Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»



бет43/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Гимнастшылардың күшін жетілдіру.
Гимнастшылардың күшін жетілдіру спорттық жетістіктің маңызды бір бөлімі болып табылады. Көптеген жағдайларда гимнасшының бұлшық етінің салыстырмалы күшінің көрсеткіші бағдарламаға күрделі қимыл элементтерін қосумен анықталады. Мысалы, «крест» жаттығуын орындауғы иық белдеуінің бұлшық етінің күші (2,1 шартты бірліктер) талап етіледі, ал алға еңкейген кездегі дененің тепе-теңдігін сақтауды орындау үшін 1,9 шартты бірліктер қажет. Айта кететін жағдай, бұл элементтердің орындалу сапасы қаншалықты салыстырмалы күштің көрсеткіші жоғары болса, соншалықты артады. Бұл жерде салыстырмалы күшті арттыруда электрлік жетілдіру шынығуының маңызы үлкен.
Гимнасшылардың шапшаңдықты-күшті дайындығын арттыру.
Күрделі гимнастикалық секірулердің қазіргі кездегі орындалу техникасы бастапқы жүгірудің шапшаңдығына негізделеді, тіректі қимылдардың барлық құрылымды кезеңдерін орындау сапасын жақсартуды арттыруға қажеттілік туындайды.
Жоғарғы дәрежелі спортшылардың қысқа спринттерлік қашықтықтағы (20м) максималды шапшаңдығы соңғы 5 метр қашықтықта орташа есеппен 8,1 м/с. Тіректі секірулердің соңғы бес мертіндегі жүгіру шапшаңдығы 6,6-7,3 м/с. Жүгіру шапшаңдығы туралы гимнасшылардың хабардар болып отыруы спортшылардың көрсететін нәтижесін арттырып, шапшаңдықты мүмкіндіктерін арттырады.
Гимнасшылардың шынығуы кезінде кезінде берілетін дене жүктемесінің физиологиялық сипаттамасы
Жоғары дәрежелі спортшыларда қазіргі кездегі шынығулар кезін орындалатын жаттығулар аптасына 1200-2500 элементтерден құралады; ал бір шынығу процесі барысында – 300-400 элементтер қолданылады. Соңғы кездері шынықтыру жүктемелерін өсті.
Жұмыстың орындалуы кезінде бұлшық еттің қуатпен қамтамасыз етілуі анаэробты және аэробты механизмдермен жүзеге асады. Жас спортшының анаэробты жүйесі аэробты жүйеге қарағанда жеткілікті болады. Көпшілік қимылдар тыныс алу кідірісі және күштену арқылы жүзеге асады. Бұл әсіресе дәрежесі төмен спортшыларда байқалады. Спорттық нәтиже көрсету үшін спортшының күш жағыннан жетілуі қажет. Гимнасшылар шынығу кезінде, жарыс кезінде 2-2,5 кг. дене салмағын жоғалтып, тәулігіне 5000 ккал қуат жұмсайды. Бұлшық ет қызметінің қуатпен қамтамасыз етілуін қамтамасыз етілуіне қатысатын функционалды жүйелерге түседі. Мұндай жүйелерге оттегіні өкпеден ұлпаларға тасымалдауға қатысатын жүрек тамыр, тыныс алу жүйелері жатады. Жас гимнасшыларда ЖСЖ машқтану кезінде 130-160 соғу/мин болса, жарыс кезінде 176-190 соғу/мин-қа жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет