Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет28/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Код

Өндіруші ел

Код

Өндіруші ел

Код

Өндіруші ел

00-13

АҚШ және Канада

467

Қазақстан

599

Венгрия

30-37

Франция

470

Қырғызстан

594

Румыния

50

Ұлыбритания

470

Өзбекстан

690-692

ҚХР

380

Болгария

488

Тәжікстан

80-83

Италия

400-440

Германия

489

Гонконг

869

Түркия

460-465

Ресей

590

Польша

890

Үндістан

Соңғы таңба штрих кодтың түпнұсқа екенін тексеру үшін қолданылады. Бұл тексеру сомасы деп аталады.


Штрих кодты тексеру үшін бірқатар арифметикалық амалдарды орындау керек:
штрих кодтың жұп қатарындағы таңбаларды қосып, оны 3-ке көбейтіңіз;
тақ сандар қатарын құрайтын таңбаларды (соңғы таңбадан басқасын) қосыңыз;
алынған нәтижелерді(бірінші және екінші) қосып, олардан ондықтарды алыңыз, алынған соманың соңғы таңбасын қалдырыңыз;
Ондықтардан(үшінші) нәтижені алып тастаңыз, оны бақылау сомасымен(штрих кодтағы соңғы сан) салыстырыңыз. Егер таңбалар сәйкес келсе, ол – түпнұқса; сәйкес келмесе, түпнұсқа емес екенін көрсетеді.



  1. Берілген ақпараттарды пайдалана отырып, тұжырымдардың қайсысы дұрыс екенін анықтаңыз.

  1. Айсұлу мен Әйгерім матасы бірдей әртүрлі киім түрлерін алады.

  2. Әйгерім, Айару, Айсұлу үшеуінің сатып алған киімдерінің өлшемдері бірдей

  3. Айсұлу шалбар, Айару көйлек сатып алған.

  4. А) ІІІ, І В) тек І С) ІІ, ІІІ D) тек ІІІ Е) І, ІІ

2. Айарудың сатып алған киімінің түсі ақ, Әйгерімнің сатып алған киімінің түсі көк болса, Айсұлу қандай түсті киім сатып алғанын анықтаңыз.


А) қара В) көк С) қызыл D) ақ Е) жасыл
3. А және Ә мәтінінде берілген ақпаратты негізге ала отырып, Айсұлу, Әйгерім, Айарудың киімдерінің қай елде өндірілгенін анықтаңыз. Киімдердің штрих кодынан оның түпнұсқалылығын тексеріңіз.



Тұтынушылар

Тауар коды

Тауарды өндіруші мемлекет

Айсұлу







Әйгерім







Айару







4. Сіз қазақстандық тауар өндіруші болсаңыз, сіздің тауарыңыздың штрих коды қандай болар еді?


____________________________________________________________________________________________
5. Тауардағы штрих кодты анықтау тұтынушылар үшін, тауарды өндіруші үшін қаншалықты маңызды екенін үш сөйлеммен дәлелдеңіз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Тапсырма._Факт_пен_пікірдің_негізгі_айырмашылықтарын_көрсетіңіз.'>Тапсырма. Факт пен пікірдің негізгі айырмашылықтарын көрсетіңіз.



Мысалдар

Факт

Пікір

1

Біз мұхит суын ішу үшін пайдалануымыз керек.







2

Тірі қалу үшін сізге оттегі қажет.







3

Оттегі – ең маңызды элемент.







4

Жер бетінің 70% -ынан астамын мұхит құрайды.








Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.
А. Cпорттың бірінші кезектегі мақсаты – өзіндік «Меніңді» көрсету, үздік нәтиже мен белестерді бағындыру. Мұнда физикалық, интеллектуалдық деңгейі, жаттығулар, өз-өзіңді басқару мен эмоционалдық тұрақтылық сынға түседі. Мұндай мінездемелер шахматқа да сай. Алайда көптеген адамның пікірінше, шахмат спортқа жатпайды. Шахмат 100-ден аса мемлекетте спорт түрі болып қабылданған, ал халықаралық олимпиада комитеті шахматты спорт түрі ретінде ресми түрде 1999 жылы мойындады. Алайда ол кезде де шахмат олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмеген болатын. Олимпиадаға кірмеген бұл жалғыз спорт түрі емес. Шахмат шығармашылық ой-өрісті, интеллектті дамытып, есте сақтауды жақсартады. Мұнда дұрыс шешім мен оған жауапты дұрыс қабылдау маңызды болып саналады. Бұл спорт түрінде айқасқа тікелей әсер ететін тактикалық ойлау басты фактор болып саналады.
Бұдан өзге шахматшының физикалық дайындығы да мықты болуы тиіс. Физикалық әлсіз адам көп уақыт бойы отырып жаттығу жасай алмайды. Және ең соңғысы – бұл еңбекқорлық, жинақылық пен табандылық, себебі жарыстарға дербес жаттығу қажет болады. Демек, кезекті жеңісте психологиялық икемделу маңызды роль атқарады, әсіресе, егер қарсыластардың шеберлігі тең дәрежеде болса. www.bilim-all.kz
Ә. Шахмат – ақыл-ой спорты. Бұл спорт түрінің тарихының өзі ертеден басталады. Бүгінде шахматтың дамуы мен ілгері өрлеуі үшін талай жобалар қолға алынуда. Соның бірі – бұл спорт түрін қысқы Олимпиада ойындарына ендіру.
Бір қарағанда, шахмат пен қысқы Олимпиада ойындарына енетін спорт түрлерінің арасында ешқандай байланыс жоқ. Тіпті, арасы жер мен көктей. Десе де Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) Халықаралық Олимпиада федерациясынан шахматты қысқы Олимпиада ойындары бағдарламасына қосуды өтініп отыр. Арнайы хат та жолдап үлгерген. ФИДЕ президенті Кирсан Илюмжиновтың айтуынша, бұл мәселе жақын уақытта өз шешімін табатын көрінеді.
- Біз ХОК президенті Томас Бахпен 19 маусым күні Лозаннада кездесу өткізу туралы келісіп қойдық. Сол кездесуде шахматтың қысқы Олимпиада ойындарына қосылуы туралы мәселені талқылайтын боламыз. Арнайы өтініш те дайындап жатырмыз. Бізді 100-ге жуық Олимпиадалық комитеттер қолдап отыр, - деді Кирсан Илюмжинов.
Шахмат қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосылар болса, спорт тарихындағы ірі жаңалықтардың бірі болары сөзсіз. Кирсан Илюмжиновтың сөзіне сенсек, шахмат спорты бағдарламаға енер болса көптеген елдердің қысқы Олимпиадаға қатысуына жол ашылады екен.
«Мәдениет және тұрмыс» журналының 1959 жылғы ақпан айында жарық көрген Бекділда Абдуллиннің «Шахматшы Аида» деген мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.
Б. Жақында болып өткен бұл жарыста Аида Мүсілімова өзінің талантты шахматшы екенін тағы да көрсетіп, 2,5:1,5 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп ол Қазақстанның 1958 жылғы шахмат чемпионы деген атаққа ие болды. – Бұл жеңістер оңайшылықпен келген жоқ, – дейді Аида. Расында да, солай еді. Аида шахмат стратегиясы мен тактикасын үйрену үшін көп еңбек етті. Әлемге белгілі Ботвинниктің, Смысловтың және басқа гроссмейстерлердің шахмат теорияларын оқыды. Мұнымен қанағаттанбаған жас қыз дүние жүзінің бұрынғы чемпиондары Эйбаның және орыстың атақты шахматшылары Чигориннің, Алехиннің партияларына талдау жасады.
https://ruh.kz/2021/03/31/shahmatshy-aida/ | ruh.kz
1-қадам. Мәтінді мұқият оқыңыз. Кестенің сол жақ бөлігіне фактілерді жазыңыздар. Факт екенін дәлелдеңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет