К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет70/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

өзгелік,  ырықсыз,  ортақ  етіс.  Етіс  тұлғасы  туралы  арнайы  зерттеу 
жазған  А.Қалыбаева    етісті  бес  топқа  бөліп,  қарастырса    (“Етіс 
категориясы”,  1951),  қазақ  грамматикасында  (2002)  етіс  төртке 
бөлінген.  Осы  бағытты  ұстана  отыра,  етістің  жасалуын  және 
мағыналық қырын анықтауға тырысамыз. 
Жалпы  тіл  білімінде  етіс  (грек.  diathesis-диатез)  –  субъекті  мен 
объектінің  арасындағы  қарама-қатынасты  анықтайтын  етістіктің 
грамматикалық категориясы деген анықтамаға ие [62;25-26]. 
 А.Б.Салқынбайдың  пікірінше,  қызметтік  тұрғыдан  алғанда,  етіс 
өрістерінің  арасында  тұлғалы  етіс  (активті)  –  тұлғасыз  етіс  (пассивті) 
өрісі  ерекше  тұрады.  Бастауыш  позициясындағы  субъектінің  іс-әрекет 


129 
 
жасаудағы  белсенділігін    тұлғаның  қызметімен  байланыстырып,  оны 
тұлғалы  етіс  деп  атаған  да,  субъектінің  орны  объектімен 
алмастырылып,  іс-әрекеттің орындалу амалы белгілі бір субъекті емес 
объект  арқылы  орындалатынын  белгілеу  үшін  тұлғасыз  етіс  деген 
терминді қолданған. Тұлғалы етіс-тұлғасыз етіс өрісі қайсыбір тілдің әр 
түрлі  деңгейінде  кездесетін  (алдымен,  морфологиялық  және 
синтаксистік,  содан  соң  лексикалық)  құрал.  Бұл  құрал  іс-әрекеттің 
субъекті  мен  объектіге  қатыстылығын  көрсету  үшін  қолданылады: 
тұлғалы етісте –  іс-әрекеттің субъекті  тарапынан басталғанын көреміз, 
субъект  бастауыш  позициясында  көрініс  табады;  ал  тұлғасыз  етісте  – 
субъект  жоғарыда  аталған  позицияда  тұрмайды,  оның  орнын  объект 
басады.  Мысалы:  1)  Хан  жарлық  шығартты;  2)  Жарлық  шығарылды 
деген  сөйлемдерде  бірінші  жағдайда  “хан”  сөзі  субъект,  екінші 
жағдайда  субъект  арқылы  берілетін  хабар  объектілік  мән  арқылы 
беріледі  де  өзгеше  таңбаланады.  Дегенмен,  әрекет  иесі  субъектінің 
хан” екендігі контекстік мағына арқылы тыңдаушыға түсінікті болады. 
Тұлғалы 
етіс 
құрылысының 
көрсетілген 
түрі 
(бастауышты-
баяндауышты)  –  бастапқы  –  субъектілі  (субъектіге  бағытталған),  ал 
тұлғасыз  етіс  құрылысы  –  бастапқы-объектілі  (объектіге  бағытталған) 
болып  шығады.  Осыған  байланысты  тұлғалы  етісті  –  предикат  –  іс-
әрекеттің  бастапқы-субъектілі,  ал  тұлғасыз  етісті  –  предикат  –  іс-
әрекеттің  бастапқы-объектілі  бағыттары  ретінде  тануға  болады. 
Сонымен, тұлғалы-тұлғасыз етістердің ерекшеліктерін салыстыра келе, 
оларды привативті қарама-қарсылық ретінде қарастырамыз. Привативті 
қарама-қарсылықта бір мүшенің белгісі болса, екіншісінде ондай белгі 
болмауы мүмкін [62;31-37]. 
А.Б.Салқынбайдың  тұлғалы  етіс  –  тұлғасыз  етіс  жайлы 
тұжырымын негізге ала отыра, тұлғалы етіске өздік, өзгелік, ортақ етіс 
түрлерін, тұлғасызға – ырықсыз етісті жатқызамыз. 
Сөйлемдегі  етістіктің  субъекті-объектілік  қатынасы  шындық 
болмыстағы  объект  пен  әрекет  етушінің  арасындағы  қатынастарға 
сәйкес  келеді.    Грамматикалық  формула  пайымдаудың  логикалық 
формуласына  (жұмысшылар  үй  салып  жатыр)  сәйкестенеді  де,  бір 
жағынан  сөйлемнің  грамматикалық  формуласы  пайымдаудың 
логикалық  формуласына    (үй    салынып  жатыр)  сәйкес  келмейді  де 
қарама-қарсылықта  жұмсалады.  Соңғы  құбылыс  етіс  категориясының 
грамматикалық мәнін ашады. 
Мағыналық  ерекшеліктері  мен  синтаксистік  қызметіне  және 
тұлғалық  ерекшеліктеріне  қарай  етіс  түрлерін  салыстыратын  болсақ, 
ғалым  А.Хасенованың  «Етістіктің  лексика-грамматикалық  сипаты» 
еңбегінде өздік етіс баяндауыш болып тұрған сөйлемнің бастауышында 
әрі субъектілік, әрі объектілік ұғым сақталатын болса, ырықсыз етістің 
бастауышында  тек  соңғы  ұғым  ғана  беріледі.  Ырықсыз  етісте  актив 
субъекті  түсіп  қап,  объектісі  пассив  бастауыш  болса,  өздік  етістің 


130 
 
бастауышы  әрі  актив,  әрі  пассив  болады  деген  пікірді  кездестіреміз 
[63;232]. 
Өздік  етіс  субъектіге  тән  іс-қимылды  білдірсе,  ырықсыз  етіс, 
керісінше,  қимыл  іс-әрекеттің    өздігінен  орындалғанын    білдіреді. 
Мәселен: Әлия таранды, бала киінді, оқушы сұранды, мұғалім ойланды 
(өздік  етіс);  қой  қамалды,  үй  жиналды,  кір  жуылды;  киім  ілінді,  қора 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет