Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері



бет43/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87
Зерттеу әдістері:
Камертонмен анықтау барысында, табанның вибрационды сезімінің томендеуі
ахиллді рефлекстің төмендеуі немесе мүлдем болмауы
инемен шаншығанда ауырсыну сезімнің төмендеуі немесе мүлдем болмауы
«Тиотерм» аспабымен немесе суық және жылы су толтырылған пробиркалармен зерттеу жүргізгенде температураға сезімталдығының төмендеуі
тізе рефлексінің төмендеуі
мақтамен немесе арнайы талшықтар (монофиламент) арқылы табаннан жүргізу барысында сезу қабілетінің төмендеуі
объективті белгілердің арасында аз кездесетін белгілер болып буындардың қозғалысының шектелуі, бұлшықеттік әлсіздік пен бұлшық еттердің ісінуі
Вибрационды сезімталдыққа зерттеулер жүргізу: градуирленген Riedel Seifert камертоны арқылы жүргізіледі,толқын жиілігі 128 Гц аралығында болатын, аяқтың үлкен саусақтарына кигізу арқылы орташа шаманы анықтаймыз (қалыпты жағдайда 6 бірлікте болады).
Тактильді сезімталдықты анықтау. Арнайы күш түсіру шамалығы 10 г болатын монофиламент Semmes-Weinstein аспап арқылы жүргізеді. 1,5 с аралығында тері беткейіне қысым жіберіледі де, жіберілген қысым монофиламентті майысуға дейін беріледі. Науқас дәрігерге терісіне жанасу болғанда айтуы тиіс. Сезімнің болмау жағдайы тіндік зақымдалылардың бар екеніне көрсетеді.
Температураға сезімталдықты анықтау: зерттеуді арнайы аспап арқылы жүргізеді, аспап негізінен бір жағы металлдан, ал екінші жағы пластмасстан болады ,оны кезекпен науқас терісіне жанастырады. Егер науқас аспаптың алмастыру арқылы температурасының айырмашылықтарын сезсе нәтиже оң болды деген тұжырым.
Ауырсыну сезіміне тексеру жүргізу. Зерттеу , өткір емес ине табанына ақырын түрту арқылы жасалынады. Егер науқас ауырсыну сезімін сезсе зерттеу оң нәтижелі деген тұжырым.
Диабетті полинейропатияның дәрежесін анықтау үшін, сонымен қатар жасырын формаларын табу мақсатында көптеген зерттеулер жүргізу керек және де түрлі аспаптарды қолдану арқылы перифериялық жүйкенің жағдайын анықтай аламыз. Бұндай зерттеулерге электромиография жатады. Оның көмегімен қозғаушы және сезу жүйке талшықтарының қалпын анықтауға болады. Сонымен бірге, соңғы жылдары көп қолданыста болған заманауи зерттеулер қатарында сандық сенсорлы тестілеу кіреді. Бұл зерттеу негізінде жүйке талшықтарының жұмыстарын бағалау жатады, жүйке талшықтардың ішінде – жуан жүйке талшықтары мен жіңшке жүйке талшықтарын әртүрлі жүктемеліктерде (вибрациялы, суық, жылы, ашыту сезімі) жүйке жұмыстарынның жұмысын анықтау үшін арнайы компьютерлі жүйе арқылы тексеріледі. Осы сараптамаларды жүргізу барысында науқастың жынысын, жасын, салмағын назарға аламыз. Егер науқаста жоғарыда айтылған шағымдардың ешқайсысы болмаса жылына 1 рет неврологиялық қарауда әртүрлі аспаптармен қарау жүргізіледі. Егер науқаста айтылған шағымдар бар болса, 6 айда 1 рет адекватты терапия мақсатында қараймыз. Егер неғұрлым емді дұрыс әрі ерте бастаған жағдайда тек науқасты ауруының прогрессиялануынан ғана емес, сонымен перифериялық жүйкелердің жұмысын жақсартып, соның есебінен науқас халін жақсаруына қол жеткіземіз.
Емі:

  • Глюкозаның алмасуын қалпына келтіру

  • Липидтердің алмасуын қалпына келтіру

  • Адекватты регидратация

  • Ацидоз метаболиясын коррекциялау

  • Жасуша ішілік және жасуша сыртылық электролиттердің алмасуын қалпына келтіру

Науқастың гемодинамикасын қан айналысын патологиялық ошақтарда оттегі мен қоректік заттарды толықтай қамтамасыз ету мақсатында қалыпқа келтіреміз.
Нейрондарды ишемиядан сақтау,олардың құрылымын, бүтіндігін және функционалды белсендігін сақтау.
Нейрондарды ишемия жағдайынан қорғап, қызметінің қалыптылығын қамтамасыз етеміз.
Қант диабеті факторымен шақырылатын бұзылыстарды анықтап алдын алу
Бірінші саты гликемия коррекциясы орындалады. Көптеген сараптамалар мен сонғы жылдары жасалған толықтай дәлелденгендей оптималды 1 тәуліктегі глюкоза мөлшері диабеттік нейропатияның асқынуынан сақтайды. Ең заманауи және көп қолданыстағы ем компенсациялы бір қалыпта ұсталынатын қантты диабеті . Екінші саты науқастың дене салмағын түсіруге яғни физикалық жүктемелер мен қалыпты артериальды қысымды ұстауға бағытталады. Үшінші сатыда нейротропты витаминдер (В тобы) тағайындалады.

Төртінші сатыда – альфа-липой қышқылды дәрілер тағайындалады, ал бөлек қолданған кезде оладың эффективсіздігі болған жағдайда комбинирленген терапия нейротропты витаминдер, альфа- липой қышқылы және басқа заттармен жүргізіледі.



Метаболитикалық (патогенетикалық) терапия: актовегин, тиокті (α-липой) қышқыл, В тобындағы витаминдері
Ауырсыну синдромдарын алдын алу: көп тағайындалатын ем ретінде полинейропатиялар, негізінен амитриптилин және имипрамин. Стандартты эффективті анальгетикалық ең төменгі дозасы 75 мг/тәулігіне (амитриптилин үшін) , кей жағдайларда 100-125 мг дейін жетеді. Габапентин диабетті полинейропатия кезіндегі ауырсыну синдромын басу үшін. Терапевтикалық дозаға сәйкес оптимальды тағайындау көрсеткіші болып 1800 мг/тәулігіне жоғарғы доза 3600 мг/тәулігіне (3 реттік қабылдауда). Бірақ оң көрсеткіш аз дозаны бергенде де байқалуы мүмкін.
Асқазан ішек жолдарының автономды нейропатияларында: асқазан атониясында а – цизаприд ( 5-40 мг 2-4 рет тәулігіне 15 минут тамақтану алдында), метоклопрамид ( 5-10 мг 3-4 рет тәулігіне), домперидон ( 10 мг 3 рет тәулігіне), эритромицин (1-4 г тәулігіне); энтеропатия кезінде –кең спектрлі антибиотиктер 2-3 күн ай сайын ( дисбактериоз жоқ болған жағдайда!), лоперамид (бірінші доза – 2 мг, келесі 2-12 мг тәуләгіне , ал 24 сағат нәжіс 1-2 реттке дейін болғанша, бірақ 6 мг әр 20 кг салмаққа есептеуден аспауы керек).
Жүрек – қантамырлардың автономды нейропатиялары кезінде кардиоселективті бета-адреноблокатор бисопролол, кальций каналдарының блокаторлары– верапамил, сонымен қатар магний – магний сульфат, магний оротат қолданылады. Бисопролол – жоғары эффективті кардиоселективті бета-адреноблокатор, бета2-рецепторларын тежеп бронхтар мен ішектерге әсер көрсетеді. Бастапқы дозасы 1,25 мг, кейін келе көтереді бірақ 10 мг/тәу асырмайды. Доза мөлшеріне басты мән берілмей тәулігіне 1 рет қабылдайды. Верапамил дозасы – 40-80 мг 3 рет тәулігіне
Жалпылама алдын алу мақсатында поливитаминды препараттар тағайындалады. Оптимальды дәрумендер мен микроэлементтер т препараты болып «диабетпен ауыратын науқастарға арналған дәрумендер» болып келеді. Дәрінің бір таблеткасында С дәруменінен (90 мг), Е дәруменінен (18 мг), бета-каротиннен (2,1 мг), ниациннен (7,5 мг), пантотен қышқылы (3 мг), В6 дәрумені (1,6 мг), В1дәрумені (1,1 мг), В2 дәрумені (1,5 мг), фолий қышқылынан (0,3 мг), биотин (0,03 мг), В 12 дәрумені (0,0015 мг), цинк (12 мг) және хром (200 мкг). 1 таблеткадан тәулігіне 1 реттен, 2-3 ай қатарынан қыс және күз айларында негізінен қабылданады.
Эректильды дисфункцияны емдеу мақсатында силденафил (қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда) қолданылады, алпростадил (интракавернозды), цинк сульфаты, вакуум-терапия, психологиялық консультация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет