хандығының тұтастығына ешкім күмән келтірген жоқ. Бірақ өмірде жетекші
орын ертеңгі күнді ойлай алмайтын және ойлағысы келмейтін тұтынушылық
психологиялы адамдарға тигенде, және екінші жағынан – орталықтың
әлсізденуінен саяси ыдырау (ХVІІІ ғ. 20-шы ж. бастап) орын алғанда, осыған
сәйкес бір тұтас Қазақ хандығы басында
билер емес сұлтандар тұрған
жекеленген жүздерге айналуы заңдылық. Келесі себеп – сыртқы фактор:
барлық жағынан жаулармен қоршалған, және қазақтардың жоңғарлармен
қақтығысуы жергілікті маңызды кездейсоқ соғыс болған жоқ. Ол Отан
соғысы деңгейінде өтіп, Қазақстан келбетін өзгерткен. Қазақ Ордасы тұтас
қала ма, жоқ әлде ұтыла ма, осы мәселе ғана маңызды болған. Мәскеуде бұл
шайқастың нәтижелерін қалай қалтырап күткендерін елестетуге болады.
Өйткені Петр І өзінің шығыс саясатында Қазақстанға үлкен мән берген, және
серігінің айтуынша былай деген: «барлық азиялық
елдер мен жерлерге осы
орда кілт және қақпа; және осы себептен осы орда Ресейдің қоластында болу
керек, тек сол арқылы азиялық елдермен қатынас жасау үшін және Ресейлік
жаққа пайдалы және қабілетті өлшемдер алу үшін». Сібірді отарлау
тәжірибесі және азиялық доктрина жасалуы жалпы Ресейдің барлық кейінгі
шығыс саясатына әсерін тигізді. Дәл Қазақстанға тиісті ресейдің азиаттық
доктринасының мағынасы мынада болды: тек Қазақстан далаларына билікті
бекіту ғана емес, орыс иелігінің шектерін Үндістанға дейін кеңейту. Ең
ақырында осылай болып шықты. Дегенмен бұл саясаттың жүзеге асырылуы
өте көп уақытты талап етті. Сондықтан Қазақстанның Ресейге «қосылуы»
Сібірдің қосылуына қарағанда басқа жолмен жүзеге асырылды. Енді тағдыр
еркімен екі әлемнің – Ресейдің отырықшы-егіншілік мәдениетінің және
Қазақстанның көшпелі өркениет әлемінің тарихи кездесуі алда тұрған. Біздің
кейінгі баяндауымызда келесі мәселе қойылады: «қосылудың»
тарихи-
жұмбақ мәселесіне объективтілік тұрғыдан қарау.
Көшпелі қоғам сыртқы әлемге қатысты әр қашан белсенді әрекеттестік
күші болған. Тіпті «нефритті жол да» ізсіз өткен жоқ. Сібір археологтары
оның да іздерін тіркеген. Яғни, Алтайдан Еуропаға апаратын жол болған
(Саян тауларының сілемдерінде осы сирек кездесетін тастың бай кен
орындары белгілі. Оның үстіне нефрит минералы түркілерде ерекше
құрметке ие болған). Бұл табылғандар өте көне заманның өзінде
Шығыс пен
Батыс арасындағы өзара қатынасы мен өзара ықпал етуі бақыланатын
маршруттар (нефрит жолы) белгіленгені туралы ойлануға мәжбүр етеді.
Жоғарыда айтылғандай,
ат толығымен номадтың қанына сіңіп, сүйегіне
біткен және оны кеңістікке шығарған. Номадтар өздерінің «ат үсті» өмір
салтына арнайы киім жасаған –
шарвар және
етік. Үзеңгілері бар ер тоқым,
етіктің өкшесі және көптеген басқа заттар номад «атты ерттеп»
әлемді жақсы
көре алатындығын бірінші түсінгендіктен дүниеге келген. Географиялық
жаңалықтар номад үшін жаңа
мүмкіндіктер мен
келешек ашты. Отырықшы
елдердің көшпелі елдермен өзара әрекеттестікке түсуі әр қашан теріс
жағынан көрінген жоқ. Мұндай жағдайлар екі жаққа да әр қашан белгілі
пайда ұсынған.
Дегенмен бұл қатынастар (саяси жоспарда)
келесі шараларды да
туындатқан, яғни бағыныштылыққа және тәуелділіктің түрлі формаларына.
Жаңа заманға дейін бұл келісімдер (отырықшы елдердің көшпенділерге
тәуелділігі) негізінен жанама басқару саясатын қолдаған. Отырықшы
қоғамдардың көшпенділерге тәуелділігінің әр түрлі формалары ХV ғасырдың
соңына дейін орын алды (1480 жылы Сарайдың қайғылы күйреуіне дейін).
Көшпелі өркениеттің негіздерінің (империялық құрылымның) күйреуі орын
алғанда және (жаңа заман дәуірінде) отырықшы мемлекеттер әскери
өнеркәсіпте төңкеріс жасағанда (техникалық жоспарда) және Жібек жолы өз
маңыздылығын жоғалта бастағанда ғана (номадтар өмірін қамсыздандыру
көзі ретінде) отырықшы мемлекеттер номадтардан қорғалу «мәселесін» таба
алар еді. Теңіз жолдарындағы Ұлы географиялық жаңалықтар және сауда
жолдарының ауыстырылуы керуендік саудаға соққы жасады (негізгі
қорлардың бірінің жойылуы). Сонымен қатар отырықшы елдердің от ататын
қарумен қаруландырылған тұрақты әскерлері
көшпенділердің атты
әскерлерін жеңе бастады. Күтілгендей, ХVІІІ-ХІХ ғ. қарай көшпелі
мемлекеттер отырықшы империялардың бірте-бірте құлдау объектілері бола
бастады. Біз осы мәселелерді VІ-бөлімде қарастырамыз.
ХVІ-ХVІІ ғасырларда Мәскеу иелігінде Қазақтар мемлекетін Казак
Ордасы деп атаған. ХVІІ ғасырға дейін Мәскеу мемлекетінің Қазақстанмен
ортақ шекарасы болған жоқ, ол Ноғай Ордасымен Казань және Астрахан
хандықтарымен
бөлінген
болатын.
Жошылықтар
империясының
қирандысында
жаңа орталықтар пайда болып, оның мұрасына күрес
бастаған. Ең бірінші кезекте бұл Мәскеу мемлекеті және Крым хандығы
болған (олар өз тағдырын Осман империясымен байланыстырған), бұларға
ноғай және башқұрт мырзалары, қазақ және сібір хандары әр түрлі дәрежеде
құмар болған. ХVІ ғасырда Мәскеу Алтын орда мұрасына деген дауды жеңе
бастады. Казань және Астрахан ақсүйектер ортасындағы Мәскеуді қолдаушы
және Крымды қолдаушы партиялар арасындағы көпжылдық күрес Иван
Грозныйдың Казанды (1552) және Астраханды (1556) жаулап алуымен
аяқталды. 1598 жылы Сібір хандығы Мәскеу патшалығының құрамына енеді.
Осыған ұқсас жағдай Ноғай Ордасында да пайда болды, мұнда билікке
үміттенушілердің – ағайынды Смайыл және Жүсіп - өз-ара тартысында орыс
ықпалын қолдаушы Смайыл жеңді. Оның жеңісінің нәтижесінде Жүсіп қаза
болып, ноғай
руларының бір бөлігі Крым, Қазақ және Сібір хандығының
шегіне көшті. ХVІ ғасырдың ортасына қарай Хакк-Назар хан Ноғай
Ордасының ыдырауын пайдаланып, өз билігін ноғайлар мен башқұрттарға
таратып, «қазақтар, ноғайлар, башқұрттар және қырғыздар» ханы атанған.
Бірақ ХVІІ ғасырдың басында Жайық өзенінің құйылысында қазіргі Атырау
қаласынан шамамен 60 км жоғары жерде
ХІІІ ғасыр басында Жошы
ұрпақтары
негізін
салған
Сарайшық
қаласы
орталығы
болған
ноғайлықтардың саяси мағынасы жойылды. Қақтығыстармен ойрандалған
ноғай жері ноғайлықтар топтарының және княздары жоқ орыс
қаңғыбастарының паналайтын жеріне айналды. Осы жерде патшалы Ресейдің
Достарыңызбен бөлісу: