Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Экономикалық теңдікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің қызметі



бет40/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

3. Экономикалық теңдікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің қызметі.


Қоғамда әлеуметтік-экономикалық теңдікті қамтамасыз ету үшін мемлекет бірнеше әдістер қабылдайды. Оның ішінде үш негізгісін бөліп қарастыруға болады. Бірінші әдістің негізі сол, онда дамуды мемлекеттік реттеу, екіншісі қоғамның шығын саясатын жүзеге асыру барысындағы экономикалық және әлеуметтік дамуын реттеу, үшінші әдіс мемлекеттің «ойын тәртібін» анықтауы болып табылады. Ол экономикалық және әлеуметтік процесті реттеудегі құқықтық реттеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі бірінші әдіс ол мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың күрделі жүйесі және оны сипаттау үшін мына мәселелерді анықтап алу қажет:
- салық сала мақсаттары қандай?
- салықты кім төлеуі керек?
- салық кімге және қандай мекемеге қай тәртіппен төленеді?
- салық төлемегені үшін салынатын айыппұл қандай?
Әрине осы сұраққа жауап беру ел бойынша жалпы түрде бола алмайды. Әр әрекетке жеке салық салынады ол әлеуметтік-экономикалық жағдайды көрсетеді, осыған байланысты мемлекетің жаңа заң жүйесін жасауда бастаған украиналық заң шығарушылар алдында қандай күрделі мәселе тұрғанын көруге болады. Алайда олардың жұмыс нәтижесімен таныспас бұрын біз экономикалық түрде дамыған елдердің берген кейбір жауаптармен танысуымыз керек.
Демек, салық салу мақсаттары туралы. Оның негізгі мақсаты мемлекеттік шығынды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджет табысын құру болып табылады.
Мемлекеттік реттеу өзара салық салудан басталады. Ол мемлекеттің экономикалық әрекетке әсер етудегі негізгі құралы болып табылады. Экономикалық әрекеттің қолаушы салықтарды қалай айыруға болады және басқа әрекеттерді шектеуші және кейбір әрекеттерге тыйым салушы салықтарды қалай айыруға болады. Сонымен қатар көлемі жағынан оптималды болатын табыс салығы жеке тұтынуды шектеу арқылы өндірістің артуын тудырады.
Салық салу принциптері, яғни салық салу нысаны қандай? Салық салынатын мүлік қандай (мысалы, жылжымайтын мүлік). Осылардың барлығы тікелей салық салуға жатады.
Салықтың екінші түрін тұрғындар төлейді, ол игілікке пропорционалды, ол мемлекеттің әрекетінен алынады, яғни азаматтар тиімділігі тұрғысынан салық салынады. Мысалы, жергілікті жолдардың жақсы сапалы жағдайына бірінші кезекте автомобиль жүргізушілері мүдделі болады. Олар салық төлейді, ол салық жолды пайдалану шығындарына жұмсалады.
Сонымен қатар нақты бір тауар мен қызметті сатып алушылар төлейтін салық түрлері бар. Олар акциз деп аталады немесе акциздік жинақтар, олар алкоголь, темекі өнімдерін сатып алу барысында салынатын салықтар.
Табыс пен мүлікке салынатын тікелей салыққа қарағанда, сатып алушылардың пропорционалдық игіліктер салығы және акциздік салықтар сату салығын көрсетеді және олар жанама салық болып табылады.
Салық салу мақсатынан салық салуға міндетті субъектілер анықталады. Олар кәсіпорындар, жұмысшылар, сатып алушылар.
"Қанша төлеу» мәселесіне келетін болсақ бай тұрғындар салық төлеу барысында табыстарының жартысынан айырылады, ал кедей тұрғындар керісінше табысынан айырылмайды.
Салық салу жүйесі арқылы мемлекет нақты бір деңгейде өндірістік қызметті реттейді, өндірушілердің таза табысы көлемін реттейді, сонымен қатар мемлекеттік басқару құрылымындағы жеке табысын реттейді. Қазақстан экономикалық және әлеуметтік реттеуде енді ғана тәжірибе жинақтап келеді. Салық салу жүйесі құрылу үстінде.
Барлық бюджеттік шығындарды топтар ойынына бөлуге болады. Біріншісі қорғаныс және шетел істері шығындарымен байланысты, екіншісі экономиканы реттеумен байланысты, ал үшіншісі әлеуметтік реттеумен байланысты. Қорғаныс шығындары және т.б. шетел істері мемлекет үшін дәстүрлі шығындар, оны осы шығын топтарын біз қарастырмаймыз.
Шығынның екінші тобы экономиканы реттеуге қызмет етеді. Мемлекет экономикалық субъект ретінде өзінің экономикалық саясатын жүргізеді, оған бірнеше міндеттер мен оны шешу механизмдері кіреді.
Қаржылық саясаттың негізі бюджеттік қаржыны мемлекет анықтаған мақсаттарға жұмсау болып табылады. Оған бірінші кезекте жалпы экономикалық, жалпы ұлттық сипаттағы мақсаттар жатады. Ол материалдық өндірістегі қазіргі заманға сай саланы құру және оны дамыту болып саналады. Осы міндеттерді жүзеге асыру өндірісі диверсификацияланған жекелеген ірі корпорацияларға қолжетімсіз.
Мемлекет қаржыландыратын мақсаттар әдетте кешенді сипатта және бірлескен экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуді көрсетеді. Ол үшін әдетте бірнеше жылға есептелген мемлекеттік бағдарламалар қабылданады.
Қаржыландыру механизмінде маңызды орынды қаржыны тегін бөлу маңызды орынға ие, олар субсидиялар. Ол бірінші кезекте қаржылық түрдегі көмек, оны мемлекет бюджеттік қаржы есебінен жергілікті кәсіпорындарға бөледі. Мысалы ол мемлекеттің ауыл шаруашылық бағаларын реттеу үшін бөлетін субсидиялары. Субсидиялар басқа да салалардағы жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін бөлінеді.
Кредиттік саясат мақсаты кредитті және қаржылық айналысты реттеу. Ол міндет әдетте Ұлттық банк арқылы шешіледі. Кредитік саясатты жүзеге асырудың басты құралы мыналар болып табылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет