3.. Мемлекеттік органды құру реті Жоғарыда айтылып өтілгендей мемлекеттік аппарат көптеген мемлекеттік органдарды қамтиды, олар өзара қызметтік міндеттері жағынан, уәкілеттіктері, қызмет әдістері мен формалары жағынан ерекшеленеді. Сонымен қатар бастапқыда жеке мемлекеттік органның құрылудағы жекелігі түсінігін анықтап алған дұрыс, сонымен қатар органды қысқарту мен жоюды жүзеге асыруды анықтап алған жөн.
Оқу білім, ғылыми және анықтамалық әдебиеттерде мемлекеттік органға әр түрлі анықтамалар берілген. Бір жағдайда – ол ұйымдастырушылық бірлігі бар және арнайы мақсаттағы (заңнамалық, атқарушылық, сор органдары бар) мемлекеттік құрылым. Екінші жағдайда мемлекеттік орган мемлекеттің механизмінің құрылымдық бөлігі ретінде қарастырылады, оның заңнамаға сәйкес жеке құрылымы, нақты бір қоғамдық саланы басқару бойынша қатаң түрде анықталған уәкілеттілігі бар және басқа да мемлекеттік бөлімдермен өзара әрекеттестікте болады және бір тұтасты құраушы. Үшінші жағдайда мемлекеттік орган мемлекеттік аппараттың жеке бөлімін құраушы ретінде қарастырылады, ол мекеме ұжымы түрінде жеке құзыреттілігі бар. Ашық қызметтер атқарушы, оның құрылымы мен қызметі құқықпен реттелген. Төртінші жағдайда мемлекеттік басқару органы бірінші кезекте әлеуметтік ұйымның бір түрі ретінде – әкімшіліктік еңбек ұжымы, күрделі топтар құрылымын көрсетеді, ол ресми және ресми емес; ол мемлекеттік басқару саласында нақты бір қызметтік міндеттерді орындауғы міндетті. Мемлекеттік органның басқа да анықтамалары бар, олар авторлардың аталған мемлекеттік басқару түрінің болмысы мен негізін көрсетеді.
Мемлекеттік орган басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардан ерекшеленеді (кәсіпорын, мекеме, организация және т.б.). Қазақстан Республикасының Заңнамасында мемлекеттік басқару мен бақылауға уәкілеттілік берілген, анықталған заңнамалық ретпен құрылған мемлекеттік органға және мемлекеттік мекемеге анықтама беруге тырысқан.
Мемлекеттік органның құрылтайшысы Президент тұлғасындағы Президент, Үкімет, астана әкімдіктері, облыстар, республикалық маңызды қалалар болып табылады. Құрылтай құжаттары ол мемлекеттік органды құру туралы акті және ол туралы Ереже болып табылады. Мемлекеттік органды қаржыландыру тек қана мемлекеттік бюджет есебінен ғана жүргізіледі. Анықталған ережеге сәйкес мемлекеттік органның штаттық құрамы мен құрылымы бекітіледі.
Мемлекеттік орган заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілдегі атауы жазылған мөрі және мөртаңбалары болады, анықталған үлгідегі бланктары сонымен қатар заңнамаға сәйкес банкта шоты болады.
Мемлекеттік орган өз атынан азаматтық құқықтық қатынастарға түсе алады. Мемлекеттік орган мемлекет атынан оған заң арқылы уәкілеттілік етілген болса ғана азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан түсе алады.
Мемлекеттік органды құру барысында оның қызметтері, негізгі міндеттері мен уәкілеттілігі міндетті түрде анықталады. Органның қызметтері мемлекет қызметінен оны нақтылау арқылы және мемлекеттік орган туралы Ережеде нақты анықтау арқылы шығады. Мемлекеттік органның міндеттеріне төменде анықталған міндеттер жатады:
а) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен (егер де мемлекеттік органның қызметі осындай актілермен реттелетін болса);
б) мемлекеттік орган құру туралы актімен;
в) мемлекеттік орган туралы Ережемен. Сонымен қатар оның негізгі міндеттері мен қызметін жүзеге асыруға қажетті органның уәкілеттілігі анықталады. Онда да мемлекеттік органның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес, Президент, Үкімет актілерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен, сонымен қатар мемлекеттік орган туралы Ереже арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның теориясы мен тәжірибесінде жеке мемлекеттік органды құру барысында нақты бір бағыттар қалыптасқан. Ол бағыттар мыналарды есепке ала отырып негізделген:
а) республиканың нақты мемлекеттік орган құруды қарастыратын Конституциясын және басқа да заң шығару актілерін;
ә) басқарушылық әсер барысындағы қоғамдық (ашық) қажеттіктер мен мүдделер және басқарудағы объективтік қажетті қызметтер;
б) қоғам мен мемлекеттің стратегиялық міндеттерін шешу барысындағы басқарудың аталған қызметтері көлемінің және рөлінің кемуі немесе арту қарқыны;
в) аумақтық ерекшеліктер мен жергілікті жағдайлар;
г) органға мазмұны мен сипаты жағынан үйлеспейтін қызметті жүктеуге жол бермеу туралы ереже.