Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет76/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Әйел  антропонимиясы.  2017  жылғы  грант  иегерлерінің  (ұлты  қазақ 
азаматтардың)  аты-жөндерін  саралау  нәтижесінде  7  түрлі  әйел  аты-жөні 
нұсқасы  кездесті.  Олардың  сандық  және  пайыздық  көрсеткіші  кестеде  (кесте 
19) берілді. 
Қазақстанның  барлық  аймақтары  бойынша  білім  гранты  иегерлері 
материалы негізінде анықталған әйел аты-жөні нұсқалары төмендегідей: 
1) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Бектасова Мадина Ержановна (-ова/-ева/-ина + 
есімі + -овна/-евна) орыс тілі аффикстер арқылы жасалған үш мүшелі аты-жөні
2) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Ермекбаева Аружан Ғаниқызы (-ова/-ева/-ина + 
есімі + -қызы), тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, әке атына қызы 
тіркеліп жазылған үш мүшелі аты-жөні;  
3)  тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Кеңесбек Ақпейіл Абзалқызы (тегі аффикссіз + 
есімі + -қызы), тегі аффикссіз жасалып, әке атына қызы сөзі бірге жазылған үш 
мүшелі аты-жөні;  
4) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Тоғызбай  Элизабетти  Калихановна  (тегі 
аффикссіз + есімі + -евна/-евна), тегі аффикссіз жасалып, әке атына -овна/-евна 
аффикстері жалғанып жазылған үш мүшелі аты-жөні;  
5) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕ)  –Ақтаева  Сая  (-ова/-ева/-ина  +  есімі),  тегі  орыс 
тіліндегі аффикстер арқылы жасалған екі мүшелі аты-жөні;  
6) тегі,  есімі  (ТЕ)  –  Қуаныш  Інжу  (тегі  аффикссіз  +  есімі),  тегі  аффикссіз 
жасалған екі мүшелі аты-жөні; 
7) әкесі,  есімі  (ӘЕ)  –  Нұржігітқызы  Айжанар  (-қызы  +  есімі),  әке  атына 
қызы жалғанған екі мүшелі аты-жөні;  
Сонымен  2017  жыл  білім  гранты  иегерлері  бойынша  әйел  аты-жөнінің 
рәсімделу нұсқалары кестеде (кесте 19) берілді. 
Әйел  аты-жөні  нұсқалары  бойынша  саны  жағынан  ұлттық  нұсқа  ретінде 
ұсынылған ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -қызы) аты-жөні нұсқасы – 40,11 %-
ды құрап, ең жоғары пайыздық көрсеткішке ие болды.  


106
 
 
Келесі орында  ТЕӘ ((-ова/-ева /-ина +  есімі + -қызы) аты-жөні нұсқасы  – 
34,68 %-ды құрады. Бұл нұсқада тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалса, 
әке атымен қызы сөзі бірге жазылған.  
Одан  кейінгі  сатыда  орыс  тіліндегі  үш  мүшелі  антропонимдік  жүйеге 
сәйкес  аты-жөні  нұсқасы  (-ова/-ева/-ина  +  есімі  +  -овна/-евна)  –  18,11  %-ды 
құрады.  
 
Кесте 19 – 2017 жыл білім гранты иегерлері бойынша әйел аты-жөні нұсқалары 
 
№ 
Әйел аты-жөні нұсқалары (2017 ж. білім 
гранты иегерлері) 
Саны 
Пайыздық 
көрсеткіші (%) 





ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -овна/евна)  
3150 
18,11 % 

ТЕӘ ((-ова/-ева /-ина + есімі + -қызы ) 
6205 
35,68 % 

ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -қызы)  
6975 
40,11 % 

ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -овна)  

0,02 % 

ТЕ (-ова/-ева/-ина + есімі)  
22 
0,13 % 

ТЕ (тегі аффикссіз + есімі)  
391 
2,25 % 

ӘЕ (-қызы + есімі)  
643 
3,70 % 
Барлығы: 17390 
 
Ең  аз  колданыста  –  0,02  %  пайызбен  тегі  аффикссіз  жасалып,  әке  атына 
орыс тіліндегі -овна/-евна аффикстері жалғанған аты-жөні нұсқасы.     
Жиі таңдалған әйел есімдері. 2017 жылғы білім гранты иегерлері бойынша 
ең жиі таңдалған 10 әйел есімі кестеде (кесте 20) берілді.  
 
Кесте 20 – 2017 ж. білім гранты иегерлері бойынша жиі таңдалған әйел есімдері 
 
№ 
Әйел есімдері (2017 жылғы білім гранты иегерлері) 
Саны 




Аружан 
606 

Айдана 
451 

Әйгерім 
433 

Мәдина 
391 

Диана 
337 

Әсел 
329 

Арайлым 
324 

Ақерке 
 232 

Назерке 
 231 
10 
Әсем 
217 
 
2017  жылы  ҚР  білім  гранты  иегерлері  бойынша  жиі  қойылған  әйел 
есімдерінің  (2000  жылы  Алматы  қаласы  бойынша  жиі  берілген  есімдермен 
сәйкес келмейтін) шығу тегі, жасалу жолдары мен мән-мағынасы төмендегідей: 


107
 
 
Арайлым, қаз. ару – сұлу, көркем + ир. жан [136, 138 б.];  
Ақерке, қаз. – қылықты, пәк сезімді сұлу [136, 149 б., 152 б.]; 
Назерке,  ир.,  қаз.  –  ир.  ноз  –  еркелік,  наздық  +  каз.  ерке  –  айтқанын 
істететін шолжың, еркін [136, 149 б., 152 б.]; 
Әсем, қаз. – сән, көрік, әдемі [136, 144 б.]. 
Сонымен  Қазақстан  бойынша  2017  жылғы  білім  гранты  иегерлері 
бойынша  ең  жиі  таңдалған  әйел  есімдері  төмендегідей:  Аружан  –  606  рет, 
Айдана – 451 рет, Әйгерім – 433 рет, Мәдина – 391 рет кездесті.  
Жинақталған  материалды  талдау  барысында  белгілі  болғандай  әйел 
антропонимдері  бірнеше  нұсқада  жазылған.  Мысалы,  Мәдина  есімінің  –  6 
(Мадина,  Медина,  Медиана,  Мәдійнә,  Мадиням),  Әйгерім  есімінің  –  8 
(Айгерим,  Айгерім,  Айгерм,  Айгерем,  Айгерима,  Айкерім,  Әйкерім),  Әсел 
есімінің – 5 (Асел, Асель, Аселья, Аселия) нұсқасы кездеседі. 
Сирек  әйел  есімдері.  Қазақстанның  барлық  аймақтары  бойынша  сирек 
берілген  есімдер:  Айғақ,  Айжүз,  Айсапар,  Айсүйген,  Айтулым,  Ақбалғын
Ақжайнақ,  Ақиық,  Ақкүн,  Ақмұнар,  Ақнәрлі,  Ақперне,  Ақтұрсын,  Аманғайша
Америке,  Балмекен,  Бүлдірген,  Гүлмамыр,  Ғайыпгүл,  Ғибадат,  Ділмира
Зейлімарал,  Кермеқас,  Көктемгүл,  Көрікті,  Қайырлы,  Қолқанат,  Мәртебе
Мейрамнұр,  Миллениум,  Момынай,  Намаз,  Нұрбейне,  Оралсын,  Өміргүл
Өскенгүл,  Пида,  Сыйлыгүл,  Таңсу,  Тәттігүл,  Тәттізат,  Теңгеш,  Тоғай,  Үлбір
Шамшырақ.  Сирек  таңдалған  есімдер  арасында  Миллениум  (лат.  millenium  – 
мыңжылдық)  есімі  ерекше  назар  аудартады.  Аталған  есім  сәбидің  жаңа 
ғасырда, 2000 жылы дүниеге келгендігі жайлы ақпарат береді. 
Алматы  қаласы  бойынша  2000  жылы  жиі  қойылған  әйел  есімдерімен 
сәйкес келетін бес есімнің анықталғанын атап өтуге болады (кесте 21). 
 
Кесте 21 – 2000 жылы Қазақстан аймақтары және Алматы қаласы бойынша жиі 
қойылған әйел есімдері 
 
№ 
Әйел есімдері (2017 ж. білім 
гранты иегерлері) 
Әйел есімдері (2000 ж. Алматы 
қаласы) 




Аружан 
Аружан 

Айдана 
Диана 

Әйгерім 
Әнел 

Мәдина 
Дана 

Диана 
Мәдина 

Әсел 
Кәмила 

Арайлым 
Әйгерім 

Ақерке 
Айдана 

Назерке 
Әсел 
10 
Әсем 
Алина 
  


108
 
 
Қазақстанның  барлық  аймақтары  бойынша  білім  гранты  иегерлері  (2000 
жылы дүниеге келген) мен Алматы қаласы бойынша 2000 жылы жиі таңдалған 
әйел  есімдерін  салыстыру  нәтижесінде  6  есімнің  (Аружан,  Айдана,  Әйгерім
ДианаӘсел) сәйкес келгендігін атап өтуге болады.  
Сонымен  қатар  әйел  есімдері  ішінде  Аружан  есімінің  Қазақстанның 
барлық  аймақтарында  және  Алматы  қаласы  бойынша  жиі  таңдалған  есімдер 
арасында бірінші орында екендігін атап өтуге болады. 
Тілдік қатысымдылығы. 2017 жылғы білім гранты иегерлері бойынша әйел 
антропонимдерінің жалпы саны – 1116. Ұлттық тіліміздегі және өзге тілдерден 
енген есімдердің тілдік қатысымдылығы анықталды (сурет 8) берілді.  
 
39,25 %
16,49 %
12,54 %
23,65 %
8,07 %


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет