Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


A квадранты: маңызды және шұғыл істер



Pdf көрінісі
бет70/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

квадранты: маңызды және шұғыл істер. 
Аса маңызды істер. Егер олар орындалмаса, мақсатқа қауіп төнеді. 
Ол – өмірдегі үлкен қиындықтарды болдырмау үшін шешілуі керек тапсырмалар. Мысалы, 
денсаулық мәселелері. 
Егер сен тиімді «орындаушы» болсаң, онда бұл квадрант бос болады: біз істі ушықтырмаймыз. 
Бірақ біз тиімді «орындаушы» емеспіз, сондықтан бұлай болмауы мүмкін. Ең бастысы, істер 
сирек және аз мөлшерде болуы тиіс. Егер ондай тапсырмалар тізімінің жартысы болса – қиын 
болады. 
Алайда үрейленудің қажеті жоқ. Бұл квадранттың бос болуы үшін алдымен басқа 
секторлардың мазмұнымен жұмыс істеу керек. 
B квадранты: маңызды, бірақ шұғыл емес істер. 
Негізгі қызмет. 
Мұнда барынша назар аудару керек тапсырмалар болады. Осы квадрантпен кім жақсы жұмыс 
істесе, сол адам мақсатына жетеді. Біз шұғыл емес, бірақ маңызды тапсырмаларды дүрбелеңге 
салынып орындамаймыз. Оларды мүмкіндігінше тиімді орындау үшін ешқандай кедергі жоқ. 
Тек ұзаққа созбау керек – осы квадранттағы тапсырмалар А секторына ауысуы мүмкін.
C квадранты: шұғыл, бірақ маңызды емес істер. 
Алаңдататын факторлар. 
Бұл тапсырмаларды орындау мақсатқа жетуге көмектеспейді, олар шынымен маңызды 
нәрсеге назар аударуға кедергі келтіреді, тиімділікті төмендетеді және шаршатады. 
Жағымсыз квадрант – бұл сектордағы істерді А квадрантының істерімен шатастыру және 
басымдықтарда шатасу қаупі бар. 
D квадранты: шұғыл емес және маңызды емес істер. 
Парадоксалды квадрант, өйткені мұнда келесідей істер болады: 
ешқандай пайдасы жоқ; 
сүйікті істеріміз. 
Құлақ түрейік. Мұнда сүйікті музыкамыз естіледі, ыңғайлы кресло күтеді және мидың 
қатысуы қажет емес. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
78 
Әлеуметтік желілер, телефонмен және мессенджерлермен сөйлесу, желі арқылы серфинг 
жасау, компьютерлік ойындар – біз өзімізді «бұл да жұмыс үшін» немесе «кейде тынығу 
керек» деп сендіруге тырысамыз. 
Эйзенхауэр матрицасын тайм-менеджментте қалай қолдануға болады? 
Тайм-менеджментте көптеген әртүрлі, кейде бір-бірімен онша үйлеспейтін әдістер мен 
техникалар бар. Бұл кемшілік емес, өйткені адамдар әртүрлі болады. Біреуі үшін керемет 
нәрсе екіншісіне қолайлы болмайды. Сондықтан әртүрлі әдістерді қолданып, қолайлы 
техниканы таңдауға тура келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет