4. Жартылай өткізгіш заттардың өткізгіштікке байланысты классификациясы. Жартылай өткізгіштердің өткізгіштік моделі. Тесіктер ұғымы. 1.Өткізгіштігі кристалл құрылысына, құрамына және сыртқы жағдайға күшті байланысты заттар жартылай өткізгіштерге жатады. Олардың өткізгіштігі ядролық бөлшектермен жарықтағанда күшті өзгереді және қысымға, сыртқы электр, магнит өрісіне байланысты.
2. Жартылай өткізгіштердің екі түрлі өткізгіштік механизмі бар:
а) заряд тасушылар - еркін электрондар
б) заряд тасушылар - еркін тесіктер
Тесіктік өткізгіштік байланыстағы электрондардың қозғалуымен байланысты өткізгіштік.
3. Таза жартылай өткізгіштерде тесіктер саны электрондар санына тең. Мұндай жартылай өткізгіш өзіндік жартылай өткізгіш деп аталады.
Еркін электрондар беріп отыратын қоспалар -донорлық, ал еркін тесік беріп отыратын қоспалар - акцепторлық қоспалар деп аталады.Заряд тасушыларының көбі-негізгі және азы - негізгі емес тасушылар деп аталады.Донорлық жіне акцепторлық қоспалардың концентрациялары бірдей – компенсацияланған жартылай өткізгіштер деп аталады.
5. Кристалл үшін Шредингер теңдеуі. Адиабаталық жуықтау Кристалл гамильтонианы электрондар мен ядролардың энергияларының барлық түрлерін қамтиды: Электрондар мен ядролардың кинетикалық энергиялары. Шредингер теңдеуі айнымалылардан тұрады да, жалпы түрде шеше алмаймыз.
Адиабаталық жуықтауда электрондар мен ядролардың координаталарын бөлектеп қарастырады.
Кристалл гамильтонианы электрондық және ядролық екі бөлікке жіктеледі. Ал, кристалдық толқындық функциясы екі функцияның мен көбейтіндісі ретінде қарастырылады
Сонда
,
ал мүшелері:
өте аз болғандықтан алынып талқыланады.
Энергия жөнінен дәлдік - ретінде, бірақ тордың жылулық қозғалысы ескерілмейді. Бұл жуықтауда: ядролардың электрондарға салыстырғанда қозғалуы ескерілмейді.