№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
62
болады. Атап айтсақ, «н» дыбысын созып айту, ұқсас дыбыстармен кезекпен буын
айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-
ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң. Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу əдісімен басқа да
дыбыстарды айтуға болады. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, г, ғ дыбыстарының
алдынан келсе, айтуда н дыбысы өзгеріп, ң дыбысына айналады. Жазуда оны
елемейміз. Мысалы: бір күнгі (бір күңгі), Аманкүл (Амаңкүл), сəн қой (сəңқой),
Дүйсен-қали (Дүйсеңқали). Сөз ішінде немесе сөз аралығында н дыбысы мен қ
дыбысы қатар келсе, айтуда н дыбысы ң-ға, қ дыбысы ғ дыбысына айналады.
Мысалы: Қазан-қап (Қазаңғап), Жылан-қарағы (Жылаңқарағы), Есен-келді
(Есеңгелді).
Тілдің тірегі – сөз. Ал тілдің сөз байлығын танытатын – көркем шығарма.
Көркем шығарма тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, тілді
байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Сол себептен
балаларға арналған ертегілерден біраз мысалдар келтірсек. Мəселен, «ң» дыбысы
сөздің бірінші буынында кездесетінін көруге болады: «Кемпір-шалға аң мен құстың
етін қақтап үйіп береді де, Төстік жолға шығады» («Ер Төстік» ертегісінен);
«Қысқасы өзің – күң, балаң – құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер
бастарың алынады, - депті» («Сыбызғы сыры» ертегісінен); «Бұрын, бұрын, бұрында
Қаңбақ шал деген шал болыпты» («Қаңбақ шал» ертегісінен). Екінші жəне үшінші
буында да кездеседі: «Таңертең Шығайбай жолға кетпек болып, бəйбішесіне қонаққа
көрсетпей маған нан беріп жібер, - дейді» («Алдар көсе мен Шығайбай» ертегісінен)
немесе «Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың
күлдіруішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі» («Ер Төстік»
ертегісінен).
Əділін айту керек, «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін əлемдік
тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше
қасиетінің бірі – осы «ң».
Қазақ баласы «іңгəлап» туады, өмірге іңкəр болады, ыңылдап əндете бастайды,
дүниеге таңдана қарайды, ыңғайлы кəсіппен айналысады, сұңқар баулып, аңға
салады, қалың беріп, келін алады, бір-біріне жеңіс тілеп, «оң болсын» айтады.
Қысқасы, «тең-құрбымен тебісіп» өскен қазақтың шаруасы «ың-шыңсыз» бітпеген.
«Ң» дыбысын дұрыс айтылуы мен емлесін үйренерде біз бірқатар фонетикалық
жаттығулар жасадық. Төменде мен өз тəжірибемде қолданған жаттығуларды
ұсынамын:
Достарыңызбен бөлісу: