І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет39/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   156
Байланысты:
treatise40283

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Тебегенов Т. Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы: Жазушы, Білім, 2001. – 332 б.
2. Айтыс. 1 том. – Алматы: Жазушы, Жазушы, 1965. – 556 б.
3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.


ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИДІҢ «ҚЫЗЫЛ КІТАП» ПОЭМАСЫНДАҒЫ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНІҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕЛЕНУІ


Қуандық Жұлдыз (Қазақстан)
М. Өтемісов атындағы БҚМУ
Ғылыми жетекшісі: Сұлтанғалиева Р., ф.ғ.к., қауымд.проф.

Бүкіләлемдік тіршілік тірегі – табиғат. Адамзаттың рухани тірегі – салауаттылық. Табиғат дегеніміз ақындар тілімен айтсақ – поэзия, поэзия дегеніміз – табиғат. Ал, биологтар үшін табиғат биосфераның қазына көзі, барлық тіршілік жүйелерінің өсіп-өнуі үшін қасиетті кеңістік ортасы.


Табиғат жалпы адамның ортақ қазынасы болғанымен ұлттық тұрмыс-тіршілігіне, өскен ортасына бейімделуіне, ғұмырлық тәжірибесіне байланысты ұлттық образдар болады. Көркем бейнелеулер өсімдіктерге, аң-құстарға деген сезіммен шектеліп қалмайды, сонымен бірге, жалпы ұлт ұғымында ерекше орын алатын өзен, көл, тау өсімдіктерімен қоса жануарлар әлемімен етене араласып, ұлттық образ биігіне көтереді. Мысалы, орыс поэзиясында Волга өзенінің құдіреті қандай болса, қазақ халқы үшін Ақжайықтың да орны ерекше. Қазақ поэзиясында ұланғайыр даланы – анаға, орыс поэзиясында аққайыңды – анаға балау да ұлттық ұғымдардан туындайды.
Сондықтан да қазақ поэзиясының көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әли жырларының тақырыбы қыр, дала туралы болуының сыры таза табиғи құбылыс деп білеміз. Өйткені қазақ поэзиясында алғаш рет табиғатты қорғау тақырыбына жыр арнап, «Қызыл кітап» жазған Қадыр ақын.
«Қызыл кітап» адам мен табиғаттың біртұтастығын паш ететін, жаратылыстану ғылымы үшін мәртебесі биік, соны шығарма. «Қызыл кітап» үш бөлімнен, «Ақ парақ», «Сары парақ» және «Қызыл парақтан» тұрады. «Ақ парақта» табиғат тазалығы туралы ақын былайша жырлайды:
Таза ауаға кешегі кім шанады?!.
Түтін, тұман аспанды тұмшалады.
Кір шалады қанатын аққулардың,
Соны ойласаң көңілді кір шалады [1, 243] – дей келіп, ақша қардың шаһарға қоңырланып жауатындығын, ақ көжек боп өкпеге кірген самалдың сұп-сұр боп шығатындығын, мазут жұтқан алтын балықтардың бидауамен ауыратындығын алға тартып,
Бар дейсің бе өмірде азап ондай!
Дүние азса ол енді азады оңбай!
Адам таза болмайды ешқашанда
Айналайын табиғат таза болмай! [1, 244] –
дейді. Сайып келгенде адам тазалығы мен табиғат тазалығы егіз құбылыс. Табиғат тұнығын лайлап, сүттен ақ, судан тазамын десеңіз, кім сене қояр екен? Әрине ешкім де сенбейді. Сауысқан, торғай, аққу-қаз, қоңыр қаз, қасқалдақ, шүрегей, қарлығаш, кептер, егіз құр, қырғауыл, шағала, бүркіт, үкі, түйеқұс т.б құстар мен қызыл түлкі, қасқыр, арқар, жолбарыс, аю, ақбөкен, ондатр, барыс, ілбіс, бұғы, құндыз, құлан, қылыш тісті жолбарыс, тау ешкі т.б. Мұның бәрін экологтар далалық кеңістікке санайды.
Ақын «Қаздар қайтқанда» өлеңінде, көшпелі қазақ жұртының тұрмыс-тіршілін қаздың көктемде келуі мен қоңыр күзде қайтуынның арасындағы жақындықты көркем бейнелейді. Мұнда жазғы көш, алтыбақан, ақсүйек ұлттық ойындары да көрініс табады. Сонымен бірге,
Ерте түсер, әдетте, қыс тауыңа.
Қиын онда қыста мал ұстауыңа.
Амалсыздан
Қазақтар
Қоңыр күзде –
Осы кезде қайтатын қыстауына.
Жапырақ боп сары күз түсті, міне,
Толды тағы боз аспан құс тіліне.
Көшіп-қонған қазақтай бір кездегі
Қаздар қайтып барады түстігіне [1, 249]
Немесе,
Қанаттанып қиялы
Қырат шерткен күйменен,
Қара тасты тұяғы
Қамырдайын илеген,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай [1, 249]
Бұл «Тарпаң» атты өлеңі осыдан бір ғасырдан астам тіршіліктен жойылып кеткен жылқының жабайы түрін ақын жырына арқау етеді. Тарпан ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Европа даласы мен Европаның оңтүстігінде Ресейде, Батыс Сібірде және де Батыс Қазақстанда мекендеген.Тарпанның екі түрі бар. Олар далалық және ормандық тарпандар. Тарпанның бұл екі түрі де Еуропаның орманы мен даласында мекендеген. Тарпанның дене тұрқы – 130 см, басы үлкен, кекілі мен жалы қою қара, денесінің терісі қара қоңыр түсті болып келеді. Ең соңғы тарпан 1879 жылы Украйнаның батыс бөлігіндегі Аскана-Нова даласында атып өлтіреді. Ал 1887 жылы ең соңғы тарпан зообақта өлген. Бүгінде тарпан тұқымына жақын жабайы коника мен гуцим жылқысын Польшада өсіруде. Бұл екі тектің қанының құрамы тарпанның қаны басым. Коника мен гуцим Польшаның Бяловежа және Попелно орманында өсірілуде. Дене тұрқы 130 см, сыртқы тұрпаты жабайы тарпанға өте ұқсас. Салмағы 250 - 300 кг. Батыстық ғалымдар тарпанның түркі халықтары тіліндегі білдіретін мағынасы «нестись в скач во весь опор, лететь впред» [2] деп келтіреді.
Ақынның «Қызыл кітабының» қызыл парағы «Қызыл кітап» поэмасымен басталады.
Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мәз болып,
Ду-ду етіп
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін әлі.
Көргеннен-ақ мылтықты
Менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады [1], -
деп қынжыла жырлайды. Біз адамзат қауымы туған табиғатқа аяусыз шабуыл жасап, экологиялық күйзелісті тездеткеніміз рас. Табиғатты қорлауды ғана біліп, ал табиғатқа қамқорлық көзбен қарамайтын адамдардың бірі – аңшылар. Бұл ескі заманнан бері, адамзат қоғамында қалмай келе жатырған кесапаты көп кәсіптің бірі. Осы аңшылық кәсібінің нәтижеінде көптеген аңдар, құстар құрып кетті.
Тек Англия елінде Лордтардың үлкен шешімімен 2001 жыл жалпы аңшылық әуесқойлықты, кәсіби өндірісіне тиым салды.
«Қызыл кітап» жер бетінен жоғалған аңдардың жоқтаушысы ғана емес, құрып кету қаупінде тұрған аң-құстардың ащы айқайы жан-даусы. Сондықтан ақын :
Қырдан безбе,бауырым,
Нұрдан безбе!
Жылататын жәйттер бар жырдан да өзге.
Жаһан қамын жамылып жоқтау керек,
Жердің өзі жоғалмай тұрған кезде [1], -
деп халықты саналы салауаттылық пен табиғат ортасын ынталы қорғауға шақырады. Осы құнды пікірге сәйкесті БҰҰ жанындағы экология және табиғатты қорғау комитетінің ұйымдастыруымен 1992 жылы Бразилияда Бүкіләлемдік экологтар съезінде «Мыслить глобально – действовать локально» атты ұраны қабылданды [3, 43].
Ақын желкілдеген үкі үшін адам баласы түйеқұстың түбіне жетуге аз қалды дейді. Және де ақсүйектің табанының астында барыс, ілбісін терілері мен аң патшасы арыстанды босағадан бөстек күйінде көресің деп зар қағады.
Қадыр кемеңгер көрегенділігімен енді бірде:
Айдаһарға дауа жоқ жеті басты!
Кейбіреудің одан да ақылы асты.
Адам емес,
Маймылдың бір түрі деп
Зообақта ұстаған папуасты![1, 274]
Соңғы тармақтағы папуас Жаңа Гвиния аралы мен Индонезияның кей өңірінде мекендеген ежелгі тұрғындар. Антропологиялық жағынан меланезиялықтарға жақын. (Меланезия аралы мен Тынық мұхиты мекендеген халық тобы)
Сонымен қатар бүгінгі дәуірімізде кейбір елдерде әлі де адам аулайтындығы ақын жырынан көрініс табады.
Ысқырғанда құлдықтың қамшылары,
Белгілі ғой кімнен қан тамшылары!
Аңдып жүріп атыпты зәңгілерді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет