Лоренс Стерн (1713-1768). Кембридж университетін бітірген Стерн, Йоркширде дінбасылық қызметіне ие болып, өмірінің үлкен бөлігін сонда өткізеді. Оның «Сентименталды саяхат» кітабында кездесетін дінбасы Йорик Стерннің автопортреті болып табылады. Жалпы Стерннің «Өмір мен Тристрам Шендидің пікірі» және «Сентименталды саяхат» атты екі кітабы танымал болады. Байрон, Теккерей, Ш. Бронте сияқты ұлы тұлғалардың тарапынан бұл шығармалар үлкен сынға ұшарағанымен, Гейне мен Толстойдың тарапынан қолдау табады. Оның «Сентименталдық саяхат» атты кітабы 1768 ж. екі том болып шыққан. Бірақ бұл кітап аяқталмай жатып автор жарық дүниемен қош айтысады. Бұл шығарма Стерннің автопортреті, ал шығарманың бас кейіпкері Йорик сезімтал саяхатшы, оны елдердің ұлттық ерекшеліктері емес, адамдардың адамгершілігі ғана қызықтырады. Оның шығармалары арқылы Стерннің өз заманының ұлы жазушысы болғанын көре аламыз.
XYIII ғ. ағартушылық эсселер мазмұны жағынан да, формасы жағынан да ауқымды болып, үлкен сұранысқа ие болады. Аталған жанр елде болып жатқан жағадайға тез бейімделіп, онда сыни мақалалар, публицистикалық памфлет, тіпті ағартушылық романдардың бастапқы үлгілері де болған.
Дидро (1713-1784).1713 ж. Францияның ескі қаласы Ланграда дүниеге келеді. Оның әкесі қолөнерші болып, отбасындағы пышақ жасау өнері атадан балаға беріліп отырған. Отбасы ауқатты болады, сондықтан Дени Дидро астананың ең жақсы мектебінде білім алып, Париждің Гаркур колледжінде өз білімін жалғастырады. Әкесі ұлының өз нұсқауларын орындап, дін қызметшісі болмағаны үшін материалдық қолғабыс беруден бас тартады.
1746 ж. оның «Философиялық ойлар» атты еңбегі жарыққа шығып, Париждік соттың үкімімен бұл шығарма жендеттер арқылы отқа жағылады. 1749 ж. Дидро өзінің атеистік «Соқырлар туралы хат» атты шығармасы үшін 100 күнге Венсен сарайындағы түрмеге қамауға алынады.
1746 ж. Лебретон баспасы үлкен ғылыми сөздік шығару ниетімен оны «Энциклопедия» редакторы ретінде қызмет істеуге шақырады. Дидро осындай кішкентай ойды үлкен ғылыми-мәдени және саяси маңызы бар іс-шараға айналдырады. Ол барлық француз ағартушыларымен біріге отырып, көптеген қиындықтар мен өткір сындарға қарамастан, өмірінің соңына дейін ұлттық маңызы бар монументалды шығарма жасап шығарады. «Энциклопедия» 30 жыл көлемінде құрастырылады. Ол «Энциклопедияға» мыңға жуық мақала жазған. Бірақ 1759 ж. 3 қыркүйекте ХІІІ Климент бұйрығымен энциклопедияны жағуға үкім шығарылады.
Дидро материализм мен атеизмнің ұстанымдары бойынша өмір сүріп, материалистік принциптер айқын көрінетін «Табиғат пен философиялық принциптерді түсіндіретін ойлар» (1754), «Д’Аламбер мен Дидроның әңгімесі», «Д’Аламбердің түсі», (1769), «Физиологияның элементтері» (1774-1780) атты философиялық шығармаларды да жазады.
Дидроның көркем таланты драматургияда емес, прозаикалық новелларынан да көрінеді. К. Маркс Дидроның «Рамоның жиені» атты повестін оқып таң қалса, Энгельс оған «Диалектиканың жоғарғы көрінісі» деген баға береді. Бұл шығармада ұшқыр ойлы адамның әңгімесі жайында айтылады, олардың бірі (автордың өзі) кедей, байларды жек көретін, бірақ жоғары адамгершілік қасиеттердің иесі, адамзаттың иделы ретінде суреттелсе, екіншісі (Рамоның жиені) өзінің адамгершілік қасиеттері мен абыройынан бас тартқан, бір ғана өмірлік ұстанымы бар, тек өзінің сезімдерін қанағаттандыруды ғана ойлайтын адам ретінде бейнеленген. Ең басты кейіпкердің прототипі өмірде болып, оны Дидро өте жақсы білген. Дидро шын мәнісін де француз композиторы Жан Филипп Рамоның жиені болған. Рамо жағымпаздық аянышты лас өмір кешіп, 1771 ж. баспанаға да қол жеткізе алмастан дүние салған. Дидро ол адамның өмірінен сол дәуірге лайықты ерекше сипатты көрген.
Дидро бұл повесті жазуды 1762 ж. бастайды. Повесть автордың көзі тірісі кезінде басылып шықпайды, тіпті бір кездері ол жоғалып кетеді. Тек 1805 ж. оның көшірмелері Шиллердің қолына түседі де, ол Гетеге береді. Гете оны неміс тіліне аударып, басып шығарады. Тек 1823 ж. ғана түпнұсқасы табылып, Францияда басылып шығарылады.
Романтизм қарасыңында романның мүлдем жаңа түрі пайда болады. Бұл ақыл-ойдың иесі – жағымды кейпкерлерден бас тарту мен ағартушылық кезеңдегі оптимизмге қарсы болады. Ағартушылардың кафедрасы мен трибунасы театр болады. Филдингтің сатиралық комедиялары мен Гольдонидің тұтас драматургиясы, Бомаршенің «Фигароның үйленуі» мен Шиллердің «Қарақшылар» атты туындылары демократиялық бағытты ұстанатын көрермендерге арналған XYIII ғ. қоғамдық күрестің актілері болатын. Хольберг, Гей, Филдинг, Шеридан, Бомарше мен Гольдони сияқты асқан шеберлердің қыл қаламынан туындаған комедиялар үлкен жетістіктерге жетеді.