Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы


Көркем шығармашылық: табиғаты мен тарихи негіздері



бет3/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
2

  1. Көркем шығармашылық: табиғаты мен тарихи негіздері

  2. Қаламгер дүниетанымы және өмір шындығының бейнеленуі

  3. Қазақ әдебиеті” анықтамалығы: мазмұны мен құрылымдық ерекшелігі

"Қазақ әдебиеті" энциклопедиялық анықтамалығында қазақ әдебиетіне қатыстыұғымдар, терминдер, әдеби процестегі оқиғалар мен құбылыстар, барлық ақын, жазушы, жыршы, жыраулардың, әдебиеттанушы ғыламдардың қысқаша шығармашылық өмірбаяндары әліпби тәртібімен жүйеленіп берілген. Қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихи даму сатыларын айқын аңғартатын ежелгі әдеби нұскаларға, ертегі-аңыздарға,батырлық, ғашықтық жыр-дастандарға, қиссаларға, елеуліәдеби туындыларға жеке мақалалар арналған.


Анықтамалық Абайдан бастап, әдебиетке қатысы бар тұлғалар туралы барша мәліметтерді көрсеткен. Анықтамалықта қаламгердің туған жылы, өмірбаяны, шығармалар тізімі мен әдеби жетістіктері толықтай жазылған.
Автор: Балтабай Әбдіғазиұлы
Беттер саны: 573
Жанр: Энциклопедия
Жыл: 2005
3

  1. Әдеби шығармашылық: жазушы мен өмір шындығы

  2. Жазушы ерекшелігі – стиль: көзқарас пен қолтаңба

  3. Әдебиет танытқыш” еңбегінің маңызы

1926 жылы сол кездегі астана Қызылордада беттеліп (әрине, цензурадан да өтіп), Ташкентте басылған Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» зерттеуі немесе оқу құралы –ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттануы деңгейін көрсететін іргелі де ізашар еңбек.


Біз Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» мазмұн жағынан ұлттың көркем өнер ерекшелігін толық аша алға­нын айтуға мүдделіміз. Ақаң осы еңбек хатқа түсіп жатқан кезеңде ел ақын-жазу­шы­ларының басын қосуды жоспар­лағанын, бірақ ол объективті-субъективті жағдай­ға байланысты өтпей қалғанын түсінді­ріп «Қалам қайраткерлері жайынан» атты мақала жазды («Еңбекшіл қазақ» газеті, 08.07.1922 жыл). Осында қаламгер: «Қазақ мәдениеті жәуіт, неміс, орыс, қатта ноғай мәдениетіндей болса, «қазақ», «қазақ» деп қайыра сөйлеп, ауыз ауыртып әуре болмай-ақ «көппен бірдей көрер» деп қояр едік. Қазақ айрықша сөз болатыны – халі айрықша болатындықтан», деп жазады.

«Әдебиет танытқыш» – көркем өнер­дің болмысы мен құрылымын, қазақ әде­биетінің ерекшелігі мен сипатын, әдеби үде­рістің мәнін, жанрлар қалыптасуының қоғам тағдыры мен талғамына қатысын, сөздің – өнерге, өнердің – пән ғылымына айналу жолын, сөз жүйесі мен ой жүйесінің мәйегін, өлең мен қара сөздің пішіндік, мазмұндық құрылысын, ауыз әдебиет пен жазу әдебиеттің дара соқпағын, басты жанрлар мен оның ішкі бөліністері қағидаттарын, әдебиет пен дәуір, әдебиет пен сана, әдебиет пен діл, әдебиет пен ой, әдебиет пен мүдде қарым-қатынасы жа­йын жік-жігімен түсіндіріп беретін ұлттық білім, таным, ғылым, әдістеме, әдіснама кешені.


Мұндағы әдебиеттану мен дүние­та­нымға байланысты 350-де аса термин (пән сөзі) мен атаудың бәрі де ұлт ұғы­мына суарылған, халық түсінігіне жақын­датылған. Ақаң фольклор мен авторлық әдебиетті алаш парасатының, дүниені тануының кілті ретінде қарағанын және соған сай көркем өнер мазмұнындағы рәміз, белгі, тұспал т.б. айқын көргенін аңғарамыз.


А.Байтұрсынұлы: «Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз - зейін тілі. Жалаң сөз – зейін байлығына қарайтын нәрсе, көркем сөз – қиял байлығына қарайтын нәрсе. Жалаң сөз дүниені тұрған қалпында алып айтады. Көркем сөз дүниені көңілдің түйген, қиялдың меңзеген әліпіне түсіріп айтады. Жалаң сөз айтқанын ақыл табуынша дәлелдеп, мәністеп, хақиқат түрінде айтады. Көркем сөз айтқанын қиял меңзеуінше бейнелеп, әліптеп, көбінесе ұйғару түрінде айтады, жалаң сөз дүниеде шын болған, шын бар нәрселерді әңгіме қылады», дей отырып, сөз бен сана, сөз бен бейне бай­ланысынан туындайтын ерекшелікті тұжырымдап жеткізеді.


Бүгінгі ғылым тіл білімі және әдебиет­тану деп жіктеген филология нысанасын Ақаң қарапайым тілмен, сала мамандарына да, жалпы көпшілікке де ұғынықты сөзбен былайша байыптатады: «Шығарманың екі жағы бар: 1) тысқы тіл жағы; 2) ішкі пікір жағы. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді: 1) шығарманың тілінің ғылымы; 2) шығарманың түрінің ғылымы. Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады. Түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы шығарманың тіл өңі жағынан – тіл я лұғат қисыны болып, маз­мұн жағынан – қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді». Мұны «тіл-әдебиет әліппесінің әліпті ережесі» деуге де болады.


Әдебиеттану көшбасшысының: «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге. Ақыл ісі – аңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі – меңзеу яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау», деп әдебиеттің мәні мен арқауын нақты жеткізуін де әрі шеберлік, әрі тапқырлық дер едік. Аз сөзге көп мағына сыйдыру осындай-ақ болар.


Сөз өнерін ғылым ретінде қарай келе, Ақаң: «Сөз өнерінде жұмсалатын зат – сөз. Сөз шумағы – тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалған сөз шумағы да – тіл я лұғат деп аталады. Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) ақын тілі; 2) әншейін тіл. Ақын тілі – айрықша өң беріліп айтылған сөз. Әншейін тіл – ондай өң берілмей, жай айтылған сөз» деп түйіндейді. Осы анықтамадағы «зат» деген ұғым тіл мен өнердің мән-мазмұнын, көркемдігін ашатын жанды тетікке айналғанда, түсінік пен таным ауқымы кеңейе түседі.


«Әдебиет танытқыш» – бүгінгі әдебиет­тануға жол ашқан жанрлық жіктеудің яки бөлудің басында тұрған еңбек. Мұнда фольклор («ауыз әдебиет») жанрлары, «діндар дәуір» әдебиеті жанрлары, «сындар дәуір» әдебиеті жанрлары айқындалып, іштей сараланған. Осы жіктеуді – ұлт ғалымына, тіпті Түркі дүниесі әдебиеттануына А.Бай­тұрсынұлы енгізген жаңалық деп ауыз толтырып айта аламыз.


А.Байтұрсынұлы өз тұсындағы әде­биет немесе әдебиеттанудың түрлі алаңда­рындағы ой-пікірлерді де қаперінен тыс қал­дырмайды. Еңбегінің бір жерінде: «Ауыз шығарманы (анайы әдебиетті) ауыз сөз деп ғана атап, жазба шығарманы (сы­­пайы әдебиетті) ғана танушылар бар. Бі­рақ қалай да асыл сөздің бәрі де тілдегі әде­биет есебінде жүріледі» деп, ала-құла та­ным үдерісінен хабар берсе, тағы бір жерде экспериментшіл футуристерді (1910-1920 жылдардағы «жаңашыл» өнер түрі) «жорғаға келмегендерді жорға деуге бол­майды» дей отырып: «Бұл заңнан тыс­қары бағытпен жол саламыз дейтін «пұтыр­шылар» деген бар, бірақ олардікі – әлі жол санына кірмеген жоспар сияқты нәрсе», деп түйреп өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет