мағынада, мысалы, Әбілхайыр ханға қарсы шығып, 1459 жылы оның қоластынан Жетісуға кетіп қалған, сол жерде «өзбек-қазақ» атауына ие болған көшпенділер казактар деп саналған. Бұл процестер Алтын Ордадан кейінгі кеңістікте жаппай орын алған. Сол заманда казак болып тумаған, уақыт өте келе казак болған. Казактың өмір салтын белгілеу үшін арнайы термин қолданылған – казактандыру, казактар немесе казактық. Казактар институты қазақ халқының қалыптасуында орасан зор роль атқарды. Орал, Волга, Қара теңіз маңында, Солтүстік Кавказ даласында казактар институты сондай-ақ кеңінен таралған. Бірақ мұнда ол этникалық емес, әлеуметтік процестер негізі болды. Мұнда казактардан қалыптасқан «қоғамдар» ең бірінші кезекте өздерін азаттылар деп қабылдаған және сырттан да осылайша қабылданған. Және де Өрістің бұл бөліктерін алған казак қауымдарының этникалық құрамында «түркілер» басым болған. Уақыт өте келе түркілер орыстармен және басқа ұлттармен аралас болды. Сонымен, казактар – бұл өзіндік түркі-славян-кавказдың этникалық симбиозы. Бұл тұрғыда Ермактың казактар тобыры ерекше болған жоқ. Сонымен, казактар қалыптасуына түрлі этникалық топтар қатысып және онда түркі бастамасы салмақты болғанына қарамастан, дегенмен бірте- бірте ол орыстана бастайды. Мұның себебі Ресейдің казактарды жиі қызметке шақырғандығында. Казактардың орыстануы олардың күнделікті өмірінде түркі мәдениетінің ауқымды қабатының сақталуына кедергі келтірген жоқ. Тұрмыс, киім, қаруландыру және т.б. ең бірінші кезекте осылар казактар тұрмысының негізін анықтайтын әскери тәртіпке жатқан. Көпшілік казактар үшін орыс тілімен қатар «түркі» тілі дағдылы болған. Тіпті ХХ ғасырдың басында казактар орыс халқының бөлінбес бөлігі және Ресей мемлекеттілігінің берік тірегі болғанның өзінде Ресей империясының казак жасақтарындағы казактардың көпшілігі түркі тілдерін білген. Еске сала кететіні, ол кезде қазақ казакка «тамыр» , яғни «дос» деп сөйлеген, басқаша айтқанда «шығу тектері жақын». Сондықтан да шығар олардың көпшілігі өздерінің этникалық сәйкестігін толық жоғалтпағаны, бірақ олар үшін ең бастысы Ресей империясының ерекше