адамдар) ұйымдастырылады. Жоңғар елінен қалмықтар қоныс аударып
келгенде, Ресей олармен одақтасып, солардың көмегімен Крымды жаулап
алады. Крымда Жошы ұлы Тоқай-Темірдің ұрпақтары Керейлер әулетінің
иелігінің аяқталуы 1783 жылға қарайды. Енді ХVІ ғасырдың екінші
жартысынан ресейлік көп ұлтты және поликонфессиялық
мемлекеттілік
дәуірі, Еуразия кеңістігінің алдыңғы түркі-славяндық (6-15ғғ) орнына – орыс-
түркі (16-20ғғ) болып бірігу дәуірі басталады.
ХVІ ғасырдың соңғы ширегінен бастап Ресейдің шығыс саясатында
казактар бағаланбас роль атқарды. Еуразия тарихында маңызы зор казактар
феноменінің тамырлары ХV- ХVІ ғасырларға кетеді және Ермактың Сібірге
жасаған жорығымен байланысты жағдайларға тікелей қатысты болады.
Казактардың Ресей, Орталық Азия және Кавказ тарихындағы ролі қарама-
қайшы. Тарихнамада казактардың орыс тарихында шығу тегі мен ролі де әр
түрлі бағаланады. Орыстар үшін ол оның көмегімен Ресей империясының
кеңстіктік заңды деп танылуы жүзеге асырылған күш болып табылған. Бірақ
тарихи деректерге сүйене отырып, орыстарда казак институтының шығу тегі
туралы түркі нұсқасын қайта құрып көрейік. Бірақ бұл үшін алдымен Азияны
көздеп жүрген Мәскеудің саяси бейнесін жаңадан жасау керек және екінші
жағынан – казактардың қалыптасуының этникалық әлеуметтік процесінің
ұйымдасуы.
Ресейдің ХVІ ғасырдың екінші жартысындағы
шығыс саясаты Осман
және Парсы империяларымен экономикалық және саяси байланыстарды
қолдау, сонымен қатар Ұлы Моңғолдар империясымен байланыс орнату
мақсатымен қалыптасқан. Тағы да бір «таяу» бағыттың объектілері Ноғай
Ордасы, Сібір және Қазақ хандығы болған. Ол Ресей мемлекетінің
шекаралары ноғайларға, сібір және қазақ хандықтарына тиістіре
жақындағанда, Казань және Астрахан хандықтарын
жаулап алғаннан кейін
өзіндік мәнге ие болды.
Казаньды алуда көптеген ноғай мырзаларының нақты бейтараптығы
және олардың Астраханды иеленуде орыстарға көрсеткен көмегі Мәскеудің
екі хандықты да қосып алуын алдын ала шешті. Шамасы, Ноғай Ордасы бұл
жерде белгілі пайда көрген. Алтын Орданың мұрасы үшін күрестегі өз
ролінен бас тартқан жоқ. Бірақ ноғайлықтардың билік үшін өзара соғысы
оның ыдырауына әкеледі. Ноғай Ордасы ішінде Үлкен Орда бастысы болған
бірнеше дербес ұлыстарға ыдырауына қарамастан олардың билеушілері,
Мәскеу патшалары мен қазақ хандарына тәуелді болғандарына қарамастан,
Волгадан Ертіске дейінгі аймақта өз мақсаттарын көздеген. Оның үстіне
ноғай иелігінің құрамына Батыс Сібірдің де бір бөлігі кірген. 1554 жылы
Үлкен Ноғай Ордасының билеушісі Смайыл орыс патшасына берілгендік
туралы
ант берді, ал келесі жылы дәл осыны Едігер де істеді. Шамасы,
Сібірдегі ықпал үшін Орта Азияның және Қазақстанның шибанилық
(шейбанилық) билеушілеріне қарсы күресте одақтас табу ынтасы және
өздерін Ресей жағынан мүмкін қол сұғушылықтардан қауіпсіздендіру
мәселелері басты болған. Ноғай ақсүйектерінің Мәскеуді қолдайтын
бағдарын осман адмиралы Сейди Әли Реистің жазулары да растайды. 1554-
1557 жылдары ол Азия елдерін саяхаттап, оның ішінде Хорезмге де барған,
мұнда ол ноғайлардың орыстарды қолдайтын саясаты туралы ескертілді.
«Манғыттар, - деп жазады ол, - бөтен ел адамын көргенде,
оны орыстарға
жаулап береді».
Сібір хандығы жергілікті билеушілердің шығу тегі Шыңғыс ханның
үлкен
ұлы
Жошының
баласы
Шейбаниге
тірелетін
бухара
шейбанилықтарының өкілдері болған билеушілерімен тұрақты күресінің
алаңы болған. 1563 жылы Сібірге ену әрекеттері сәтті аяқталды: Сібір
аймағының бір бөлігінде бухара шейбанилығы Көшім хан таққа отырды.
Көшім ұлысының басты қаласы Іскер болды (қазіргі Тобольск ауданында).
1563 жылдан бастап Батыс Сібірде бірнеше тайталасушы ұлыстар пайда
болады. Бухара ханының қолдауына сүйеніп, Көшім Едігер мен оның ағасы-
бірігіп басқарушы Бекболатты жеңіп, оларды тұтқынға алып, өлтірді. Бірақ
жеңіс Көшімге оңайлықпен тиген жоқ. Жеті жыл бойы
сібірлік бас имейтін
ақ сүйектерімен – ноғай мырзаларымен және самодий тайпаларының
князьдарымен күресуге тура келді.
Шейбанилықтармен тайталас болған қазақ даласының хандарының
сондай-ақ Сібірде өз мүдделері болған. Ноғайлықтардың қайғылы тағдыры
туралы білген Көшім Хакк-Назар жағынан нақты қауіп-қатер сезінді. Оның
қауіптенуінің негізі болатын, өйткені қазақ хандарының Сібір оқиғаларына
қатысулары тек қазақ-ноғай қатынастарының жалғасуы ғана емес,
қазақ-
өзбек тайталасының да жалғасуы болып табылған. Бірақ «әскери міндеттерді
атқаратын татарлар» деп аталған ресейлік азаматтар болып кеткен
казандықтар, астрахандықтар және ноғайлықтар Мәскеуге Сібірді және
Қазақстанды иеленуде көмектесті.
1581 жылы орыс құжаттарында Волга жағалауларынан Камаға қашқан
атаман Ермактың казак жасағы туралы бірінші хабарлар пайда бола
бастайды. Строгановтар жоңғылармен, қарумен, оқ дәрімен және азық-
түлікпен
қамтыған бұл жасақ
Чусовая
өзені бойымен және Камень (Орал)
арқылы – Сібірге жылжып, өлкені жаулауды бастады. Олардың бірінші
әрекеттері «Сібір шежіресінде» бейнеленді, олардың баяндалуы жорықтан
соң қырық екі жылдан кейін жазылған кәрі ермактіктердің «аңыздарына»
негізделген. «Аңыздар» Ермак тұлғасы туралы сұраққа анық жауап бермейді.
Бұл аңыздар оны орыс патшасы үшін оңтүстік және батыс майдандарда
соғысқан, содан кейін Сібірге кеткен, құдайды сүйген және ер жүрек
Ермолай атты орыс казагы болған деген ойда азды-көпті бір пікірлі болған.
Ермактың шағын жасағында православилық
мәртебесінен айырылған діни
қызметкер болған, сондықтан кейіннен ол құдайдан безгендерге «Христос
сөзін» әкелді деп айтуға негіз болды. Қалай болғанда да 1636 жылдан кейін
Ермактың Сібірдегі ролі осылайша түсіндірілді. Ермактың Сібірге дейінгі
өткен күндері туралы мәлімет жоқтың қасы десе болады. Оның үстіне
бұрынғы өмірінен батырдың ноғайлық шығу тегіне, яғни шығу тегі ноғайлық
казак екендігіне сілтейтін барлық мәліметтер шығарылып тастаған.
Достарыңызбен бөлісу: