К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет67/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

ұл, ал әйел жынысы үшін әйел, ұрғашы, қыз сөздері қолданылады. Бұл 
сөздер (ер адам, әйел адам; ұл бала, қыз бала; еркек қонақ, әйел қонақ; 
еркек  піл,  ұрғашы  піл)    тек  қана  жалпы  мағыналы  негізгі  зат 
есімдерінің алдында қолданылады деген пікір айтқан [54;12]. 


124 
 
   Ә.Төлеуовтың  «Сөз  таптары»  (1982)  кітабында  да  аталған 
мәселе  көтерілген.  Ғалым  жалпы  есімдер  кім?  не?  сұрауына  жауап 
беруіне қарай жанды, жансыз болып екіге бөлінеді және нәрсенің бұлай 
жіктелуі  –  грамматика  тұрғысынан  қарағанда,  өсімдіктер  (гүл, 
жапырақ,  жусан,  емен,  арша)  жансыз  заттарға  жатқызылса,  ал  өз 
бетінше  өсіп,  өнуі  қасиетіне  байланысты  өсімдіктерді  жанды  зат  есім 
деп  қарастырған.  Осы  сияқты  самолет,  комбайн,  машина,  трактор 
дегендер  сырт  қарағанда  қимылдайтын  болып  көрінгенімен,  бұларды 
жанды заттар тобына жатқызуға тура келсе де, өз бетінше, өз күшімен 
қозғала  алмайтын  қасиеті  бойынша  жансыз  зат  есімдер  тобына  қосқан 
[55;10-11]. 
Адамзат  және    ғаламзат  есімдері    туралы    А.  Ысқақов  өзінің 
қазіргі  қазақ тіліне арналған оқулығында (1991) сөз қозғаған. Ол адам 
атауларына    жалпы    адамға    тән  атауларды,  туыс  атауларын,  іс-әрекет 
пен кәсіп – мамандық иелерінің атауларын,  әр алуан  қызмет баптары  
мен    лауазым  атауларын,  кісі    аттарын  және    басқа   да  осылар сияқты 
адамға  тән  атауларды  жатқызады.  Бұл  атауларды  семантикалық 
ерекшеліктеріне  қарай  адамзат  есімдері    дейді  де,    формальдық 
жағынан кім? деген грамматикалық сұраққа  жауап беретінін көрсетеді. 
Ал ғаламзат атауларына семантикалық  ерекшеліктеріне  қарай деректі 
я  дерексіз  заттар    мен  заттық    ұғымдардың    атауларын,    өсімдік 
атауларын,  ас  пен  ішімдік  атауларын,  балық,  құрт-құмырсқа,    бақа-
шаян,    мекен,  қора-қопсы,  құрал-жабдық  және  т.б.  атауларды  енгізіп, 
формальдық  жағынан  олар  не?  деген  грамматикалық  сұрауға  жауап  
беретінін ескертеді [3;138-139].  
«Қазақ тілі» (1993) оқулығында да не? деген сұрау адамнан басқа  
заттардың  бәріне    қойылады  да,  оған  жанды  және  жансыз  заттардың 
атаулары    жатады  делінсе,  кім?  сұрауы  адамға  ғана  қойылады  деген 
мәліметтерді кездестіреміз [14;134]. 
 Тірі  табиғаттың  құрамдас  бөлшегі  болып  есептелетін  жан-
жануарлар  мен  жәндік  атауларына  не?  сұрағын  қоямыз.  Бұл  қазақ 
тіліне тән өзіндік ерекшелік болып саналады. 
«Үндіеуропа    тілдерінде    зат    есімдер  жанды    және    жансыз 
құбылыстарды    білдіруіне    қарай  грамматикалық  категорияларға  
жіктелсе,    түркі    тілдерінде    адамды    және    басқа    заттар    мен  
құбылыстарды    білдіруіне    қарай  жіктеледі»  -  деген  пікірді  ғалым 
М.Томановтың жоғарыда аталған  еңбегінде  кездестіреміз [28; 9]. 
Грамматикалық  категориялар  туралы  арнайы  түсінік  берген 
ғалым 
Ә.Хасеновтың 
«Тіл 
білімі» 
(1996) 
еңбегінде 
А.А.Реформатскийдің  зерттеуіндегі    жанды  –  жансыз  зат  есімдердің 
табыс  септігі  формасы  арқылы  айқындалуы  жөнінде  айтқан    пікірін  
кездестіреміз. Бірақ  ғалым орыс  тілінде зат есімдерді жанды  –жансыз 
деп топтарға жіктеу принципі табиғаттану ғылымдары ұғымдарына сай 
келе бермейтіндігін айтқан. Мәселен, табиғи тіршілігі бар (өсіп тұрған 


125 
 
немесе  өсетін)  емен,  өсімдік  сияқты  сөздер  жансыз  зат  есім  тобына 
жатқызылып,  түрлендіріледі.    Дүние  салған,  тіршілігі  жоқ,  жансыз 
мағына  білдіретін  «өлік»,  «марқұм»  жанды  зат  есімдер  тобында 
қарастырылатынын  ескертсе,  керісінше,  орыс  тілінде  «халық», 
«пролетариат» сөздері жансыз категориясына жатқызылатынын айтқан 
[30;272-277]. 
Ал қазақ тілінде «халық, пролетариат» сөздері жанды зат есімдер 
жүйесіне  енгізіліп,  кім?  деген  сұраққа  жауап  берсе,  «марқұм»  сөзі 
дүниеден  өткен  адам  деген  ұғымды  берсе  де,  кім?  сұрағы  арқылы 
ерекшеленеді. 
Жанды 
және 
жансыз 
есімдер 
жайлы 
мәліметтерді 
«Семантическая категория пола животных: проблема супплетивности» 
деген 
Г.М.Тасыбаеваның 
2003 
жылғы 
қорғалған 
еңбегінің 
авторефератынан  кездестіреміз.  Бұл  еңбекте  қазақ  тілінің  жыныс 
семантикалық категориясы тек категориясы арқылы жүзеге асырылмай, 
оның  жанды  және  жансыз  категорияларымен  ұштасып  жататындығы 
дәлелденген. 
Тұлға атауларының текке тәуелділігі шындықтағы табиғи жыныс 
бойынша  анықталады  да,  семантикалық  тұрғыдан  (әке-шеше,  ана;  ұл-
қыз) дәлелденеді деген. Қазақ тілінде тек (род) категориясын білдірудің 
жүйелі  морфологиялық  тәсілі  қолданылмаған.  К.А.Бейсенбаеваның 
пікірінше,  бір  кездерде  сөздердің  көбі    феодалды  басшы  өкілдерінің 
атауларында 
морфологиялық 
көрсеткіштерімен 
қолданылыпты, 
мысалы:  хан  «царь»  -  ханым  «царица»,  ханша  «дочь  царя»  бұл 
мысалдарда  әйел  жынысын  білдіру  үшін,  алдымен    ханым  «менің 
ханым»  дегенді  білдіретін  тәуелділік  жағының  бірінші  жағы 
қолданылған.  Соңынан  әйел  тегі  ұғымының  морфологиялық 
көрсеткішінің  ауыспалы  мағынасы  сияқты  мүлдем  басқа  қызметіне  ие 
болған.  Демек,  қазақ  тілінде    құрамында  -жын,  -жін  моңғол  жұрнағы 
сақталып  қалған  сөздердің  кішкене  топтары  бөлініп  шығады.  Бұлар  
көшпенділердің  тұрмысында  негізгі  мағынаға  ие,  үй  жануарлары 
атауларынан  жасалған  ұрғашы  жынысының  формаларын:  дөнен  – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет