I l l mapay
Мәдениеттер тоғысы және
тогысу мәдениеті (Ацпараттыц-
реттеуші м щ сат т ағы
мдтіндер арцылы жеке тулганы
цалыптастыру)
§ 1. Мәселенің қойылуы
Кітаптың аты айтып тұрғандай, ол толығымен мәдениетаралык,
коммуникацияға, яғни мәдениеттер тоғысына арналған. Бұл бөлім
де сол мәселеге арналып отыр. Бірақ
мұндағы басты әңгіме мәде-
ниеттер тоғысы емес, керісінше тоғысу мәдениеті жайында болмақ.
Тараудың әуезді атауымен қатар (дегенмен оны тым ерекше дей
алмаймыз: Р. Якобсонның «Поэзия грамматикасы мен грамматика
поэзиясы» кітабынан кейін бұл модель қораштау көрінді), тоғысу тіл
мен мәдениеттің өзара ықпалдастығы саласына көбірек назар ау-
дарады. «Қоғамдык, тұлғаны» қалыптастыруда бұл саланың ықпалы
аса зор болғанына
қарамастан, өте аз зерттелгені таңғалдырады.
Бұл арна өркениетті қоғам деп аталатын әлемде прогреске мүл-
де жатпайтын әрқилы сөз құрсаудан тұратын түпнұсқалармен адам-
ды қоршап алады: «өркениеттілік» қаншалықты жоғары болса, сөз
де соншалықты көп.
Осыған орай, екі түрлі лебіз ойға оралады. Бірі - менің бала күн-
нен бергі досым Алик Карельскийдің жарыққа шықпаған өлеңінің
бірінші жолдары (филология ғылымдарының докторы, профессор,
әдебиет сыншысы,
аудармашы, ақын Альберт Викторович Карель
ский, 1994 жылы кенеттен дүние салды):
«Человека всегда окружают слова:
Иногда - как смола, иногда - как трава».
(Әрқашанда адамды сөз қоршаған
Кейде қара шайырдай, кейде шептей).
Екіншісі - неміс әдебиетінің классигі Э.Т.А. Гофманның: «Мә-
дениет өскен сайын, бостандық та азая бермек» («Je mehr Kultur,
desto weniger Freiheit») деген пікірі.
278
Демек, адамды үнемі сөз қоршап жү-
реді, сөз көбейген сайын еркіндік азаяды,
бірақмәдениетартады.
Бізді қоршаған сөз-
дер мен мәтіндер, сансыз хабарландыру-
лар, нүсқаулықтар, үндеулер, инструкция-
лар мен постерлер,
плакаттар біздің
мінез-күлқымызды реттеп қана қоймайды,
әрбір қадамымызды анықтайды, тек ңана
ақпараттандырмайды, сонымен бірге тый-
ым салады,
рұқсат береді, оятады, сақтан-
дырады, өтінеді, қорқытады, үміттендіреді,
сондай-ақ біздің өмір сүру салтымызды,
менталитетімізді, ұлттык, мінезімізді анық-
тайды. Демек, әлеуметтік әлемді,
бізді бұл
әлемнің өкілі ретінде нацты түлға етіп қа-
лыптастырады.
Шын мәнісінде, біздің қоғамдық тәрті-
біміз бен әлеуметтік «имиджіміз» (қазір
орыс тілінде осылай сөйлеу әдетке айналған) біз түйсініп болмай-
тын қағидалармен айқындалады. Ол ережелер
бізге сол сәтте сол
жерде нені жасау, нені жасамау керек екеніне жол сілтейді.
Демек, тоғысу мәдениеті - адамға ақпараттық-реттеу лексика-
сының мәдени ықпалын ашушы метафора.
Тілдің бұл қабаты аса ауқымды және алуан түрлі («мәдениет
көбейген сайын...»), сол себепті де бүл жүмыста оның кейбір тур-
лер! - бейнені толықтыру мақсатында және оған назар аударту үшін
ғана үстірт аталып өтіледі. Ал қалғандарына жан-жақты тоқталатын
боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: