Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет33/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

Мемлекеттік органның құзыреті

Мемлекеттік органның құзыреті туралы мәселе мемлекеттік басқарудағы маңызды мәселенің бірі болып табылады. Әлеуметтік жүйеге мемлекеттік әсер етудің қай аспектісін алсақ та оның тиісті мемлекеттік органмен құзыреттілігінің тікелей байланысы анықталады.
«Құзырет» сөзі латын сөзінен шығып отыр (білім шеңбері, кіріспе, сәйкес болу, дәл келу және т.б.) және тікелей мағынасы бір жағынан аталған адам немесе органның білетін мәселелері, ал екінші жағынан осы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін және іс жүргізуге мүмкіндік беретін (құқықтар мен міндеттер бірлестігі) уәкілеттілік шеңбері. «В.И. Ленин: басқару үшін іс мәнін білу керек» деп жазды...», « ...құзыреттіліксіз басқаруға болмайды»'. Мемлекеттік басқаруда «құзыреттілік» түсінігі ресми заңды мәнге ие. Біз мемлекеттік органның құзыреті туралы, лауазымды тұлғаның құзыреті туралы айтып отырмыз. Басқа жағдайда құзырет түсінігі мемлекеттік емес ұйымдардың басқарушылық (атқарушы-бөлуші) құзыретіне қатысты қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік органдардың құзыреті мәселесі көптеген жылдар бойы талқыланып келеді. Ғалымдардың көзқарастарындағы айырмашылықтар бірінші кезекте құзырет түсінігі құрылымына (құрылым бөліктеріне) анықтама беруден көрініп отыр. Бір жағдайда мемлекеттік органның құзыреті ретінде оның құқықтары мен міндеттерінің бірлігі түсіндірілетін болса, екінші жағынан мемлекеттік орган уәкілеттіліктерінің міндеттерінің бірлігін түсінеміз, үшінші жағынан мемлекеттік орган құзыретіне, сонымен қатар аумақтық шекаралары уәкілеттілік жүргізу шектері де кіреді.
Б.М.Лазарев басқару органдарының басқару құзыреттері мәселелерін арнайы зерттеді, ол құзыретті мемлекеттік органның мемлекеттік билікті жүзеге асыру бойынша басқару уәкілеттілігінің жүйесі ретінде анықтады. Сонымен қатар құзыреттілік элементтері ол басқару қызметтері емес және басқару нысаны емес, ол нақты бір нысанға қатысты заңда көрсетілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру. Құзыреттің басқа бір элементі ол басқарушылық қызмет формасы болып табылады (басқару актілерін шығару құқығы, ресми келіссөздер жүргізу және т.б.).
Мемлекеттік органның құзыреті түсінігінің нақты негізгі белгілерін іздеу теорияны дамыту үшін және мемлекеттік басқару тәжірибесін жетілдіруде принципиалды мәнге ие. Бірінші кезекте құзырет мемлекеттік органның негізгі жағынан ажырағысыз. Шындығында өз саласынан тыс мемлекеттік органның барлық қызметтері өз мағынасын жоғалтады. Өзіне жүктелген уәкілеттілікті жүзеге асыру үшін мемлекеттік орган қажетті билік уәкілеттіктеріне ие болады (құқықтар мен міндеттер) құралдық уәкілетсіз мемлекеттік орган
Құралдық уәкілетсіз мемлекеттік орган бола алмайды. Сондықтан қызмет пен уәкілеттік мемлекеттік органның мәртебесі туралы жарғылық құжатта бір мезетте тіркеледі.
Сонымен қатар мемлекеттік органның құзыры қоғам өмірімен байланысты (экономикалық, әлеуметтік және т.б.). тікелей басқарушы нысан ретінде алдында айтылғандай аталған салалардың құрылымдық элементтері болады (кәсіпорын, ұйым, мекеме) немесе адамдардың өзін өзі ұстауы болады. Онда мемлекет «осындай қоғамдық басқаруды қажет ететіндердің барлығы да қамтылуын қамтамасыз етеді». Олай болмағанда мемлекеттік органның құралдық жағы («өзін өзі ұстауы», «мәселелер шеңбері», «әрекеттер шеңбері») ол басқару нысанының «жобалауы» «айнадағы көрінісі» оның құрылымдары және өндірістік қызметі мүддесі және қажеттілігі, уақытша және аумақтық көлемдегі орган құзыреттілігі.
Мемлекеттік органның құзыреті мемлекеттің құзыретінен шығып отыр. Осы жерде бірнеше органның құзыретін мемлекеттің құзыретінен шығатыны туралы бірнеше варианттарды таңдап алуға болады. Бір жағынан органның немесе лауазымды тұлғаның әрекеті мемлекеттің өзінің әрекеті ретінде қарастырылады, яғни орган уәкілеттілігіне тікелей қатысты немесе лауазымды адамның мемлекеті атынан әрекеті болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті елбасы ретінде, оның жоғары лауазымдық тұлғасы ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына бағыт береді және ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан сөйлейді.
Мемлекеттік органның құзыреті — заңды түсінік немесе оны мемлекет құқықтық формада анықтайды. Ол дегеніміз аталған орган тек қана құқылы емес сонымен қатар оған мемлекет жүктеген қандайда бір уәкілеттілік пен қызметтерді орындауға міндетті екенін көрсетеді. Онда да мемлекеттік орган өз құзыретін орындаудан бас тартпау керек және өз шегінен шықпауы керек. Демек, өз қызметін дұрыс орындамағаны үшін мемлекеттік орган немесе лауазымдық тұлға мемлекет алдында заңмен жауап береді.
Мемлекет қандайда бір органның құзырын анықтау отырып осы арқылы оған тиісті әрекеттер жасауға уәкілеттілік береді, оның әрекет ету шектерін анықтайды. Мемлекеттік орган өз кезегінде өз бастамасын көрсетуі керек, өз белсенділігін көрсетіп және өзіне жүктелген қызметті орындаудағы жауапкершілігін көрсетуі керек. Лауазымды тұлға өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуден бас тартқан жағдайда немесе жоғарғы орган төменгі органның құзыретіне жататын мәселені шешетін жағдайға жол беруге болмайды. Органның белсенділігі мен жауапкершілігі мемлекеттің құзыреттілігімен тікелей байланысты. Қазақстанның 2050 жылдарға арналған Стратегиясында мемлекет пассивті бақылаушы емес деп бас айтылған. Керісінше «Ол заңдарды бақылау үшін өте күшті болуы керек, құзырлы және әлемдік және отандық нарықты білетін, олқылықтар мен салақтыққа жол бермеу үшін өз жұмысын белсенді түрде жоспарлаушы болуы керек. Сонымен қатар әр түрлі тұрғын топтары мүдделерін анықтап, жеке сектормен тығыз қызметтестікте болуы керек және даму басымдықтарын анықтау арқылы қоғамды біріктіру керек.
Мемлекеттік органның құзыреті оның кеңестіктік және уақыттық шектеулеріне тікелей байланысты. Мемлекеттің кеңістіктік шектері республиканы әкімшіліктік-аумақтық бөлумен және басқа да факторлармен байланысты (табиғи орта, өндіріс нысандарын орналастыру, тұрғындар саны және т.б.).
Қызметі бірнеше неғұрлым маңызды қызметтерді орындауға бағытталған шағын және кәсіби Үкімет құру.
Стратегия негізінде әрекет ету бағдарламалары бойынша жұмыс жасау. Бұл жерде республиканың әлеуметтік экономикалық дамуындағы стратегиялық жоспарды жасау туралы айтып отырмыз.
Нақты түрде қалыптасқан ведомства аралық координация. Мемлекеттік басқарушылық практика министрліктер мен ведом­ствалар арасындағы координацияның жоқтығын көрсетіп отыр, сонымен қатар аумақтар арасында координацияның жоқтығын көрсетіп отыр, ол республиканың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі дағдарыстың басты себептерінің бірі. Министрліктер арасындағы қайта орталықтану, орталықтан аумаққа және мемлекеттен жеке секторға орталықсыздану. Осы мемлекеттік басқаруды қайта құру бағыты министрліктер мен ведомстваларды өздеріне тән емес қызметтен босатуды көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет