Ер антропонимиясы. Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанның барлық
аймақтары бойынша ер аты-жөнінің рәсімделуінде 8 нұсқа кездесті:
102
1) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Оспанов Ерасыл Кайратович (-ов/-ев/-ин +
есімі + -евич/-ович), орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалған үш мүшелі
аты-жөні;
2) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Қажыкенов Ерсұлтан Алтайұлы (-ов/-ев/-ин +
есімі + -ұлы), тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, әке атына ұлы сөзі бірге қосылып жазылған үш мүшелі аты-жөні;
3) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Әбілтан Еркебұлан Пернебекұлы (тегі
аффикссіз + есімі + -ұлы), тегі аффикссіз жасалып, әке атына ұлы сөзі бірге
қосылып жазылған үш мүшелі аты-жөні;
4) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Балуанияз Алмас Абатович (тегі аффикссіз +
есімі + -евич/-ович) тегі аффикссіз жасалып, әке атына орыс тіліндегі -евич/-
ович аффикстері жалғанған үш мүшелі аты-жөні;
5) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Абдул Башир Хаһим, тегі аффикссіз + есімі + -
ұлы), тегі мен әке аты аффикссіз жасалған үш мүшелі аты-жөні;
6) тегі, есімі (ТЕ) – Абаев Диас (-ов/-ев/-ин + есімі) тегі орыс тіліндегі
аффикс арқылы жасалған екі мүшелі аты-жөні;
7) тегі, есімі (ТЕ) – Cәрсенбек Қастер (тегі аффикссіз + есімі) тегі
аффикссіз жасалған екі мүшелі аты-жөні;
8) әкесі, есімі (ӘЕ) – Нұрғазыұлы Нұрсейіт (-ұлы + есімі), әке атына ұлы сөзі жалғанып жасалған екі мүшелі аты-жөні;
Ер аты-жөні нұсқаларының пайыздық және сандық үлесі кестеде (кесте 16)
берілді.
Кесте 16 – 2017 жылғы білім гранты иегерлері арасында ер аты-жөні нұсқалары
№ Ер аты-жөні нұсқалары (2017 ж. білім гранты
иегерлері )
Саны
Пайыздық
көрсеткіші %
1
2
3
4
1
ТЕӘ (-ов/-ев /-ин + есімі + -ович/евич)
2268
20,88 %
2
ТЕӘ (-ов/-ев /-ин + есімі + -ұлы)
3415
31,45 %
3
ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ұлы)
4436
40,85 %
4
ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ович/евич)
5
0,05 %
5
ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + әке аты)
1
0,092 %
6
ТЕ (-ов/-ев /-ин + есімі)
41
0,38%
7
ТЕ (тегі аффикссіз + есімі)
430
3,96%
8
ӘЕ (-ұлы + есімі)
264
2,43%
Барлығы: 10860
Ер аты-жөні нұсқалары арасында ең көп қолданыс тапқан ұлты қазақ
азаматтар үшін аты-жөнінің ұлттық нұсқасы ретінде ұсынылған «тегі, есімі, әкесі» нұсқасы – 40,85 %-ды құрады. Рәсімделуі бойынша екінші сатыда 31,45
%-дық көрсеткішпен – ТЕӘ (-ов/-ев /-ин + есімі + -ұлы) аты-жөні нұсқасы
болған. Үшінші сатыда ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -ович/-евич) орыс тіліндегі
аффикстер арқылы жасалған үш мүшелі аты-жөні нұсқасы – 20,88 %.
103
Жиі таңдалған ер есімдері. 2017 жылғы білім гранты иегерлері арасында
ең жиі таңдалған 10 ер есімі кестеде (кесте 17) берілді.
Кесте 17 – 2017 жыл білім гранты иегерлері арасында жиі таңдалған ер есімдері
№
Ер есімдері (2017 ж. білім гранты иегерлері)
Саны
1
2
3
1
Әлішер
167
2
Әділет
144
3
Азамат
142
4
Данияр
136
5
Темірлан, Тимур
132
6
Диас
130
7
Нұрсұлтан
126
8
Нұржан
105
9
Нұрдәулет
103
10
Еркебұлан
100
Қазақстанның барлық аймақтары бойынша ең жиі таңдалған ер есімдері:
Әлішер – 167 рет, Әділет – 144 рет, Азамат – 142 рет, Данияр – 136 рет,
Темірлан (Тимур) – 132 рет кездесті. Жиі таңдалған он есім арасында нұр антропокомпоненті арқылы жасалған Нұрсұлтан, Нұржан, Нұрдәулет есімдері
назар аудартады. Қазақстанның барлық аймақтары бойынша таңдаулы есімдер
арасында Нұрсұлтан есімінің уәжі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың құрметіне
берілуімен түсіндіріледі.
2017 жылы ҚР білім гранты иегерлері арасында жиі қойылған ер
есімдерінің (2000 жылы Алматы қаласы бойынша жиі берілген есімдермен
сәйкес келмейтін) шығу тегі, жасалу жолдары мен мән-мағынасы төмендегідей:
Әділет, ар. ғадил – әділдік, шыншылдық, ақиқаттық [136, 31 б.].
Нұрсұлтан, ар. – әрлі, нұрлы сұлтан [136, 103 б.];
Нұржан, ар. нұр + ир. жан, яғни жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі
[136, 101-102 бб.];
Нұрдәулет, ар. нұр + дәулет; яғни байлығы, дәулеті, сәулеті жарасқан
[136, 101 б.];
Еркебұлан, қаз. – бір үйдің әлпештеген аяулысы, ерке тотайы [136, 63 б.].
Осы тұрғыда Қазақстанның барлық аймақтары мен Алматы қаласы
деректері негізінде 2000 жылы жиі қойылған ер антропонимдері бойынша бес
есімнің сәйкес келгендігін атап өтуге болады (кесте 18). Аталған 5
антропонимге: Әлішер, Азамат, Данияр, Темірлан, Диас есімдері жатады.
Кестеде көрсетілгендей, Данияр және Диас есімдері Қазақстанның барлық
аймақтарында және Алматы қаласы бойынша жиі таңдалған есімдер арасында
бірдей орындарда орналасуы назарды аудартады.
Сирек ер есімдері. Қазақстан аймақтары бойынша келесі сирек таңдалған
ер есімдері анықталды: Ақсауыт, Астана, Аязби, Әбиірбек, Белес, Бірлік,
Ғаламат, Ғасыржан, Ғұмырбек, Дидахмет, Жанмарал, Жансырым,
Жанымхан, Жәйберген, Қастер, Қолжігіт, Қосжан, Қосдәулет, Майқыби,
Мәртебе, Молшылық, Мыңжан, Ниет, Нөсер, Сүннәтіллә, Тулаған, Түлек,
Өжет, Өзтүрік, Өткір, Ұланғайыр, Хазіретәлі, Харунрашид, Шешен,
Ынтымақ. Аталған сирек есімдер арасында Ғасыржан антропонимі нәрестенің
жаңа ғасырда туылғаны жайлы нақты мәлімет береді. Сонымен бірге Майқыби,
Өзтүрік сынды құрмет есімдері де еркеше назар аудартады. Тілдік қатысымдылығы. 2017 жылғы білім гранты иегерлері арасында ер
антропонимдерінің жалпы саны – 1235. Ұлттық тіліміздегі және өзге тілдерден
енген есімдердің пайыздық үлесін анықтау мақсатында тілдік қатысымдылығы
айқындалды. Талдау нәтижесі төменде суретте (сурет 7) берілді.
Суретте көрсетілгендей, саны жағынан қазақ тіліндегі есімдер – 42,27 %-
бен басымдық көрсетті.
Екінші сатыда гибридті есімдер – 26,23 %-ды құраса, келесі сатыда араб
тілінен енген есімдер – 24,70 %-ды құрады.
Өзге шет тілдерден енген есімдердің сандық және пайыздық көрсеткіші
төмендегідей: евр. – 13 (Адам, Дәуіт, Жақып, т.б. – 1,05 %), герм. – 6 (Бернард,
Рауль, Эдуард, т.б. – 0,49 %), слав. – 6 (Богдан, Радмир – 0,49 %), монғ. – 5
(Алтай, Жамбыл, Құралбек, т.б. – 0,40 %), лат. – 4 (Алан, Армат, Марс, Марсель – 0,32 %), гр. – 2 (Арсен, Денис – 0,16 %), фр. – 1 (Марат – 0,08 %),
кельт – 1 (Артур – 0,08 %), исп. – 1 (Диас – 0,08 %).
105
Сурет 7 – 2017 жылғы білім гранты иегерлері бойынша ер антропонимдерінің
тілдік қатысымдылығы