К. М. Абишева, С. К. Омарова


адамзат  (кімдік)  және  ғаламзат  (нелік)



Pdf көрінісі
бет66/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

адамзат  (кімдік)  және  ғаламзат  (нелік)  есімдері  деп    аталып  жүрген 
қарама-қарсы  мәндегі    категориялар  бар.  Бұлар  тілдің  морфология 
саласында біраз қарастырылған деп айтуға болады. 
 Адамзат есімдеріне  адамға  ғана  қатысты  атаулар жатқызылса, 
ғаламзат  есімдеріне    адамнан  өзге    жан-жануарлар  мен      заттар  әлемі  
жатқызылады. 
Күлтегін    ескерткішін  зерттеген  Ғ.Айдаров  бұл  мәселе  жайлы: 
«Ескерткіш  тілінде    белгілі    затты,  нәрсені,    жаратылыс  құбылыстар  
мен  қоғамдық  құбылыстарды  білдіретін атаулар да  баршылық.  Олар 
жанды, жансыз заттарды  көрсетеді»,- деген [29; 83]. 
А.Ысқақовтың  «Морфологическая  структура  слова  и  именные 
части  речи  в  современном  казахском  языке»  деген  докторлық 
диссертациясының  авторефератында  (1964)    қазақ  тілінде  басқа  түркі 
тілдері  сияқты  жанды  және  жансыз    грамматикалық  категориялары 
жоқ,  өйткені  грамматикада  жансыз  категория    ерекше  формалармен 


123 
 
берілмейді  деген  пікірі  кездеседі.  Алайда  қазақ  тілінің зат  есімдерінде 
басқа  түркі  тілдеріндегі  сияқты  жақты  (лица)  және  жақсыз  (не  лица) 
категориялары  ажыратылады.  Барлық  зат  есімдер,  адамдарды 
білдіретін  атаулар  және  заттар  мен  құбылысты,  заттық  ұғымды,    сол 
сияқты  басқа  да  зат  есімдер,  бұған  қоса  жан  –  жануарлар  атауларын 
білдіретін есімдер болып екіге бөлінеді. Адамды білдіретін зат есімдер 
кім?  деген  сұрауға  жауап  береді,  сондықтан  жақ  категориясына 
жатады,  ал  басқа  заттардың  атауларының  орнына    не?  деген  сұрақ 
қойылады  делінген.  Тек  қана  логика-грамматикалық  сұрақтар  жақты 
және жақсыз категорияларын анықтауда негіз бола алады. Ал  әрдайым 
кім?  деген  сұраққа  жауап  беретін  жалқы  есімдер  (ономастика, 
топонимика)  атау  ретінде  қолданылғанда  не?  сұрағына  жауап  береді. 
Мысалы,  Жамбыл  –  халық  ақыны;  Жамбыл  –  облыс  орталығы; 
сонымен қатар  не? сұрауына жауап беретін жалпы есімдер ономастика 
қатарына  өткен  кезде  кім?  сұрағына  жауап  береді.  Бұл  зат  есімдерді 
жоғарыда  айтылған  семантика  –  грамматикалық  топтарға  яғни  жақты 
және жақсыз деп бөлудің дұрыстығын  білдіруші қосымша фактілердің 
бірі болып есептеледі деген [53;122-123]. 
Бұл мәселе жайлы  К.А.Бейсенбаева 1971 жылғы «Безаффиксное 
сочетание имен существительных в современном казахском языке» деп 
аталатын  зерттеу  еңбегінде  айтып  кеткен.  Салыстырып  зерттеу 
негізінде  қазақ  және  орыс  тілдерінің  жанды  және  жансыз 
категориялары    жалпы    деген  қорытындыға  келген,  ал  олардың 
морфологиялық  берілу  тәсілдері  алуан  түрлі:  егер  де  орыс  тілінде  зат 
есімдердің  барлық  тектері  үшін  жанды  және  жансыз  категорияларды  
грамматикалық  тұрғыдан  ажырату  үшін  табыс  септігі  қолданылса, 
қазақ тілінде формалардың үйлесуі болмайды, сондықтан  жанды және 
жансыз  категория  ерекше  қажетті  грамматикалық  категория  сияқты 
қарастырылмайды  деген.      Осы  еңбегінде  тек  (род)  грамматикалық 
категориясы – жанды ұғымының негізгі белгісі ретінде қарастырылады. 
Ол  зат  есімдерді  жанды  және  жансыз  категорияларына  жатқызудың 
негізгі  қызметін атқарады деген. Осыған байланысты көбінесе құс пен 
жануарлардың, 
сонымен 
қатар 
адам 
атауларының 
жыныс 
айырмашылығын  білдіретін  жұп  сөздердің  арақатысы  бар  екендігін 
байқаған. Бұл жұптардағы әйел жынысы: а) әр түрлі сөздерден жасалуы 
арқылы,  ә)  аффикстермен,  б)  синтаксистік  жолмен  беріледі.  Соңғы 
жағдайды  ескеретін  болсақ,  жалпы  атаумен  біріктірілген  жанды  зат 
есімдерінің көбінің жынысын ажырату қажеттілігі туғанда анықтаудың 
аналитикалық  тәсілін  қолданамыз  деген.  Жыныс  ұғымы  арнайы 
сөздермен  –  айырғыштармен,  мәселен,  еркек  жынысы  үшін  еркек,  ер, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет