Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет68/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



  1. Шығыс елдеріндегі идеологиялық өмір.

  2. Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің өзара әсерлесуі мен өзара әрекеттілігі.

  3. Әдебиеттің демократиялық бағыты.

  4. Тибеттік және моңғолдық әдеби дәстүрлер.

XYIII ғасырдағы Еуропа әдебиеті

XYIII ғ. әлем әдебиеті дамуындағы ерекше кезең болып табы­ла­ды. Әлем­нің көп бөлігін­де феодалдық тәртіп сақталып, ортаға­сырлық мәдениет айтар­лық­­тай өзгере қоймай, Батыс Еу­ро­пада үш ғасыр бұрын басталған капиталистік даму өз жалғасын табады.


XYII ғ. болған Англиядағы өндірістік төңкеріс капитализмнің дамуын тез­де­теді. Ал Фран­цияда XYIII ғ. алдағы ұлы француз бур­жуа­зиялық төңкерісіне дайын­­дық кезең болатын.
XYIII ғ. Еуропа әдебиеті тарихында әдебиет саласындағы түрлі жаңалық­тар арқылы та­ны­мал болған. Ғасырдың бірінші жарты­сын­да Англия, Франция, Германия, Дания әдебиет­те­рінде маңызды өзгеріс­тер байқалды. Атал­ған елдерде өзгерістердің бағыты, ақын­дар мен жа­зу­шылардың эстетикалық тал­ғам­дары мен талаптары ұқсас болатын. Ғасырдың екінші жар­ты­сында Оңтүс­тік, Солтүстік және Шығыс Еуропа әдебиеттері бір арнада тоғысады. Деген­мен ағартушылық кезең әдебиетінің көркем сипаттары осындай ауқым­ды аймақ­тағы түрлі ұлттардың ерекшеліктеріне байланысты біркел­кі болмайды. Қоғамдық жағдайлар мен ағар­ту­шы­лық жұмыстардың ұлттық сипатты Англия­да жарық көрген «Робинзон Крузо» мен «Памела», ал Ресейде «Ақымақ бозбала», «Петербургтан Мәскеуге саяхат» сияқты кітап­тардың пайда болуы­мен түсіндіріледі.
XYIII ғ. Еуропада «ақыл-ой ғасыры» деп аталады. Батыс Еуропа­дағы ағартушылық кезеңнің басы оның «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» (1691 ж.) деген негізгі еңбегі жарыққа шықан кезбен сәйкес келеді десек болады. Джон Локк осы еңбегінде XYIII ғ. үлкен маңызға ие болған мәселе­лерді қозғап, оның бұл туындысы түрлі бағыттағы жазушылардың шығармашы­лығына, ғалымдардың дүниетанымы мен ойлау жүйесіне айтарлықтай әсер етеді.
XYIII ғ. екінші жартысында Еуропа елдерінде сентимантализм деп атала­тын жаңа әдеби бағыт дүниеге келеді. Осылайша, еуропа­лық ағартушылар өздері­нің адам туралы түсінік­те­рінде арнайы қағидаларға сүйенеді. Сол кездегі әдебиет те осындай қағидаларға негізделіп, оған қарсы келетін өмірдің барлық тұстарынан бас тартады. Бұл тұтастық түрлі шығарма­шы­лық бағыттағы (оның ішінде классицизм мен сентиментализм) ағартушыларды бір арнаға біріктіреді.
Еуропаның барлық елдерінде жаңа мазмұн мен жаңа форма­дағы шығарма­ларды дүниеге әкеліп, әдебиетке жаңаша көзқараспен қараған жазушылардың жаңа толқыны пайда болады. Әдебиет қоғамды қайта қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылып, осы арқылы XYII ғ. әдебиеттен ерекшеленеді. Көптеген жазушылар қоғамдық ойларды батыл әрі ашық жеткізе­тін халық жаршыларына айна­лады. Қайта өрлеу дәуірінде Петрарканың стилистикалық тә­сіл­­­дері мен поэтикалық тіліне еліктеп өлең жазған ақындарды петраркашылар десе, Вольтер­дің феодалдар мен шіркеу обуску­рант­­та­­рына деген жеккөруші­лігін уағыздап, тіпті қолына қалам ұстама­ған­дарды да вольтершілер деп атаған.
Вольтер (1694-1778) Парижде дүниеге келеді. Шын есімі Франсуа-Мари Аруэ (Вольтер - әдебиеттегі лақап аты). Ол дворян­дық ортадан шықпаса да, әкесі ауқатты буржуа болады. Вольтер Ұлы Людовиктің иезуттік колледж-аристократтық училищесінде білі­мін алған.
Вольтердің оппозиция­лық көңіл-күйі «Эдип» трагедиясында көрініс тауып, Руанада жасырын жазылған «Лига» поэмасында анық көрінеді. Халық арасында кең таралған Вольтердің поэмасы аз уақыттың ішінде үлкен құрмет пен жетістікке ие болады. Ол Фран­ция­ның әйгілі ақыны ретінде аты шығады. Бірақ қарапайым, үлкен талант иесі Отан алдындағы осындай дәрежесіне қарамастан, ақсүйек­тердің тіміскі әрекетте­рі­нен құтыла ал­май­ды.
Вольтер тарих, математика, философия туралы еңбектер, трагедиялар мен комедиялар жазған. Ол әйгілі «Орлеандық қыз» сатиралық поэмасын жарыққа шығарып, осы жылдары «Ма­га­мет» (1742) пен «Меропа» (1743) трагедияларын, «Қаңғыбас бала» (1736) мен «Нани­на» (1749) комедияларын, «Задиг» (1748) философиялық повесін, ал 1758 ж. өзінің әйгілі «Кандид және Оптимизм» атты повесін жазады.
Батыс елдерінде орын алған ұлттық даму түрлі дәрежеде болғаны­мен, ортақ бағыттарды да байқауға болады. XYIII ғ. орын алған ерекше құбы­лыс феодалдық құрылысқа қарсы идеологиялық қозғалыстар алдыңғы шепке шығып, жалпыға ортақ сипатқа ие болуы еді. Көп­те­ген еуропалық елдердегі әдебиеттің даму қарқынын анық­таған күшті қозғалыс (ағар­тушылық) пайда болып, антифеодалдық көзқарастар жүйесі қалыптасады.
Әдебиет ешқашан «Бақыт туралы ғылым» және адамзаттың экономикалық жетістігі ретінде өмірдің барлық тұстарын қамтитын философиямен тығыз әрі үйлесімді байланысқа түспеген еді. «Адамзат табиғаты» туралы мәселелер философтардың трактат­тары­мен қатар поэма, романдар мен пьесалардың беттерінде де қарастырыла бастайды. Философия­лық тұжырымдар ағартушы­лардың көркем шығармаларындағы кейіпкерлер арқылы талқыланып қана қоймай, шығарманың негізгі мақсатына айналады. Мысалы, «Кандид немес оптимизм» деп аталатын повесте Вольтер мен Лейбниц айтысқа түссе, «Том Джонс» шығармасында Филдинг Шефтсберидің идеяларын жоққа шығарады, ал «Тристрам Шенд» туындысында Стерн Джон Локкты әзілмен сынға алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет