Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы М



бет30/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы объективтік жағдайлармен және мемлекеттің өзіндегі қоғамдық даму факторларымен құрылады. Тұрғындарды аумақтық және өндірістік принциптер бойынша бөлу мемлекеттік аппараттың ұйымдастырушылық құрылымының қызметтік болмысын анықтайды. Объектілік негіз бойынша қоғамның экономикалық, әлеуметтік және әкімшіліктік-саяси саласы қалыптасып отыр. Аталған салаларда мемлекетің қызметі жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқару органының ішіндегі басқа да субъективтік факторлар мен жағдайларға мемлекеттік аппараттың кадрын атауға болады. Олардың дайындық деңгейлерінен және құзыреттіліктеріннен мемлекеттік басқарудың сапасы мен басқару тиімділігі тәуелді болады. Кадрдың құзыретінің төмен болуы мемлекеттік аппараттың теріс жақтарын, мемлекеттік аппараттағы басқарушылар санының артуын тудырады.
Оқу және ғылыми әдебиеттерде «мемлекеттік органдар» (мемлекеттік органдар), «мемлекеттік аппарат», «мемлекеттік механизм» түсінігі кең қолданылады. Аталған түсініктер өзара байланысты, мемлекеттік басқарумен бір желіде тұр мемлекеттік билікті жүзеге асырудың ұйымдастырушылық формаларын көрсетеді, арнайы белгілері бар (биліктің, органның, адамның ерекше разряды) осының барлығы кейбір авторларға мемлекет механизмін және мемлекеттік аппаратты бір түсінік ретінде қарауға мүмкіндік береді3.
Мемлекеттің басқарушылық қызметтерінің органдар арасындағы ғылыми негізделген түрдегі бөлінуі мемлекеттік органдар арасындағы рөлдері мен орнын міндеттері мен қызметін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Онда мемлекеттік орган өз еркімен немесе басқа да органдармен бірігіп шешім қабылдау аясы шектеледі. Егер де органдар арасындағы өзара әрекеттестік бір жүйе ішінде болса (мысалы, атқарушылық сот, прокуратура) онда өзара бағыныштылыққа басқарушылық шешімдердің үйлестігігіне, шығын мен ара салмақ механизміне негізделеді.
Мемлекеттік органдар нақты бір сапалық қасиеттерге ие. Оларға мыналар жатады:
а) мемлекеттің еркімен және заңнамалық ретпен органдар құру;
ә) мемлекеттік аппарат құрылымында орган орны мен рөлін анықтау;
б) мемлекет қызметінің міндетінен шығатын әрекеттің мамандандырылған қызметтері мен ұйымдастырушылық формаларын жүзеге асыру;
в) тиісті қызмет саласында мемлекеттік-биліктік уәкілеттіктер беру;
г) заңмен бекітілген ұйымдастырушылық құрылымның болуы (бөлімше, мемлекеттік лауазымдар және т.б.);
д) кәсіби деңгейде мемлекеттік органның құзырын жүзеге асырушы адамдар тобының болуы (мемлекеттік қызметкерлер);
е) мемлекет атынан және өз атынан әрекет етуші;
ж) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
з) мемлекет тарапынан жауапкершілік.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет