К. М. Абишева, С. К. Омарова


кім? деген, ал жақсыз зат есімдер  не?



Pdf көрінісі
бет65/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

кім? деген, ал жақсыз зат есімдер  не? деген сұраққа жауап беретіндігі 
жөнінде  және  түркі  текті  тілдерді  тілдердің  өзге  көп  жүйесінен, 
мысалы,  славян  тілдерінен  ерекшелейтін  басты  белгі  –  осы,  -  деп 
көрсеткен [16;136]. 
Бұл  пікірмен  толық  келісе  отыра,  қазақ  тілінде  шартты  түрде 
аталған жақты және жақсыз зат есімдерді ажыратушы бірден бір белгі – 
адамзат (жанды) және ғаламзат (жансыз) есімдер деп есептейміз. Қазақ 
тілінде  адамзат  атаулары  және  адамға  тән  белгі,  қасиет  атаулары 
жіктелсе,  жансыз  есімдер  жіктелмейді.  Жансыз  есімдерге  деректі 
жалпы  зат  атаулары  (көптік  мәнді  есімдер)  және  табиғат 
құбылыстарының атаулары жатады. 
Қазақ  тілінің  барлық  грамматикалық  құрылысын,  бар  деңгейін 
біртұтас  еңбек  етіп  қарастырған  «Қазақ  грамматикасында»  (2002)  бұл 
категорияның есім сөздерден гөрі етістікке тән екені ескертілген. Есім 
сөздердің,  соның  ішінде  зат  есімдердің  бәрі  бірдей  жіктік  жалғауын 
қабылдай  бермейтіндігі  жөнінде  айтылған.  Лексикалық  мәні  жағынан 


121 
 
алғанда  зат  есімдердің  ішінде  жіктелетіні  –  адамның  қызметі,  кәсібі, 
мамандығы,  қабілеті,  тегі,  туыстығы,  жынысы,  жас  шамасы  (бастық, 
тігінші,  әнші,  балгер,  ұстаз,  қайраткер,  әйел,  жігіт  т.б.)  сияқты  жеке 
басына тән белгілері мен қасиеттерін білдіретін сөздер екені мәлім. Зат 
есімнің  жіктелуінің  бір  ерекше  қолданысы  бар.  Зат  есім  ауыспалы 
мағынада  тұрып,  субъектіні  білдірсе,  жіктеледі:  1.Нәрселер  мен 
құбылыстардың,  жан-жануардың  атын  білдіретін  зат  есімдерді 
сөйлеуші яки жазушы белгілі мақсатпен адам кейпіндегі бейне ретінде 
қолданылатын  кездері  болады.  Мысалы:  Біз  ұлтанды  елміз,  сендер 
іргелі ауылсыңдар; 2. Белгілі бір субъектіні білдіретін ұғымның теңеуі, 
салыстырмалы  баламасы  ретінде  бейнелі  түрде  жұмсалған  зат 
есімдерде  де  жіктелу  қабілеті  болады.  Мысалы:  арманымсың, 
тілегеніңмін,  көзімнің  жанарысың;  3.  Адамға  тән  түрлі  қасиеттер  мен  
белгілерді  білдіру үшін  әр алуан метафоралық сипатта жұмсалған зат 
есімдер  де  жіктеледі.  Мысалы:  мен  оған  салмақпын,  сен  ұлы  кеудесің
4.Тілімізде кейде мекендік мәнді бірқатар зат есімдер де, оларға жатыс, 
шығыс  септігінің  қосымшасы  жалғанған  кезде  жіктелгіштік  қасиет 
пайда  болады.  Мысалы:  Абылай,  сен  бүгін  үйдесің  бе?  Біз 
Қарқалыданбыз.  Мұндай  зат  есімдер  сөйлемде  көбіне  субъектінің 
мекенін, отырған орнын, қайдан, қай жерден шыққандығын білдіреді. 5. 
Кісінің  тек  басына  қатысты  кейбір  сындық  белгілерді  көрсеткен 
уақытта  да  зат  есімдер  әуелгі  тура  мағынасының  қандай  екендігіне 
қарамастан жіктеле береді.  Мысалы: Осы тұрғанда малмандай сумын
Өзің қалпымен шаңсың ғой [51;458-459]. 
  Ж.О.Тектіғұлдың  2003  жылы  «Қазақ  тіліндегі  түркі  негізді  есім 
қосымшалардың  тарихи  дамуы»  атты  тақырыпқа  жазылған  докторлық  
диссертациясының  афторефератында    түркі  тілдерінде  жақ  –  сан 
категориясына 
жатқызылып 
жүрген 
жіктік 
және 
тәуелділік 
жалғауларының шығу төркіні жайлы сөз қозғалады. Бұл ғалым аталған 
зерттеу  еңбегінде  түркітанушы  ғалымдар  Ш.Х.Ақбаев,  П.И.Кузнецов, 
В.Котвичтің  түркі  және  алтай  тілдеріндегі  аффикстердің  шығу  тегі 
жайлы  еңбектеріндегі  пікірлеріне  талдау  жасаған.  Ш.Х.Ақбаевтың 
белгілі  бір  амалдармен  жасалған  сөз  тіркестері  екі  түрлі  қызмет  
атқарған:  1)  қимыл  –  қимыл  иесі:  kеl-mап  «мен  келдім»,  «келемін»,  2) 
ие  болатын  зат  –  иеленуші:  аtа  –  mапіп    «менің  әкем».  Мұнда  mап  – 
жіктік  жалғауы  да,  ал  mапіп  –  тәуелдік  жалғауы  деп,  жақтық 
қосымшаларды мағынасы мен формасы жағынан  ажыратып көрсеткен. 
Аталған  афторефератта  тәуелдік,  жіктік  жалғауларының  көптік 
тұлғасының қалыптасуы  зерттелген. П.И.Кузнецовтың -к морфемасы -
түк/дүк  өткен  шақ  қосымшасының  мағыналық  өзгерісінің  нәтижесі 
деп,  12-13ғ.  оғыз  диалектілерінде  тілдік  санада  -ды  жіктік  жалғауы  -к 
түрінде бөлшектенетін I жақ көпше тұлғасында сақталып қалған деген 
пікірін  кездестіреміз.  Сонымен  қатар  В.Котвичтің  ілік  септігіндегі 
жіктеу  есімдіктері,  қосымшалар  мен  әр  түрлі  морфологиялық 


122 
 
бөлшектерге  ұқсастығына  орай  белгілі  бір  категориялық  ұғымдарды 
беру  қажеттілігінен,  препозитивті  орнынан  постпозитивті  орынға 
ауысқандығы  туралы  пікірі  де  қамтылған.  Ғалымдардың  пікірлеріне 
сүйене  отырып,  Ж.О.Тектіғұл  тәуелдік,  жіктік  жалғауының  көпше 
тұлғалары –мы /мі жіктеу есімдіктері мен -с/-з; -т /-қ  ежелгі көптік – 
жинақтау  көрсеткіштерінің  бірігуінен  жасалған  күрделі  элементтер 
екендігін де анықтаған [35;32-34].  
В.М.Никитевич 
өзінің 
«Грамматические 
категории 
в 
современном  русском  языке»  (1963)  еңбегінде  жақ  категориясының 
грамматикалық мазмұнын сипаттаған. Басқа  категориялар сияқты жақ 
категориясы  (II  жақ  I  жаққа,  I-II  жақ  III  жаққа)  бинарлы  оппозицияда 
болатынын  анықтаған.  Жақ  формаларының  жалпылама  жақты,  белгілі 
жақты,  белгісіз  жақты  мағыналарын  білдіретінін,  олардың  тілдегі 
көрінісіне  тоқталған.  Сонымен  қатар  жақсыздық  ұғымына  ерекше 
тоқталып,  бұл  ұғымды  «субъектісіз»  қимылды  немесе  субъектісі 
шектелген  қимылды  білдіретін  етістікпен  байланыстырған.  Бұндай 
қимылды  «жақсыз»  (безличные)  етістік  деп  атап,  ол  логикалық 
тұрғыдан  ғана  өмір  сүреді  деген.  Ал  грамматикалық  тұрғыдан  бұл 
қимылдың  субъектісі  мүлдем  жоқ  және  болуы  да  мүмкін  емес  дейді. 
Сонымен  «жақсыз»  етістіктер  жақ  категориясымен  тікелей  қатысты 
деген  пікірге  келеді.  Етістіктің  жақ  мағыналарының  арасындағы 
айырмашылықтарды  талдап  көрсетіп,  бұлар  екі  полюсте,  біреулері  – 
жақсыздық ұғымынан алшақ  тұрса, екіншілері  тікелей  көршілес дейді. 
Шынында да белгісіз жақты мағына формаларындағы қимыл субъектісі 
нақты  айтылмайды,  логикалық  тұрғыдан  жақсыз  формаларды 
білдіретін етістіктерге  жақын келеді, субъектіге қатысты болғанымен, 
бірақ  бұл  субъект  көрсетілмейді  немесе  нақты  ойлауға  келмейді  деген 
[52;214-215]. 
Зат  есімдердің    семантикалық  және    грамматикалық  сипатында     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет