Помидоро әдісі: Орындайтын тапсырманы анықтау.
Қызанақты (таймерді) 25 минутқа қою.
Таймер қоңырау шалғанша дейін ештеңеге алаңдамай жұмыс істеу. Егер алаңдататын нәрсе
пайда болса, оны жазып алып, дереу жұмысқа оралу.
Қысқа үзіліс жасау (3-5 минут).
Әрбір 4-ші «қызанақтан» кейін ұзақ үзіліс жасау (15-30 минут).
Әдістің авторы механикалық таймерді, қағазды және қарындашты қолдана отырып, төмен
технологиялық тәсілді ұсынады. Таймерді физикалық түрде орнату пайдаланушының
тапсырманы орындауға деген шешімін баса көрсетеді, ал тықылдау уақыттың өтіп жатқанын
еске салады және қоңырау үзіліс туралы хабарлайды.
Осы принцип бойынша жұмыс істейтін көптеген қолданбалар бар: Pomodoro Timer (Telegram
бот), pomotodo.com (веб, Windows, MacOS, Android, iOS).
Уақытты қалай басқаруға болатынын түсіндік. Ал өзімізді қалай басқаруға болады? Өзіндік менеджмент – өзін-өзі басқару қабілеті, уақытты, кеңістікті, қарым- қатынасты басқару процесін жүргізу мүмкіндігі. №1 қағидат. ҰЙҚЫ Ұйқының тиімді екенін қалай түсінуге болады?
- Таңертең өз күйімізге назар аударамыз. Егер сергек болсақ, бұл жақсы нышан.
- Кешке өз күйімізге назар аударамыз. Егер қатты шаршасақ, мәселенің бар екені анық.
- Таңертең және кеш – көрсеткіш болып табылады. Есте сақтайық, ең алдымен ми, содан
кейін дене шаршайды.
Тапсырма: қанша уақыт (және қай сағатта) ұйықтайтыныңды жаз. Уақыты – 2 минут.
Жұптасып, бір-біріңнің ұйқы кестелеріңді талдаңдар. Жазу уақыты – 5 минут.
№2 қағидат. ӘДЕТТЕР Джим Рон: «Жетістік – бұл күн сайын қайталанатын бірнеше дағдыларды қалыптастыру».
Дұрыс әдетті дамыту үшін не қажет? Қадамдардың реттілігі мынадай:
- Дамытқымыз келетін әдеттердің тізімін жасау. Біреуін таңдау.
- Ол туралы білетін барлық нәрсені анықтау, соның ішінде қиындықтары туралы білу.
- Өмірге жаңа әдетті енгізуге қанша уақыт бөлу керектігін жоспарлау. Әдетте кем дегенде 3
апта кетеді.
- Мотивация көздерін табу.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
79
- Жаңа әдет бойынша жүйелі түрде жаттығу, өзімізді еңбекқорлығымыз үшін марапаттау.