3. Мемлекеттің саяси режимі - мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері болып табылады. Саяси режим демократиялық және демократиялық емес болып бөлінеді. Демократиялық режим – барлық халықтардың теңдік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтық болуы. Бірақ демократияның даму жолы өте ұзын, сондықтан демократиялық режимдері күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, Исландия) және демократия әдістері енді қалыптасып келе жатқан елдер (Қазақстан, Оңтүстік Корея). Демократиялық емес режим – халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Бұған фашистік режим, әскери режим, расистік режим, шіркеудің күшті режимі, авторитарлық режим жатады.
4.2 Қазақстан Республикасындағы билік жүйесі
Қазақстан өз дамуындағы іргелі міндеттерінің бірі ретінде қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық мемлекетті құруды жариялады. Азаматтық қоғамды дамыту мұндай мемлекеттің ядросы болып табылады. Демократиялық мемлекет және еркін қоғам бұл ең алдымен мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігі. Сондықтан да мемлекеттік басқару жүйесіне және мемлекеттік шешімдерді қабылдауға азаматтық қоғамның қатысуы маңызды болып табылады. Бұдан бөлек азаматтық қоғам институттары ең алдымен мемлекеттік биліктің қызметі мен олар қабылдап жатқан шешімдерге азаматтық бақылаудың тетігі болып табылады. «Әкімшілік реформалардың басымдығы қазір де көкейкестілігін жоғалтқан жоқ. Ең алдымен бұл - билікті орталықсыздандыру. Біздің елімізде әкімшілік реформа табысты жүзеге асырылуда. Атқарушы органдардың орталық органдары өз функцияларының көп бөлігін өңірлерге беруде. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және билікті орталықсыздандыру бұл күрделі жүйелі үдеріс. Барлық жүйелі үдеріс сияқты ол жүйелі және жоспарлы негізде жасалуы тиіс».
Адам мен азаматтардың қазіргі құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімінде (10-39 баптарында) бекітілген. Оларды іске асыру, бұлжытпай орындау, бақылау Президенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің қолында [22].
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда мемлекеттің барлық белгілерін құру Қазақстан мен ТМД елдерінде мемлекеттік басқару жүйесін жаңа түрін қалыптастыруды басынан бастауға тура келгенін айта кету қажет. Бюрократияландырылған, орталықтандырылған кеңес жүйесі республикалардың дербестігіне жол берілмеген басқарудың ескірген тоталитарлық нысанын қалдырды.
Дегенмен, мемлекеттік басқару жүйесінің әлемдік қолданылған стандарттарды зерттеу және бекіту, мемлекеттік қызметті қалыптастырудың халықаралық қағидаларын қолдану, азаматтық қоғамның институттары ретінде жергілікті басқару және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін дамыту арқылы жоғарыда аталған кедергілерден шығудың бірден-бір жолы болып табылды. Осылайша, өткен жылдар ішінде мемлекеттіліктің негізгі институттарының саяси-құқықтық мазмұны өзгерді. Президенттік институт мемлекеттік жүйеде негізгі орынды алды, ол ел ішіндегі жағдайға, мемлекеттік биліктің барлық үш тармағының келісіп жұмыс істеуіне, ішкі және сыртқы саясаттың қалыптасуына ықпал етеді.
Заң шығарушы билік институты да өзгерді. Бір палаталы Жоғары Кеңестен екі палаталы Парламентке ауысуы жүзеге асырылды. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі қағидалар мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға құқылы.
Атқарушы билік Үкіметтің тікелей басшылық етуімен қызмет етеді, оларға күнделікті мемлекеттік басқару, заңдардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу, экономикалық реформаларды жүзеге асыру жүктелген.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Вебер М. Политика как призвание и профессия //Избр. произведения. М.: Прогресс, 1990. С.665.
2. И.А. Василенко. Административно-государственное управление в странах запада: США, Великобритания, Франция, Германия.-Москва.: «Логос», 2001.
3. Гумплович. Л. Общее учение о государстве / СПб., 1910.- с.47.
4. Нерсесянц B.C. Общая теория права и государства. М., 1999. С. 78.
Лекциялық тақырып №8. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Достарыңызбен бөлісу: |