Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет78/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Ер  антропонимиясы.  Жинақталған  тілдік  материалды  саралау 
нәтижесінде ер аты-жөнінің рәсімделуі кезінде 7 түрлі нұсқа кездесті: 
1) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Даркембаев  Ералы  Ердосович  (-ов/-ев/-ин  + 
есімі + -евич/-ович) орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалған үш мүшелі аты-
жөні; 
2) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Омаров Ернияз Жомартұлы (-ов/-ев/-ин + есімі 
+  -ұлы),  тегі  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  жасалып,  әке  атына  ұлы 
жалғанған үш мүшелі аты-жөні;  
3)  тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Таңатар  Батырхан  Бауыржанұлы  (тегі 
аффикссіз + есімі + -ұлы) тегі аффикссіз жасалып, әке атына ұлы жалғанған үш 
мүшелі аты-жөні;  
4) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Омар Дарын Медетович (тегі аффикссіз + есімі 
+  -евич/-ович)  тегі  аффикссіз  жасалып,  әке  атына  орыс  тіліндегі  -евич/-ович 
аффикстері жалғанған үш мүшелі аты-жөні;  
5) тегі,  есімі  (ТЕ)  –  Қабыланбаев  Аян  (-ов/-ев/-ин  +  есімі)  тегі  орыс 
тіліндегі аффикстер арқылы жасалған екі мүшелі аты-жөні;  
6) тегі,  есімі  (ТЕ)  –  Таңжарық  Алихан  (тегі  аффикссіз  +  есімі)  тегі 
аффикссіз жасалған екі мүшелі аты-жөні; 
7) әкесі, есімі (ӘЕ) – Ғалымұлы Мадияр (-ұлы + есімі), әке атына -ұлы сөзі 
жалғанып жасалған екі мүшелі антропонимдік жүйеге сәйкес аты-жөні;  
2010  жылғы  ер  аты-жөні  нұсқаларының  сандық  және  пайыздық  үлесі 
кестеде (кесте 22) көрсетілді. 
 
Кесте 22 – 2010 жыл ер аты-жөні нұсқалары 
 
№ 
Ер аты-жөні нұсқалары (2010 ж) 
Саны 
Пайыздық 
көрсеткіш (%) 





ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -ович/-евич)  
861 
18,84 % 

ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -ұлы)  
387 
8,47 % 

ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ұлы)  
2861 
62,60 % 

ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ович/-евич)  

0,07 % 

ТЕ (-ов/-ев/-ин + есімі)  
72 
1,58 % 

ТЕ (тегі аффикссіз + есімі)  
82 
1,79 % 

ӘЕ (-ұлы +есімі) 
304 
6,65 % 
Барлығы: 4570 


110
 
 
2010  жылы  тіркелген  ер  аты-жөні  нұсқалары  арасында  саны  жағынан 
ұлттық нұсқа ретінде ұсынылған ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ұлы) – 67,13 %-
ды құрап, басымдыққа ие болды.  
Екінші сатыда орыс тілі аффикстерімен жасалған ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + 
-ович/-евич) аты-жөні нұсқасы – 18,84 %-ды құрады. Келесі сатыда 8,47 %-бен 
–  тегіне  -ов,-ев,-ин  аффикстері  жалғанған,  ал  әке  атына  ұлы  сөзі  қосылып 
жазылған ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -ұлы) аты-жөні нұсқасы болды.  
Жиі таңдалған ер есімдері. 2010 жылғы деректер бойынша Алматы қаласы 
бойынша  ер  антропонимимдері  саны  –  632  болды.  Оның  ішінде  ең  жиі 
таңдалған 10 ер есімінің тізімі кестеде (кесте 23) берілді.  
 
 
Кесте 23 – 2010 жылы жиі таңдалған ер есімдері 
 
№ 
Ер есімдері 
Саны 




Әлихан 
121 

Ерасыл 
110 

Мирас 
92 

Әли 
90 

Бейбарыс 
82 

Темірлан, Тимур 
81 

Дінмұхамбет 
80 

Нұралы 
79 

Диас 
78 
10 
Әмір 
76 
  
Кестеде көрсетілгендей, 2010 жылы ең жиі қойылған ер есімдері: Әлихан – 
121  рет,  Ерасыл  –  110  рет,  Мирас  –  92  рет,  Әли  –  90  рет.  Тізімдегі  Темірлан
Диас,  Дінмұхамбет  есімдері  2000  жылы  жиі  таңдалған  есімдер  қатарында 
екенін атап өтуге болады. Келесі ер есімдері ресми құжаттарда бірнеше нұсқада 
жазылып  рәсімделген:  Нұралы  (Нұрали,  Нұрәли,  Нұрәлі,  Нұрәлім),  Темірлан 
(Темерлан, Темирлан, Тамерлан), Әли (Әлі, Али), т.б. 
2010 жылғы деректерге сәйкес жиі қойылған ер есімдерінің (2000 жылмен 
сәйкес келмейтін) шығу тегі мен білдіретін мағынасына тоқталып өтейік: 
Әлихан, ар. – ғали + қаз. хан [128, 297 б.]; 
Ерасыл, қаз. – аса аяулы, нағыз батыр [136, 61 б.]; 
Мирас, ар. – мұра, артта қалатын көз, тұяқ [136, 94 б.]; 
Әли, ар. ғали – биік, аса зор, заңғар [136, 33 б.];  
Бейбарыс,  к.  т.  –  түркі  тектес  мәмлүктер  арасынан  шыққан,  Мысырды 
билеген  сұлтан,  ортағасырлық  мысырдың  аса  ірі  әскери  және  мемлекет 
қайраткері Байбарыс, Бибарыс (1271/18, Қазақ даласы – 1277, Дамаск) [128, 54 
б];  
Нұрәли,  ар.  –  араб  тілінде  нұр  дегеніміз  жарық  сәуле.  Әлидің  нұры  яки 
Әлидің жарығы [136, 100-101 бб.]; 


111
 
 
Әмір, ар. – 1) әкім, бастық; 2) нұсқау [136, 33 б.]; 2010 жылы жиі таңдалған 
ер антропонимдері арасында Әлихан (Бөкейханов), Ерасыл (Қабанбай батырдың 
шын  есімі),  Бейбарыс  (сұлтан),  Темірлан  (Әмір  Темір)  сынды  құрмет 
есімдерінің  уәжі  тарихи  тұлғалар  мен  ұлт  зиялыларын  ұлықтаумен 
түсіндіріледі. 
Сирек  ер  есімдері.  2010  жылы  сирек  қойылған  ер  есімдері  төмендегідей: 
Абдуалиф,  Абдуллатиф,  Ағыл,  Адлен,  Айбұлан,  Айса,  Айсері,  Ақылтас
Аланқожа,  Алғыс,  Ардатай,  Армиль,  Әлхамидулла,  Әмірзада,  Байел,  Бельгер
Біләлражәби,  Дінәли,  Жанәлихан,  Қайырлы,  Қуанәділ,  Мәдизеинуайс, 
Мұхаммедәлішер,  Мұхаммедясин,  Нұрбарыс,  Нұрмұхаммедәли,  Нұрсүлеймен, 
Өмірсұлтан,  Сауат,  Саммит  (Саммитхан),  Сеңгір,  Тағырат,  Таумұрат
Хабибрахман, Хайдармырза, ХандиярХансұлтан, ШынәлиЭдуардЭрнест.  
Сирек  ер  есімдерінің  басым  көпшілігі  араб  екі  немесе  үш  есім  сөзден 
жасалған  күрделі  есімдер  және  қазақ  тілінде  жалпы  есім  сөзден  жасалған 
антропонимдер болып келеді.  
Берілген  есімдер  ішінде  құрмет  есімдеріне  Бельгер  есімін,  яғни 
Қазақстанның  халық  жазушысы, сыншы,  аудармашы,  публицист,  әдебиет 
зерттеушісі және қоғам қайраткері, ҚР Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік 
және  рухани  келісім  сыйлығының  лауреаты  Герольд  Карлович  Бельгердің 
(тегінің)  құрметіне  берілген  есімді  жатқызуға  болады.  Сонымен  қатар 
Нұрсамит,  Самит,  Саммитхан  –  2010  жылы  Астана  қаласында  өткізілген 
Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  ұйымы  саммитінің  құрметіне 
арналып  қойылған.  Заманауи  қазақ  антропонимдерінде  бастапқы  екі  әріптің 
орнын  ауыстыру  нәтижесінде  кейпі  өзгерген  есімдер  кездеседі.  Мысалы: 
Армиль – араб тіліндегі Рамиль есіміндегі алғашқы екі әріпті алмастыру арқылы 
жасалған.  
Тілдік  қатысымдылығы.  Алматы  қаласында  2010  жылы  сәбилерге  жалпы 
саны – 632 есім берілген. Антропонимдерге жасалған стратиграфиялық талдау 
нәтижесінде олардың саны мен пайыздық көрсеткіштері анықталды (сурет 9).  
 
 
Сурет 9 – 2010 жылғы ер антропонимдері тілдік қатысымдылығы 
 


112
 
 
2010  жылы  сәбилерге  берілген  есімдердің  арасында  саны  жағынан  –  32,28 
%-бен  араб  тілінен  енген  есімдер  басым  болды.  Келесі  орында  қазақ  (түркі) 
тіліндегі есімдер – 30,06 %-ды құрады.  
Одан кейін орында гибридті есімдер – 27,37 %-ды құрады. Саны жағынан ең 
төменгі 5,22 % пайызбен парсы тіліндегі есімдер болды. 
Өзге  шет  тілдерден  енген  ер  есімдері:  евр.  –  14  есім  (Рафаэль,  Сүлеймен
Ілияс – 2,21 %), слав. – 5 есім (РатмирЗамирРенат – 0,79 %), к. герм. – 3 есім 
(Роллан  (Роланд),  Эдуард,  Эрнест  –  0,47  %),  гр.  –  2  есім  (Арсен,  Денис  –  0,32 
%),  монғ.  –  2  есім  (Алтай,  Барлас  –  0,32  %),  лат.  –  2  есім  (Марк,  Максим  – 
0,32%), кельт – 1 есім (Артур – 0,16 %), фр. – 1 есім (Марат – 0,16 %), исп. – 1 
есім (Диас – 0,16 %), ағыл. – 1 есім (Саммит – 0,16 %).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет