырылған. Киіз үй қасында құрбандыққа шалынатын 
қойлар мен жылқылар ұсталған. Киіз үйді жеті рет айналып, туыстары кірер 
алдында беттерін тырнап, өлікті жоқтаған. Белгіленген күні жылқылар, 
өліктің киімдері мен заттары өліктің денесімен бірге өртенген. Жиналған 
күлді ыңғайлы уақытта жерлеген: егер көктемде немесе жазда қайтыс болса, 
шөп және ағаш жапырақтары сарғайғанша күткен, егер де күзде немесе қыста 
қайтыс болса, жаз келуін күткен. Содан кейін қазылған молаға күлі 
жерленген. Жерлегеннен кейін тастар салынып, үстіне ескерткіш бағана 
қойылған. Тас саны қайтыс болған адамның тірі кезінде жақсы көрген 
адамдарының санына байланысты болған. Бағанаға құрбандыққа шалынған 
жануарлардың бастары ілінген. Уақыт өте келе жерлеу салты өзгерген
қайтыс болғандар шұңқырға жерленіп, үстіне жерден немесе тастардан төбе 
үйілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет