2.4 Мемлекеттік басқарудың түрлері Мемлекеттік басқарудың негізі - адамның, қоғамның басқарудың объектісі ретіндегі орны мен ролін анықтау болып табылады. Осы принциптер бойыншадемократиялық және авторитарлық басқару түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Демократиялық басқару – адам үшін қызмет, жұмыс табиғи жағдай және де ол өзін-өзі басқаруға, бақылауға қабілетті, жауапкершіліктен қашпайтын жағдайдан туындайды. Басқарудың бұл түрі өкілеттілікті бөліп беру функциясына байланысты өзіндік жауапкершілікті көп беруді, шешімдер қабылдауға тартуды пайымдайды. Дискуссия болуы мүмкін, алайда жетекшіні бірауыздан қолдау міндетті емес. Демократиялық басқару - адам – қоғам - мемлекет тізбесі арқылы құрылады. Демократиялық басқару кез-келген мемлекеттік құрылымда болуы мүмкін. Мысалы, монархиялық Англияда барлық қажетті демократиялық институттар бар, ал Жапонияда монархизм, демократизм, коллективизм сияқты элементтер бір-бірімен үйлесіп жатады.
Авторитарлық басқару –орта адамның еңбектен қашатындығынан, мансапқор еместігінен, жауапкершіліктен қашатындығынан өзін басқаруға келісетіндіктен туындайды. Авторитарлық басқаруды жауапкершілікпен бақылау негізінен жоғарғы деңгейде шоғырланған. Жетекшінің өте мол жеке билігі бар, ал оның қарамағындағылар жетекшінің бұйрықтары негізінде қызмет жасайды.
Соңғы кездері тоталитарлық, авторитарлық, либералдық және демократиялық мемлекеттердің классификациясы өте кең қолданылады.
Тоталитарлық мемлекетте адам мемлекеттік машинаның бұрандасы ретінде қолданылады. Тоталитарлық билік басқарушы элитаның немесе диктатордың және оның айналадағыларының қолында болады. Ал қалғандары билік пен басқарудан шеттетіледі. Құқықтық реттеуде «Заңмен рұқсат етілгеннен басқаның барлығына рұқсат жоқ» тәртібі ұстанылады.
Авторитарлық мемлекетке еркінділік пен заңдылық элементтерінің шектелген мөлшерде болса да енуімен тоталитарлық мемлекеттен ерекшеленеді.
Либералдық мемлекет қоғам өмірінде мемлекеттің мәнін төмендететін, либералдық ойлар мен доктриналардың негізінде құрылады. Либералдық мемлекетке мемлекеттің жеке сфераға негізсіз араласуына рұқсат бермейтін, құқықтық автономиядағы тұлғаға жағдай жасалады, бірақ үнемі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалатындығына кепілдік жоқ, «Заңмен рұқсат етілмегеннің, бәріне рұқсат» тәртібі жүргізіледі. Дегенмен де саяси жоспарда мемлекеттік және қоғамдық қатарды өзгертуге бағытталған іс-әрекеттерге рұқсат жоқ.
Демократиялық мемлекетте мемлекеттің және қоғамның өзге істерінің шешімдеріне азаматтардың толық араласуына жағдай жасалады, барлық маңызды мемлекеттік органдар халықпен сайланады және халықтың бақылауында болады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары толығымен заңмен кепілдендірілген. Бұл жерде мемлекет қоғам мен тұлғаға қызмет етеді.
Қарастырылып отырған классификацияның ғылыми және тәжірибелік мәні бар екеніне күмән жоқ. Оның ең негізгі шарты саяси, нақты, мемлекеттік-құқықтық тәртіп болып табылады.
Мемлекеттік құрамына кіретін әкімгершілік, ұлттық мемлекеттік басқару жүйесінің бірліктері мен орталық билік органдары арасындағы қарым-қатынастар нысаны бойынша басқару координациялық немесе субординациялық болуы мүмкін. Координациялық басқару федерациялық немесе конфедерация формасында жүзеге асырылады. Федерацияның мемлекеттік билігінің бірыңғай органы болса, конфедерацияның биліктік бірыңғай органы болмайды. Федерация мүшелерінің жеке конституциясы, заңдық, атқарушылық, сот органдары болады. Сонымен қатар, мемлекеттік билік пен басқарудың бірыңғай федералдық органдары құрылады. Мысалы, Ресей федеративтік мемлекет болып табылады және де федерация субъектісі мен жергілікті өзін-өзі басқарудың түрлі формаларын қосады.