Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет103/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

Эзра Паунд (1885-1972) - англо-америкалық поэтикалық имажизм мектебі­нің негізін қалаушылардың бірі. Бұл мектептің пайда болуы мен дамуының бастапқы кезі 1905-1909 жылдарға сай келеді. Осы кезде Томас Эрнст Хьюманың басшылығымен ағылшын және амери­калық Ричард Олдингтон, Эзра Паунд, Хильда Дулитл, Фрэнк Стюарт Флинт сынды жас талантты әдебиетшілер Лондонда бас қосып, өздерінің жиналыстарын өткізе бастайды.
Философия, эстетика, саясаттану, экономика саласындағы мәселелерді шешуге бағыт­талған лондондық топтың басшысы Т.Э.Хьюм болады. Бірақ ең басты әдебиет пен жаңа заман поэзиясына көп көңіл бөлінеді. Хьюманың негізгі ойлары оның «Ойлану» (1924) және «Тіл мен стиль жайлы мақала» (1929) атты еңбектерінен айқын көрінеді.
Романтикаға қарсы болғандардың ізін жалғастырушы Хьюм романтизмді гуманизмнің ең соңғы сатысы деп есептеді. Жаңа заман поэзиясы саласында Хьюм «Академиялық дәстүр­ден» бас тартуға шақырады. Америкалық модернизмнің поэзиясы Эзра Паунд шығармашы­лы­ғында беріледі.
Гамильтон колледжін (Нью-Йорк штаты) бітіріп, 1906 жылы Пенсильвания (Фила­дель­фия штаты) университетінің дипломын алып, Э.Паунд Еуропа бойынша үшінші саяхатына аттанады. Ол бұл жолы Лопе де Вега мен провансаль ақындары жайлы диссертациясына мате­риал іздеуге барған болатын. 1907 ж. Паунд АҚШ-қа қайтып келіп Уобеж-колледжіне роман тілдерін оқытушы ретінде жұмысқа қабылданады. Аз уақыттан соң Паунд қайтадан Еуропаға аттанады. 1908 ж. Венецияда оның «Өшкен жарықта» атты ең алғашқы кітабы 100 дана болып басылып шығады. 1916 ж. Паунд «Lustra» өлеңдер жинағы жарияланады.
1921 ж. Парижге, 1924 жылы Паунд жанұясымен бірге Италияға қоныс аударады.
Екінші Ұлы отан соғысы жылдарында Паунд антиамерикалық радиорепор­таж­дарымен (жалпы саны 125) көрінеді. 1945 жылы Паунд тұтқындалып, америкалық әскери күшке бері­леді. Алдымен 60 жастағы ақынды Пизадағы лагерьге жібереді, кейін Вашингтонға жібері­ліп, түрмеге қамалады. 1945 жылы 21 желтоқсанда қасиетті Элизабеттің жүйке ауруына шал­дық­қандар емхана­сына жатқызылады.
Паунд өзінің «Cantos» поэмасына қытай хроникасы мен Конфуций ілімдері, америкалық төңкеріс пен Джефферсонның тәуелсіздік декларациясы, Одиссей­дің оқиғалары секілді бірнеше тақырыптарды енгізді. Паунд әуенді композиция құрастыруға тырысқан. Журнал редакторы, ақын, сыншы, антология құрастырушы ретінде Паунд Америка мен Еуропа әдебиетіндегі модернизмнің дамуына зор үлес қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет