Нарықтық экономика мен әлеуметтік жағдайда нақты бір салаларда бәсекелестік болуы мақсатты емес. Ол өндіріс көлемін таңдау еркіндігін көрсетеді (кәсіпорын көлемін). Егер де қоғамдағы қуатты экономикалық тұрғыдан минимумға жеткізетін болсақ, онда бөлінбеушілік фактісі туындайды. Мысалы, электростанциялар мен желілер, электр беретін құрылғылар осы тауарға деген нарықтық сұранысты минимальды көлемде қанағаттандырады. Басқаша айтқанда егер де экономикалық мақсаттылық нақты бір тауарға деген сұранысты бір кәсіпорын қанағаттандыратын болса онда «табиғи монополия» туындайды.
Кейбір адамдар идеяға меншіктік сақтап қалатын жағдайлар да кездеседі, немесе табиғи монополия болады. Бір жағынан өндіріс көлемін кеміту мүмкін болса сапаны төмендетіп бағаны арттыру мүмкін болады, ал екінші жағынан өнім бәсекелестік нарықтық экономикаға шыққанда ұтылады. Ондай жағдайда осындай кәсіпорындарға субсидия беріледі; ол шығыны бар қызметтердің орнын толтыру.
Ол «табиғи монополия» тарапынан қасақаналық жасаудың алдын алу үшін мемлекет тарапынан араласу жұмыстары жүргізіледі, атап айтқанда:
- тиісті бір жеке кәсіпорындарды мемлекеттік бақылау (ол бағаға, табысқа, сапа мен жеткізу жағдайына қатысты);
- ұлттандыру (мемлекет иелігіне алу) яғни кәсіпорынды мемлекеттік ету.
Монополизм нарықты бұрмалайды, ол өндіріс көлемін қолдан кеміту арқылы бағаның өсуін тудырады. Осыған байланысты үкіметтің араласуы қажет болады ол монополия әсерін төмендету үшін қажет.
Көріп отырғандай себептері еркін баға құруға кедергі, нарыққа және бәсекелестікке кедергі қазіргі заманғы дамыған экономиканың ажырағысыз бөлігі ол мемлекеттің араласуымен жойылады, нарықты мемлекет реттейді. Ол нарықтық қатынастарды нақтылаушы құқықтық актілер көмегімен, мемлекеттік сектордың қаржылық дамуы арқылы, келісімшарт қатынастарын кең қолдану арқылы, мемлекеттік секторды, ғылым мен мәдениетті, білім беруді қаржыландыруды дамыту арқылы, тұрғындарды салықтық, кредиттік, банктік жүйелер арқылы әлеуметтік қорғау арқылы, осы мақсаттарға жету үшін баға құру арқылы нақты мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы қол жеткізіледі.
Сонымен нақты әрекет етіп отырған экономикалық жүйелер нарықтық принциптері бар жүйе болып табылады, олар нарықтық нақты бір заңдарына негізделген (сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік және т.б.) және мемлекеттік реттеу механизмдеріне негізделген. Осы бастамаларды санмен анықтау өте қиын, алайда оған тырысқандар бар. Мысалы, К.Макконнелл және С.Брю АҚШ ұлттық өнімінің 4/5 бөлігін нарықтық экономика қамтамасыз етіп отыр деп санайды, ал қалған өнімді үкімет атынан қамтамасыз етіп отыр деп санайды. Кәсіпорынды қаржыландырудан басқа үкімет бірнеше әлеуметтік сақтандыру бағдарламаларын жүзеге асырады, оның негізгі мақсаты экономиканың жеке секторындағы табысты қайта бөлу болып табылады. Статистика көрсетіп отырғандай салық және үкіметтік шығынның жалпы көлемі (тауар мен қызметті сатып алу, әлеуметтік бағдарламалар бағасы) ұлттық өнімнің көп бөлігін құрап отыр. Оған реттеуші шараларды қосу керек, олар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын еңбегін қорғауға бағытталған, бос жұмыс орынына тең түрде қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған, экономикалық салада жүзеге асырылатын бағаны құруды бақылауға бағытталған.