Әйел антропонимиясы. 2000 жылғы деректерге сәйкес әйел аты-жөнінің
рәсімделуінде – 7 нұсқа болды:
1) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Бектасова Мадина Ержановна (-ова/-ева/-ина +
есімі + -овна/-евна) орыс тілі аффикстер арқылы жасалған үш мүшелі аты-жөні;
2) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Бакмолдиева Айдана Тореканқызы (-ова/-ева/-
ина + есімі + -қызы), тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, әке атына
қызы тіркеліп жазылған үш мүшелі аты-жөні;
3) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Құсайын Аяулым Жуматқызы (тегі аффикссіз +
есімі + -қызы), тегі аффикссіз жасалып, әке атына қызы бірге жазылған үш
мүшелі аты-жөні;
4) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Сарсенбек Амелия Наримановна (тегі аффикссіз
+ есімі + -евна/-евна), тегі аффикссіз жасалып, әке атына -овна/-евна
аффикстері жалғанып жазылған үш мүшелі аты-жөні;
5) тегі, есімі, әкесі (ТЕ) – Сарсенбаева Асель (-ова/-ева/-ина + есімі), тегі
орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалған екі мүшелі аты-жөні;
6) тегі, есімі (ТЕ) – Есенбек Бағнұр (тегі аффикссіз + есімі), тегі аффикссіз
жасалған екі мүшелі аты-жөні;
7) әкесі, есімі (ӘЕ) – Нағибуллақызы Аяжан (-қызы + есімі), әке атына
қызы жалғанған екі мүшелі аты-жөні;
2000 жылғы құжаттардағы деректерді сандық есептеу тәсілі бойынша
талдау нәтижесінде анықталған әйел аты-жөнінің рәсімделу нұсқаларының
сандық және пайыздық көрсеткіші кестеде (кесте 14) берілді.
Кесте 14 – 2000 жыл әйел аты-жөні нұсқалары
№
Әйел аты-жөні нұсқалары (2000 ж.)
Саны
Пайыздық
көрсеткіші (%)
1
2
3
4
1
ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -овна/евна)
1017
30,38 %
2
ТЕӘ ((-ова/-ева /-ина + есімі + -қызы )
1244
37,16 %
3
ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -қызы)
846
25,27 %
4
ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -овна)
4
0,12 %
5
ТЕ (-ова/-ева/-ина + есімі)
34
1,01 %
6
ТЕ (тегі аффикссіз + есімі)
26
0,78 %
7
ӘЕ (-қызы + есімі)
177
5,29 %
Барлығы: 3348
Әйел аты-жөні нұсқалары арасында саны жағынан ТЕӘ (-ова/-ева /-ина +
есімі + -қызы) – 37,16 %-ды құрап, ең жоғары пайыздық көрсеткішке ие болды.
Бұл нұсқада тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалса, әке атына -овна/-
евна орнына қызы бірге жазылған.
99
Келесі орында орыс тіліндегі үш мүшелі антропонимдік жүйеге сәйкес
аты-жөні нұсқасы (-ова/-ева/-ина + есімі + -овна/-евна) – 30,38 %. Одан кейінгі
сатыда ұлттық нұсқа ретінде ұсынылған ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -қызы)
аты-жөні нұсқасы – 25,27 %-ды құрады. Ең аз колданыста – 0,12 % пайызбен
тегі аффикссіз жасалып, әке атына орыс тіліндегі -овна/-евна аффикстері
жалғанған аты-жөні нұсқасы.
Жиі таңдалған әйел есімдері. 2000 жылы ең жиі таңдалған 10 әйел есімі
кестеде (кесте 15) берілді.
2000 жылы ең жиі таңдалған әйел есімдері: Аружан – 162 рет, Диана – 96
рет, Әнел – 73 рет, Дана – 69 рет, Мәдина – 68 рет. Аталған жылы жиі қойылған
есімдер арасында 1990 жылы жиі таңдалған есімдер бойынша ондыққа енген
Мәдина, Әйгерім, Әсел есімдері де кездеседі.
Келесі әйел антропонимдерінің ресми құжаттарда рәсімделуі бойынша
бірнеше нұсқасы айқындалды: Кәмилә есімінің – 7 (Камила, Камилла, Камиля,
Кәмиля, Кәмила, Камелия), Әнел есімінің – 5 (Анель, Анеля, Анелия, Анэлия),
Әйгерім есімінің – 4 (Айгерим, Айгерім, Айгерым), Диана есімінің – 4 (Дияна,
Дайана, Даяна) нұсқасы. Сәби аты-жөнінің рәсімделуі кезінде ата-анаға
еркіндік берілетін болғандықтан есімнің жазылуында көп нұсқалылыққа жол
беріледі, бұл қазақ антропонимиясында шешілуге тиісті маңызды мәселе болып
табылады.
Кесте 15 – 2000 жылы жиі таңдалған әйел антропонимдері
№
Әйел есімдері (2000 ж.)
Саны
1
2
3
1
Аружан
162
2
Диана
96
3
Әнел
73
4
Дана
69
5
Мәдина
68
6
Кәмила
67
7
Әйгерім
66
8
Айдана
65
9
Әсел
53
10
Алина
50
2000 жылы жиі таңдалған әйел есімдерінің (1990 жылмен сәйкес
келмейтін) шығу тегі, жасалу жолдары, білдіретін мән-мағынасы төмендегідей:
Аружан, қаз. ару – сұлу, көркем + ир. жан [136, 142, 138 б.];
Диана, лат. – пәктік пен ай құдайының атауы [136, 151 б.];
Әнел (Анелия, Анель), к. евр. – Анна есімінің нұсқасы [166, c. 256.];
Дана, ир. – білгір, данышпан [136, 151 б.];
Кәмила, ар. – 1) мүлтіксіз, кемел, жетістік, тұтас; 2) Жетілген, ержеткен; 3)
рас, ақиқат, шын; 4) гүлдің бір түрі, шайшөп (камелия) [128, 112-113 б.];
100
Айдана, қаз. ай + тәж. дана – білгір, данышпан, ғалым [136, 138 б.];
Алина, ар. 1) ар. сенімді, мүлтіксіз, қауіпсіз; 2) к. герм. асыл, ізгі, игілікті
[128, 25 б.].
Сирек әйел есімдері. 2000 жылы сирек берілген әйел антропонимдеріне:
Аделина, Ақберен, Ақжелең, Ақжүзік, Ақұлпа, Алсу, Амели, Ангель, Арнела,
Арулана, Арманда, Атина, Аэлита, Бәдинұр, Ванесса, Вильдана, Далида,
Данина, Дания, Даниса, Елсияра, Жизель, Каролина, Киара, Құран, Ламира,
Лария, Лилия, Люция, Низатель, Николь, Нұршаш, Орли, Ребекка, Розанна,
Руслана, Тамруз, Томирисясмин, Фарангис, Фатимасофия, Фахринұр,
Хайырниса (Хайриниса), Хива, Інжуару, Элизара, Элина, Эльфа, Эмма, Юлиана
есімдері жатады.
Ата-аналар тарапынан таңдалған сирек әйел есімдеріне бұрын қолданыста
болмаған жалпы есім сөзден, екі есімнен бірігіп жасалған есімдер, араб тілінен
енген есімдер, батыстық үлгідегі есімдер кіреді.
Тілдік қатысымдылығы. 2000 жылғы деректерге сәйкес жалпы саны – 469.
Әйел есімдерінің тілдік қатысымдылығы айқындалды. Олардың сандық және
пайыздық көрсеткіштері суретте (сурет 6) берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |