128
тікелей білдіруші - бұл зат есімдер яғни тірі заттардың атаулары болса,
ал жандыны жанама түрде білдіруші үғымдарға дене мүшелері мен
сезім органдарын, адам мен жан – жануарлардың психикалық және
физикалық қасиеттерін атайтын есімдер, тірі заттар мен оның ішінде
адамның қызметімен байланысты ұғымдар жататынын атап кеткен
[61;10].
Жанды және жансыз зат есімдердің зерттелуін қорытындыласақ,
ғалымдар бұл екі ұғымды кім? және не? сұрақтары арқылы ажыратқан.
Тіл білімінде жанды-жансыз деп бөлу табиғаттану ғылымдарына сай
келе бермейтіндігіне көңіл бөліп, орыс тілімен салыстыра отыра
қарастырған. Зат есімдерді жанды және жансыз деп бөлудің негізгі
қызметін тек (род) әмбебап категориясы атқарады. Бұл ұғымдар жақты
және жақсыз категорияларды ажырататын қосымша қызметке ие.
Себебі жанды зат есімдер (адамзат атаулары) жақ тұлғаларымен
түрленіп, жақтық мағынаға ие болады, ал жансыз зат есімдер (ғаламзат
атаулары)
жіктік
жалғауларын
қабылдамағандықтан
(ерекше
жағдайларды ескермегенде) шартты түрде жақсыз есімдер деп аталады.
Жанды және жансыз ұғымдарды жанама түрде білдіретін тілдік
белгілер қатарына есімдіктер, адамға қатысты және зат, құбылысқа
қатысты сын есімдер жатқызылады деп есептейміз. Контекс
мазмұнынан да жанды-жансыз заттар жайлы айтылған ойды аңғаруға
болады.
Морфология саласының зерттелуіне қатысты тарауда қазақ
тіліндегі етіс категориясының тілдегі көрінісі мен зерттелуі мәселесіне
келеміз.
Дәстүрлі грамматикада
етіс термині белгілі бір грамматикалық
формалар жүйесіне (морфологиялық және синтаксистік) негізделген
грамматикалық категорияны белгілеу үшін қолданылады. Қазақ тіл
білімінде
етісті
алғаш
рет
ғылыми
тұрғыда
зерделеген
А.Байтұрсынұлы. Ол етістің он түрін анықтаған еді:
сабақты, салт,
ортақ, өздік, өзгелік, беделді, ырықсыз, шығыс, дүркінді, өсіңкі.
Профессор С.Аманжолов “Қазақ тілінің ғылыми синтаксисінің
қысқаша курсы” атты зерттеуінде етістің үш түрін бөліп көрсетеді
:
Достарыңызбен бөлісу: