Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет62/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
98 
мəңгі бақи осылай, көзге шыққан сүйелдей боп, қадалып тұрып 
алатындай. Ханым мұнараға өзі барғысы, көк қойнына бір шығып алып, 
сол арада қадалып тұрып қалған қаныпезер шебермен көзбе-көз 
жолығып, мұнараны тезірек бітіре гөр деп жалынғысы кеп кетті. Бірақ, 
оның реті қалай болатынын біле алмай көп сандалды. Күтуші кемпірмен 
ақылдасып керіп еді, əншейінде бұның ə дегенін екі еткізбей алып ұшып 
тұратын неме əлденеге кібіртіктей береді. «Əуелі қызметшілерді жіберіп, 
құрылыстың қалай жүріп жатқанынан анық-қанық хабар біліп алсақ 
қайтеді»,– деп қипақтайды. Астыртын жіберген қызметшілері де: 
«Құрылыс жақсы жүріп жатыр, күніне пəлен жүз тас қаланды, мұнара 
қазірдің өзінде Байтақ шаһардағы биік-биік деген мұнаралардың 
біразынан бой асырды, мынандай зəулім мұнараның басына тас жеткізудің 
өзі бір күш; мұндай кекпен таласқан мұнараның бұдан шапшаң біте қоюы 
мүмкін емес», – деп келеді. 
Бірақ соның бəрі ханымға бұның көңілін жұбатайын дегендердің əншейін 
ойдан қиыстырған мүлəйім əңгімесіндей көрінеді. Не де болса, мұнараны 
езі барып кермей, көңілі көншір емес. Күтуші кемпірдің бұдан арғы 
қипаңдағанына құлақ аспай, салынып жатқан мұнараны өзі барып 
кəретінін айтып, бас уəзірге адам жіберуге əмір етті. 
Уəделі күні уəзір мен бас шеберді, бір топ қызметшісін ертіп, өзі 
салдырып жатқан мұнараны көруге аттанды. 
Қызылды-жасылды күймелі керуен сарай қақпасынан шыға бере-ақ
күнде бақтың тасасынан қылтиып қана көрінетін қызыл қоңыр мұнара 
ханымның көзіне оттай басылып аспандап шыға келді. Бұлар жақындай 
түскен сайын асқақ мұнара көкке өрмелей түскендей тым биіктеп барады. 
Түбіне келіп, күймеден түскенде қызыл-қоңыр ңыш тастан қаланған тас 
бəйтерек ханымның таң-тамаша жанарынан жарық дүниені бір езі 
қалқалап, шалқалап жатып алды. Ханымның тұла бойын бір діріл билеп, 
қол-аяғы жеңілейіп сала берді. Екі қолтығынан демеген қызметшілері 
болмаса, мына қазір мамықтай қалықтап зəулім мұнараның ту-ту ұшар 
басына бір-ақ шыға келердей. Мұнараға қарай апыл-құпыл асыға 
адымдайды. Бұл келеді деп айнадай жалтыратып тазалап қойған 
мұнараның айналасында құрақтай иіліп көп адам тізілісе қалыпты. 
Құлдар, қызметшілер, сарай адамдары. 
Бірақ бұның оларға көз салып жатуға мұршасы болмады. Бас шебер мен 
күтуші кемпір бастаған бес-алты қызметшінің алдына түсіп, мұнараның 
ішіне енді. Тас баспалдақпен жоғары өрмелей жөнелді. Біраздан соң 
өкпесі өшейін деді. Соңында келе жатқан қызметші қыздың алқына 
шыққан тынысы құлағын жарып барады. Мұнара ішіндегі тас түнек 
қараңғы қойыла түсті, қызметші қыздың қолындағы жалпылдақ шырақ 
болмаса, аяқ алып жүре алмастай. Құрылысшылардың тас тасығанда аяқ 
астын көрмекке жаққан шырақтарының түтінімен екі жақ қабырға қара 
күйеленіп қалыпты. Ханым малынған көйлегінің екі етегін қымқыра 
көтеріп ап, өрмелеп келеді. Біраз жүрген соң мұнараның ішіндегі қара 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет