Әйел антропонимиясы. Ұлттық нұсқа ретінде ұсынылған үш нұсқаның
болуына қарамастан 2010 жылы әйел аты-жөнінің рәсімделуінде келесі 7 нұсқа
кездесті:
1) тегі, есімі, әкесі – Қойсоймасова Айя Саматовна (-ова/-ева/-ина + есімі +
-овна/-евна) орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалған үш мүшелі аты-жөні;
2) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Оңғарова Меруерт Илиясқызы (-ова/-ева/-ина +
есімі + -қызы) тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, әке атына қызы
жалғанған үш мүшелі аты-жөні;
3) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Амангелді Балнұр Нұрболатқызы (тегі
аффикссіз + есімі + -қызы) тегі аффикссіз жасалып, әке атына қызы жалғанған
үш мүшелі аты-жөні;
4) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Жангирхан Кәусар Жомартовна (тегі аффикссіз
+ есімі + -евна/-евна) тегі аффикссіз жасалып, әке атына орыс тіліндегі -овна/-
евна аффикстері жалғанған үш мүшелі аты-жөні;
5) тегі, есімі (ТЕ) – Далабаева Жанерке (-ов/-ев/-ин + есімі) тегі орыс
тіліндегі аффикстер арқылы жасалған екі мүшелі аты-жөні;
6) тегі, есімі (ТЕ) – Тілеулес Аяулым (тегі аффикссіз + есімі) тегі аффикссіз
жасалған екі мүшелі антропонимдік жүйеге сәйкес аты-жөні;
7) әкесі, есімі (ӘЕ) – Қуатқызы Кәусар (-қызы + есімі), әке атына -қызы
сөзі жалғанып жасалған екі мүшелі аты-жөні;
Аталған аты-жөні нұсқаларының сандық және пайыздық үлесі кестеде
берілді (кесте 24).
Кесте 24 – 2010 жыл әйел аты-жөні нұсқалары
№
Әйел аты-жөні нұсқалары (2010 ж.)
Саны
Пайыздық
көрсеткіш (%)
1
2
3
4
1
ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -овна/-евна)
831
18,37 %
2
ТЕӘ (-ова/-ева /-ина + есімі + -қызы)
265
5,86 %
3
ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -қызы)
2751
60,82 %
4
ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -овна)
15
0,33 %
5
ТЕ (-ова/-ева/-ина + есімі)
38
0,84 %
113
24-кестенің жалғасы
1
2
3
4
6
ТЕ (тегі аффикссіз + есімі)
149
3,29 %
7
ӘЕ (-қызы + есімі)
474
10,48 %
Барлығы: 4523
Жоғарыда кестеде көрсетілгендей, 2010 жылғы әйел аты-жөні нұсқалары
арасында жоғары сатыда ұлттық нұсқа ретінде ұсынылған ТЕӘ (тегі аффикссіз
+ есімі + -қызы) аты-жөні нұсқасы – 60,82 %-ды құрады.
Келесі орында – 18,37% пайызбен орыс тіліндегі аффикстер арқылы
жасалған ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -овна/-евна) үш мүшелі аты-жөні болды.
Одан кейінгі сатыда ұлттық аты-жөні нұсқаларының бірі ретінде
қабылданған ӘЕ (-қызы + есімі) екі мүшелі аты-жөні нұсқасы – 1,62 %-ды
құрады.
Жиі таңдалған әйел есімдері. Алматы қаласы деректері бойынша 2010
жылы әйел антропонимдері – 483 болды. Оның ішінде ең жиі таңдалған 10 әйел
есімінің тізімі кестеде (25-кесте) берілді.
Кесте 25 – 2010 жыл әйел аты-жөні нұсқалары
№
Әйел есімдері (2010 ж.)
Саны
1
2
3
1
Әмина
159
2
Кәусәр
156
3
Аружан
141
4
Айша
137
5
Аяулым
131
6
Мәдина
120
7
Айзере
110
8
Айым
108
9
Диана
107
10
Жанел
104
2010 жылы ең жиі таңдалған әйел есімдері: Әмина – 159 рет, Кәусәр – 156
рет, Аружан – 141 рет, Айша – 137 рет, Аяулым – 131 рет, Мәдина – 120 рет.
Аталған жыл бойынша жиі қойылған есімдер арасында 2000 жылы
ондықта болған Аружан, Мәдина, Диана есімдері кездеседі. Келесі әйел
есімдері бірнеше нұсқада рәсімделген: Диана (Даяна, Дайана, Дайяна), Айша
(Аиша, Айше), Кәусәр (Кәусар, Каусар). Кісі есімдерінің емлесі ұсынылып,
қабылданған Жарлыққа қарамастан ата-анаға бала есімін рәсімдеуге еркіндік
берілуі салдарынан бір есім бірнеше нұсқада жазылып жүргендігін атап өтуге
болады.
114
Сонымен жиі қойылған әйел есімдерінің (2000 жылмен сәйкес келмейтін)
шығу тегі, жасалу жолдары мен білдіретін мән-мағынасы төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: |